Апат айтып келмейді...

Новости
19.06.2018, 13:47
Жексенбі, яғни 17 маусым күні сағат 13.25-тер шамасында, Жамбыл жол бөлімшесіне қарасты «Шығанақ-Шу» учаскесінің «Жиделі-Бірлік1» телімінде жолаушылар тасымалдайтын Астана-Алматы бағытындағы №9 «Бәйтерек» пойызының 8 вагоны рельстен шығып кетті. Жолаушылар пойызының №0014 электровозын машинист Александр Метанников тізгіндеген екен. Оқиға орнында біз де болып, мән-жайды көзбен көріп, анық ақпарат алуға тырыстық. Пойыз құрамында 18 вагон, оларда 832 жолаушы болған екен. Ал құлаған үш вагонда барлығы 152 жолаушы болған. Апатқа ұшыраған пойыздың жолаушылары жедел түрде бір сағаттан соң келген «Көкшетау-Қызылорда» бағытындағы жолаушылар пойызына және аудан әкімдігі тарапынан ұйымдастырылған көліктерге отырғызылып, Шу станциясына жеткізілген.  Айта кету керек, апат пойыздар қозғалысына еш кедергі келтірмеген.  Өйткені, өткен жылы желтоқсан айында толық іске қосылған Шу-Алматы-1 бағытындағы теміржолдың екінші жолы арқылы жүк және жолаушы құрамалары кедергісіз қатынап жатты.  Жамбыл облысы әкімі Асқар Мырзахметовтің тікелей тапсырмасымен жедел оқиға салдарын анықтау, зардап шеккендерге көмек беру  үшін штаб құрылып, оның төрағасы, облыс әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбеков сол сағатта тікұшақпен оқиға орнына келіп жеткен екен. Сондай-ақ, оқиға орнына  облыстық төтенше жағдайлар қызметінің өкілдері, теміржолшылар, Шу ауданы әкімдігінің өкілдері, жедел жәрдем қызметі санаулы уақытта жеткен. Оқиға салдарынан 2006 жылы туған жасөспірім қайтыс болса, 14 жолаушы медициналық көмекке жүгінген. Ол азаматтар жедел жәрдеммен Шу аудандық ауруханасы мен Шу қалалық ауруханасына жеткізілген. Бүгінгі күні 13 азамат денсаулықтары жақсы болғаннан кейін діттеген жерлеріне аттанып кетіпті. Ал Астана қаласының 48 жасар тұрғынына кеше таңертең ота жасалды. Ал машинист Шу желілік ішкі істер бөлімінде оқиғаға  байланысты жауап беріп, тергеу амалдарымен тексерілуде. Мәселенің мән-жайын анықтау үшін Астанада жасақталған арнайы комиссия бүгін таңертең оқиға орнына жетіп, жұмыс жасап жатыр. Ал телім бойында үш жүзге жуық теміржолшы қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуді қолға алған. Теміржолдың апаттық жағдайда іске қосылатын қалпына келтіру пойыздар да осында. Біз мұнда бірқатар оқиға куәгерлерін және қалпына келтіру шараларының басы-қасында жүрген азаматтармен тілдескен едік. –  Жексенбі күні Жиделі-Шу телімінде тақ бағытында келе жатқан Астана-Алматы бағытындағы жолаушылар пойызы Шу станциясына 20 км жетпей апатқа ұшырады. Оқиға 1500 км, 4,3 пикетте орын алды. Өзіңіз көргендей, апат орнында екі вагон жамбасына құлап, үшінші вагон автосцепка ұстап қалған. Барлығы үш вагон рельстен шығып кетті. Оқиға 12.26-да орын алды. Жедел диспетчерге хабар жеткен соң, қалпына келтіру пойызын көтеріп, барлық жауапты сала өкілдері осында жеттік. Бірінші кезекте адамдарды вагондардан шығарып, алғашқы медициналық көмек көрсету жұмыстары жүрді. Екі жолаушы жедел ауруханаға жөнелтілді. Риза болғаным, халық артық байбалам, үрейге бой алдырмады, бір-біріне көмектесіп, жұмыла қимылдады. Оқиғадан кейін араға бір сағат салып №56 «Көкшетау-Қызылорда» жолаушылар пойызы келді. Автокөліктерден бөлек ол пойызға да жолаушыларды отырғызып, Шуға жеткіздік. Әрине, жұмыстың барлығы «Жолаушылар тасымалы» АҚ басшылығымен келісіліп жүргізілді. Апатқа ұшыраған пойыздың басындағы сау жеті вагонды электровозға тіркеуіміз керек болды. Ал Шу вокзалында жолаушыларды ыстық тамақпен, жатын орынмен қамтамасыз ету ұйымдастырылды.  Бағыттары бойынша жолынан қалмауға тырысқан жолаушыларды автокөліктер мен өткінші пойыздарға орналастырдық, Кешкі сағат алтыға дейін жолынан қалған бірде-бір жолаушы қалмады. Барлығын түгел аттандырдық, – дейді ЖТ-Жамбыл жол бөлімшесі директорының Шу аймағы бойынша орынбасары Серік Каликов. Бір айта кетерлігі, құлаған вагонның бірінде Астана қаласында демалып келе жатқан жиырма шақты оқушы болған екен. Қаскелеңдік бұл оқушылардың барлығы аман-есен. Олардың қауіпсіздігін штаб төрағасы өзі қадағалап, жедел үш көлік дайындалып, жергілікті полиция жасағының сүйемелдеуімен балаларды Қаскелеңге жеткізген.   Оқиға орында болған «Жолаушылар тасымалы» АҚ президентінің даму бойынша вице-президенті Данияр Нұрмағамбетов те алдымен жолаушылардың қауіпсіздігі ескерілгендігін жеткізді. «Пойызда барлығы 832 жолаушы болған. Алдымен 200 жолаушы Шу станциясына жеткізілді. Олар өздерінің қолындағы билеті бойынша Шу вокзалына дейін келуі керек болатын. Ал 488 жолаушы Алматыға жеткізілді. «Жолаушылар тасымалы» АҚ тарапынан арнайы штаб жұмыс жасап тұр», – деді ол. –  Оқиға орын алғаннан кейін жедел сыртқа шығып, барлық жолсеріктермен байланысқа шығып, халықты тыныштандырып, ең алдымен құлаған вагондардың жолаушыларына көмектесуге ұмтылдық. Кейбіреулеріне психологиялық , біреулеріне алғашқы медициналық көмек көрсеттік. Сол арада төтенше жағдай қызметі, теміржолшылар,  жедел жәрдем, жергілікті билік өкілдері келіп жетті. Менің өмірлік тәжірибемде талай жағдай болған. Дегенмен, мен машинистің пойызды жедел тоқтату шеберлігіне риза болдым. Әйтпесе, шығын бұдан да көп болуы мүмкін еді, оны да ескерген дұрыс болар, – дейді №10 «Астана-Алматы» бағытындағы «Бәйтерек» жолаушылар пойызының бригадирі Айман Қойшыбаева. Сондай-ақ, біз оқиғада ауыр дене жарақатын алған Астана қаласының 48 жасар тұрғыны Әліби Байжановтың жағдайын сұрап, Шу қалалық ауруханасына бас сұқтық. Екі аяғы сынған науқасқа таңертең ота жасалады екен. Оқиғаның мән-жайын сұрағанымызда пойыз жедел тоқтағанда вагон ішінде қарбалас болып, құлағанда есін жоғалтқан екен. Қазір жағдайы жақсы, дәрігерлердің қарауында. Теміржолшылар компаниясы жағдайын біліп отыр екен. Ал Шу қалалық ауруханасының травматолог-дәрігері  Александр Новиковтің айтуынша, оқиғадан жарақат алып, дәрігерлерге келген жандарға түгел көмек көрсетіліпті.

Ерман Әбдиев, Шу

Грузовые перевозки
21.09.2026
Зерновой штаб КТЖ обсудил вывоз нового урожая в Костанае и Кокшетау
Регионы
21.09.2026
Профком Карагандинского эксплуатационного локомотивного депо провел встречу со студентами
Новости
21.09.2026
Казахстанские железнодорожники приняли участие в Международном фестивале молодежи-2026 в Екатеринбурге
Новости
21.09.2026
Машинист заметил четырехлетнего ребенка одного в степи
Регионы
21.09.2026
Пожарный поезд КТЖ задействовали при тушении крупного пожара в Костанае
Спорт
19.09.2026
Около 700 человек приняли участие в VI марафоне «КТЖ Марафон – участвуй и Ты»
Новости
19.09.2026
Более 320 столичных железнодорожников приняли участие в субботнике
Пассажирские перевозки
19.09.2026
Международный туристический поезд прибыл из Сианя в Алматы
Пассажирские перевозки
19.09.2026
Нацперевозчик объявил об осенних скидках до 30% на ж/д билеты
Регионы
18.09.2026
Реконструкция трех железнодорожных вокзалов завершена в Кызылординской области
Грузовые перевозки
18.09.2026
Акмолинский филиал АО «Қазтеміртранс» готов к перевозке зерна в период уборочной кампании
Новости
18.09.2026
Горочную централизацию модернизируют на станции Караганда-Сортировочная
Новости
18.09.2026
КТЖ продолжает реализацию масштабной программы по обновлению вокзалов
Регионы
18.09.2026
Акмолинские железнодорожники провели профилактическую кампанию по безопасности движения
Новости
18.09.2026
Казахстанская делегация приняла участие в форуме «Бакту – 2026» в Китае
Регионы
18.09.2026
Количество нарушений безопасности движения на ж/д транспорте снизилось в Алматинском регионе
Новости / Архив
18.09.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №74 от 18 сентября 2026 года
Социум
17.09.2026
Общежитие для железнодорожников обновили на станции Достык
Новости
17.09.2026
Локомотивное хозяйство КТЖ готовится к работе в зимний период
Новости
17.09.2026
Железнодорожники прошли семинар по профилактике коррупции в Алматы