Жаз жайнатып, күн күлдіріп...
Жаз – мектеп оқушыларының тынығып, дем алатын кезі. Оқушылардың жаз қызығын асыға күтетіні де сондықтан. «Балақай» балалар сауықтыру кешенінде семейлік теміржолшылардың балаларының шат-шадыман күлкісі естілгенінің куәсі болдық.
Облыс орталығы Өскеменнен солтүстікке қарай жапырағы жайқалған жасыл шырша мен қатарласа өскен қарағайлар жарыса сап түзеп, жалпақ орманға айналады да, жүз шақырымнан кейін айна көлі жарқыраған атақты «Голубой залив» шипажайына апарады. Осы көлдің жағасынан орын тепкен «Балақай» сауықтыру кешенінің директоры Любовь Андреевна Долгих биылғы жұмыстың ұйымдастырылуына риза екен.
– Теміржолшылардың ұйымшылдығы биыл да байқалды. Балаларды керек-жарақ, құжатымен шашау шығармай жеткізді, қауіпсіздік шараларын бірінші кезекке қойған. Біз де өз тарапымыздан осында болған 15 күнде балалардың дұрыс тынығып, жан-жақты сауығып қайтуына жағдай жасауға тырысамыз. Ойын баласының ішіп-жеуі жеткілікті болуы күнілгері кеңінен ойластырылған, әрі арзан. Күніне 5 рет тамақтанады. Төсек-орын жайлы да тап-таза. Түрлі ойындар мен байқаулар ұйымдастырамыз, әркімнің бейімі мен талантына сай түрлі спорттық жарыстарға тартып, хорда тұрып ән салуға дағдыландыру, тапқырлыққа, талаптылыққа үйрету, қысқасы, балалар уақыттарын көңілді де тиімді өткізетін болады, – дейді ол.
Жеткіншектердің демалысын ұйымдастыруға жауапты жанның бірі Семей жүк тасымалы бөлімшесі кәсіподақ комитетінің төрағасы Асхат Жармұхамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, олардың әрқайсысына аналарындай қамқорлық жасап жүрген кадр бөлімінің мамандары Аяулым Оралова мен Ардақ Тергемесованың еңбегін атап өтті.
– Бірінші маусымға 30 бала жібердік. 15 бала желі бойында тұратын жұмысшылардың отбасынан. Шілденің 26-сы мен тамыздың 8-і аралығында Алматы облысында орналасқан «Спутник» сауықтыру лагеріне демалып келуге тағы 119 балаға жолдама бөлініп отыр. Балақайлардың жазғы каникулын қызықты етіп ұйымдастыру – міндетіміз, – дейді ол.
Ерлан Ғазез, Семей–Өскемен
Регионы
06.10.2026
Память почетного железнодорожника Ерика Жидилова увековечили в Павлодаре
Новости
06.10.2026
Железнодорожники проводят месячник профилактики для школьников
Инфраструктура
06.10.2026
Более 1056 км ж/д путей отремонтировано в Казахстане
Новости
06.10.2026
Еще 18 локомотивов пополнили парк КТЖ
Новости
06.10.2026
Вокзал Алматы-1 готовят к открытию
Новости
06.10.2026
Сауранбаев: Цифровизация сократила ожидание грузов на границе в 10 раз
Новости
06.10.2026
KTZ Express и Maersk представили совместные решения для экспорта казахстанской продукции
Новости
06.10.2026
ҚТЖ представило ИТ-стратегию до 2030 года на форуме Digital Bridge
Новости / Архив
06.10.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №79 от 06 октября 2026 года
Новости
05.10.2026
О ходе дноуглубительных работ в порту Актау рассказали в Минтрансе
Регионы
05.10.2026
Реконструкция вокзала станции Аксу-2 завершена в Павлодарской области
Регионы
05.10.2026
Уральские железнодорожники отметили День пожилого человека
КТЖ в лицах
05.10.2026
Династия Шакеновых: 522 года на железной дороге Казахстана
Новости
02.10.2026
Студенты представили цифровые решения для КТЖ на хакатоне «KTZ – ALT INNOVATION»
Регионы
02.10.2026
Пожарный поезд привлекли для тушения условного пожара на станции Тобол
Регионы
02.10.2026
«Богатырь Көмір» и «Қазтеміртранс» готовятся к увеличению перевозок угля в Павлодарской области
Грузовые перевозки
02.10.2026
КТЖ установило рекорд по погрузке зерна в сентябре
Новости / Архив
02.10.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №78 от 2 октября 2026 года
Новости
01.10.2026
Систему «Smart Диагностика» от КТЖ презентовали на AI & Digital Bridge 2026
Регионы
01.10.2026
Реконструкция вокзала станции Уштобе завершена в области Жетысу