Құрық – Жібек жолының тоғысқан нүктесі

Новости
12.08.2016, 17:01
        Маңғыстау облысына іс сапары кезінде ҚР Премьер-министрі Кәрім Мәсімов Каспий жағалауындағы Құрық портында салынып жатқан паром кешенінің құрылыс барысымен танысты. Елбасының тапсырмасымен келген Үкімет басшысына «Қазақстан темір жолы» ҰК» президенті Асқар Мамин паром кешенінің салыну барысы туралы баяндады.             Кешенге Боржақты – Ерсай теміржол желісі мен паром өткелі кіреді. Жоба Маңғыстау облысында «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда және ол Каспий теңізінің порттары арқылы Қазақстанның транзиттік әлеуетін арттыру үшін стратегиялық тұрғыдан маңызды болып табылады. Кешеннің жоспарланған қуаты жылына 4 млн тоннаға дейін жүкті: мұнай өнімдерін, химикаттарды, тыңайтқыштарды, астықты өңдеуді қарастырады. Құрық портында паром кешенін салу 2015 жылдың сәуір айында басталған. 2015 жылдың маусым айында Боржақты – Ерсай теміржол желісі бойынша құрылыс жүктерін жеткізу үшін жұмыс қозғалысы ашылды. 2016 жылдың соңында алғаш іске қосылатын кешенді пайдалануға беру жоспарланып отыр. Ал екінші іске қосылатын кешен нысандарының құрылысы 2017 жылға жоспарланған. Паром өткелінің құрылысы мен оны Құрық портына жақын жағалау инфрақұрылымы нысандарына апаратын Боржақты – Ерсай темір жол желісімен қосу мультимодальдық жүк тасымалын қамтамасыз етеді, бұл өз кезегінде транзиттік жүк ағынын арттырып, республиканың экспорттық әлеуетін ұлғайтады.         «Өткен жылдан бастап Қазақстан ДСҰ мүшесі атанды, бұл бізге әлемдік кеңістіктегі 160 мемлекеттің нарығын ашады, әсіресе, Қытай, Иран, Ресей, ЕО-қа жол ашылады. Бізге осы нарықтарды қалай жаулап алу туралы ойлану керек. ҚР Үкіметі қазақстандық тауарларды сыртқы нарыққа шығаруды қолдау бойынша шаралар кешенін әзірлеуі тиіс. Бұл әрбір облыс, қала, аудан әкімінің басты міндетіне айналуы керек», – деді ҚР Президенті Н. Назарбаев 2016 жылдың бірінші жартыжылдығындағы индустрияландыру қорытындылары бойынша шілде айында өткен кеңесте.          Жекелеген өнім түрлерінің – уран өнімдері, сары фосфор, ұн, титан, мыс, мырыш экспорты бойынша еліміз әлемде көшбасшы орынға ие. Қазақстан әлемнің  200-ден астам елімен сауда-саттық қарым-қатынасын орнатқан. Сыртқы сауда Орталық Азия, ЕАЭО, Кавказ елдерімен аса қарқынды жүрді. Инвестициялар мен даму министрлігінің болжамына сүйенсек, 2020 жылға қарай Қазақстанның экспорт көлемі 13,8 миллиард доллардан 16,5 млрд долларға дейін артады.             Еске сала кетейік, Құрық  портындағы жаңа паром кешені тәулігіне бес паромға қызмет көрсетеді. Сол арқылы жылына 4 миллион тонна жүкті өңдейтін болады. Аталған порттағы ауқымды жұмыстар мен Боржақты – Ерсай темір жол желісі басты жүктер мен сұйық жүктерді мультимодальдық тасымалдауға арналады. Бұл өз кезегінде Каспий өңіріндегі батыс бағдардың экспорттық әлеуетін арттырады. Құрық паром кешені «Нұрлы жол» бағдарламасы аясындағы нысан  ретінде Қазақстанның транзиттік көліктік әлеуетін көтереді. Ұлы Жібек жолының дамуына ықпал ететін бірегей жоба биыл жылдың соңында аяқталып, алғашқы жүк кемесін қабылдай бастайды деп жоспарлануда.  Бұл – бірінші іске қосу кешені, ал екінші іске қосу кезеңі  келесі жылға жоспарланып отыр.  Ұлы Жібек жолының тоғысқан нүктесіне айналады деп күтіліп отырған жобаның болашағы ғаламат зор.

                                                                                            Райхан РАХМЕТОВА

Новости
25.05.2026
Итоги работы КТЖ по развитию ж/д сети и обновлению подвижного состава обсудили в АО «Самрук-Қазына»
Новости
25.05.2026
Машинисты КТЖ предотвратили 20 ДТП на железнодорожных переездах в 2026 году
Пассажирские перевозки
25.05.2026
Самые популярные направления для летнего путешествия на поезде назвали в КТЖ
Пассажирские перевозки
25.05.2026
Более 28 тысяч пассажиров оформили билеты через «Лист ожидания»
Спорт
25.05.2026
Кокшетауские железнодорожники сразились в турнире по бильярду
Регионы
25.05.2026
Карагандинская детская железная дорога открыла сезон
Новости
25.05.2026
Развитие портов Актау и Курык и интеграцию в глобальные цепочки обсудили на форуме в США
КТЖ в лицах
25.05.2026
Начальника участка станции Костанай Авангарда Хакимова проводили на пенсию
Новости
23.05.2026
Сотрудникам центрального аппарата КТЖ продемонстрировали современные технологии модернизации пути
Новости
22.05.2026
Железнодорожники Казахстана и Узбекистана обсудили развитие перевозок и портовой инфраструктуры
Новости
22.05.2026
Казахстан и ЕС обсудили развитие ТМТМ и цифровизацию перевозок
Регионы
22.05.2026
Рацпредложение по оснащению шкафа тепловым тэном для просушки спецодежды внедрили в ВЧД-24
Регионы
22.05.2026
Более 120 уральских школьников прослушали лекции о соблюдении правил безопасности вблизи ж/д путей
Новости
22.05.2026
Снегозащитные ограждения для защиты от бурь установят на участке Коктума
Новости
22.05.2026
Электронный документооборот и логистические хабы обсудили эксперты из Центральной Азии в Алматы
Новости
22.05.2026
Казахстан и Кения укрепляют транспортные связи
Новости / Архив
22.05.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №39 от 22 мая 2026 года
Спорт
21.05.2026
Отбор на участие в корпоративной спартакиаде ҚТЖ по трём видам спорта прошёл в Соль-Илецке
Спорт
21.05.2026
Железнодорожники приняли участие в спортивной эстафете в Экибастузе
Спорт
21.05.2026
Спартакиада по летним видам спорта среди железнодорожников прошла в Караганде