Динар МЕЙІРМАН, Шымкент
Вокзалдар жаңаруда
1 мин чтения
Оңтүстікте вокзалдар жаңаруда. Жыл басынан бері Шымкент, Манкент вокзалдары ағымдағы жөндеуден өтті. Қазіргі таңда Түлкібас вокзалының есік-терезесі әрленуде.
Биыл Түлкібас ауданының құрылғанына 90 жыл толады. Мерейтой қарсаңында қонақтар келеді. Сондықтан вокзалдың ішкі-сыртқы келбетіне орташа жөндеу жүруде. Бірақ, күрделі жөндеу жүргізуге тапсырыс берілген. Бұйырса, 2019 жылдың жоспарына еніп қалады деп отыр басшылық. Осыдан кейін ағымдағы жөндеу Арыс вокзалына жүргізіледі деп күтілуде екен.
– Манкент вокзалына толықтай жөндеу жүргізіп, жаңарттық. Шымкент вокзалының перронындағы платформалар ауыстырылып, іші ақталып-сырланып, орташа жөндеуден өтті. Вокзалдың жобалық сметалық құжаты жасалып, күрделі жөндеуден өткізуге 70 млн теңге бөлінді. Қысқасы, алдағы уақытта Шымқала вокзалы елдегі үшінші мегаполис деңгейіне сай болады, – дейді Шымкент магистральдық желі бөлімшесінің вокзал шаруашылығы бойынша орынбасары Есімжан Заңқоев.