Қызметтік күйзеліспен күресуде

Жаңалықтар
12.08.2016, 16:54
 Қызметкерлердің денсаулығын сақтау – темір жолда бірінші кезекте тұрған мәселе.  Соңғы жылдары ұлттық компанияға қарасты мекемелердің күнделікті жұмыс тәртібіне бұл бағытта елеулі жаңашылдықтар да ене бастады. Осындай ілкімді шаралар «Вокзал-сервис» АҚ филиалдарында да орын алуда. Атап айтқанда, Аягөз вокзалының қызметкерлері арасында күйзеліске және стресске жол бермеу мақсатында спорттық һәм сауықтыру іс-шараларын ұйымдастыру күн тәртібіне енгізіліпті. Әлия Балабекова жетекшілік ететін аягөздік ұжым шағын болғанымен атқаратын істері қомақты. Оның үстіне теміржолшылар еңбегі қызметтік стресске толы болғандықтан да көңіл күйдің орнықтылығына және спорттық жаттығуларды орындауға ерекше мән беріледі. Қазіргі таңда Аягөз вокзалында 16 адам еңбек етуде. Жолаушыларға көрсетілетін сервистік қызметтің артуымен қатар, қызметкерлердің  әлеуметтік һәм моральдық тұрғыдағы ахуалының жақсаруы бағытында  ұжым мүшелері жұмыс барысында гимнастикалық жаттығулар жасап, тынығуды да ұмытпайды. Бұл мекемедегі еңбек қауіпсіздігін сақтаудың басты талаптарының бірі. Сонымен қатар, жоспарлы жұмыстар аясында теміржолшылардың табиғат аясына демалуға шығып, мәдени мекемелерге экскурсия жасауы да енгізілген. Ал мұның сыртында спорттық шаралар мен сайыстар да бар. – Әрбір теміржолшы еңбектерінің өнімді болуын қалайтын болса, демалысын да дұрыс ұйымдастыра білуі тиіс. Ауысыммен жұмыс істейтіндіктен әрі стресстік жағдайларға жиі жолығатындықтан біздің қызмет психикаға түсетін жүктемеден арылып тұруды талап етеді. Сол себептен де, күнтізбелік жоспарға сай қызметкерлерімізді тынықтырып, демалдырып тұруға ерекше мән береміз, – дейді вокзал басшысының міндетін атқарушы Жанар Көкебаева.

Қуаныш ҚОЖАЕВ, Семей

Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды