Үшінші мегаполис қақпасы
Новости
13.07.2018, 09:59
Биылғы 19 маусым – Шымкент қаласы үшін тарихта қалатын күн. Себебі, дәл осы күні Елбасы шырайлы Шымқалаға республикалық маңызы бар қала мәртебесін берді. Осыған орай, қос астанадан кейінгі үшінші мегаполис статусына ие болған қаланың бас қақпасы – Шымкент станциясының бүгінгі тыныс-тіршілігіне тоқталғанды жөн көрдік.
Тәулігіне 50 пойыз қабылдап, 50 пойыз жөнелтетін Шымкент станциясы кластық дәрежеден тыс. Осы жылы жүк түсіру 6 айға орта есеппен 101,2 пайызды құрады, бұл 2017 жылмен салыстырғанда 114,2% көрсетіп отыр. Станция ұжымын 2013 жылдан бері тәжірибелі теміржолшы Бердіхан Абдуллаев басқарып келеді. Еңбек жолын 1980 жылы жоғары оқуды бітіріп келіп осы станцияда пойыз құрастырушы болып бастап, маневр диспетчері, станция кезекшісі сатыларынан өткен ол, 17 жыл Шымкент станциясы бастығының орынбасары болып мол тәжірибе жинақтаған. Аймаққа белгілі Абдуллаевтар династиясынан шыққан Бердіхан Жұманұлы, міне, соңғы алты жыл үздіксіз станцияны басқарып қана емес, оның жұмысын өрге сүйреп келеді.
Станция аумағындағы барлық құрылымдық мекемелер басшыларының қатысуымен апта сайын өтетін дәстүрлі «Станция бастығы күні» апта ішінде атқарылған жұмыстар қорытындыланып, келесі аптаға жоспар түзіледі. Ал қандай да бір туындаған мәселелер ешкімге зияны тимейтіндей бірлесе отырып шешіледі.
Станция бастығының ұйымдастырушылық және нақты жоспар құра алатын қабілетінің арқасында пайдалану көрсеткіштері жоспарға сай орындалып жатыр екен. Мәселен, 6 айдың қорытындысы бойынша Шымкент станциясында барлық пайдалану көрсеткіштері жүз пайыздан асыра орындалған.
Алты айдың қорытындысына сәйкес Шымкент станциясында қауіпсіздік толық сақталып, ешқандай жазатайым оқиға орын алмаған. Оқыс оқиғалардың алдын алу мақсатында станцияда профилактикалық іс-шаралар кестеге сай жүргізіліп отырады. Жазатайым оқиға жөнінде келіп түскен ақпараттармен жұмысшылар дер кезінде таныстырылып, жоспардан тыс нұсқамалар, практикалық сабақтар жүргізіледі.
– Шымкент станциясында жүк түсіріп-тиейтін 60 шақты кірме жол бар, қазіргі таңда соның 56-сы жұмыс істеп тұр. Бүгінде станцияда тұрақты түрде 3 маневр тепловозы жұмыс істейді. Бұрын 5 маневр тепловозы болса, қазір жүктің азаюына байланысты көктемнен бастап 4 тепловозға лайық есептелген. Төртінші тепловоз жергілікті жүктер көбейген кезде шығарылады. Бірақ, Шымкенттің үшінші мегаполис атануымен байланысты ендігі жерде құрылыс пен көші-қонның көбеюімен байланысты жүк артады деп күтілуде. Станцияда еңбек ететін 179 адам үшін бұл жағымды жаңалық болып отыр, – дейді Бердіхан Абдуллаев.
Станция басшысы орынбасарларымен бірге жұмыс орындарында жұмысшылардың қауіпсіздік ережелерін сақтауы, жұмыс тәртібін технологияға сәйкес жүргізуіне байланысты жоспардан тыс арнайы тексерулер жүргізіп отырады. Осы алты айда барлығы 32 тексеру жүргізіліп, 7 жұмысшыға тәртіптік жаза түрі қолданылыпты. Оның үшеуі сөгіс, төртеуі ескерту.
Қаланың қақ ортасында орналасқан Шымкент станциясы бүгінде халқының саны миллионға жеткен мегаполистің теміржол көлігіне деген сұранысын өтеуге тырысып жұмыс істеуде. Станция паркінде 23 жол бар, 1-7 қабылдау-жөнелту жолдары болса, 8-20 сұрыптап жөнелту паркі, 21-23 жолдарда – вагондарға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Ал бірінші, екінші, үшінші жолдар, әрине, жолаушы құрамдарына арналған, яғни жолаушылар жөнелтіледі.
Еңбек қорғауға байланысты, жыл басынан бері станция аумағында жұмыс орындарында жөндеу жұмыстары жүргізіліп, осыған сәйкес сайыс ұйымдастырылыпты. Қорытындысы бойынша «Үздік жұмыс орны» номинациясы бойынша 3 жұмыс орны арнайы сыйлықтармен марапатталған. Жұмысшылар арнайы киіммен дер кезінде қамтамасыз етіліп отырады. Оның ішінде жұмысқа алғаш келген жұмысшылар бірінші кезекте қамтылады екен.
Шымкент станциясы қала аумағында орналасқандықтан теміржол арқылы өтетін халықпен профилактикалық іс-шаралар жиі жүргізіліп отырады. Жолға жақын орналасқан елді мекендердің тұрғындарымен, жақын аймақтағы орналасқан мектеп оқушыларымен «Темір жол – қауіпті аймақ» деген тақырыпта ай сайын түсініктеме, арнайы қауіпсіздік сабақтары өтеді. Станция аумағы толықтай қоршалған, десе де бөгде адамдардың темір жолды белгіленбеген жерден кесіп өтуі жиі кездесетіндіктен, арнайы темір жол әскери күзеті мен желілік ішкі істер басқармасымен бірлесе рейдтік тексерулер ұйымдастыру да жолға қойылған.
Станциядағы қым-қуыт тірліктен, оның ішкі «асханасындағы» сан тараулар мен тармақтардан былайша көпшілік хабардар емес. Сіз бен біздің сәтті сапарымыз үшін, жүктердің діттеген жеріне шашаусыз жетуі жолында тынымсыз тер төгіп жатқан теміржолшылар тірлігімен танысқыңыз келсе, түннің жарымында да жылт-жылт еткен бағдаршамдары жанып-өшіп, вагондар мен локомотивтер дүрсілі бір тынбай жұмысы қайнап жатқан Шымкент станциясына келіңіз.
Жансая СЫДЫҚБАЙ,
Шымкент
Регионы
27.07.2026
Семинар по пожарной безопасности завершился практическими учениями в Алматы
Регионы
27.07.2026
«Руки вверх» и «Ирина Кайратовна» выступят на Дне работников транспорта в Экибастузе
Новости
27.07.2026
В КТЖ усилили меры пожарной безопасности и готовность к ЧС
Новости
27.07.2026
КТЖ призвало пассажиров соблюдать правила безопасности на железнодорожном транспорте
Регионы
27.07.2026
Условный пожар потушили в вагоне мобильного диагностического комплекса на станции Сороковая
Регионы
27.07.2026
Доску почёта лучших железнодорожников открыли в Павлодарском регионе
Регионы
27.07.2026
Вокзал Сарыбель открылся после реконструкции
Новости
27.07.2026
Миллионный контейнер отправлен по маршруту Россия – Казахстан – Китай
Новости
27.07.2026
Касым-Жомарт Токаев: железнодорожные перевозки между Казахстаном и Россией достигли 92 млн тонн
Новости
27.07.2026
Президентам Казахстана и России представили цифровые проекты в сфере торговли и логистики
Регионы
24.07.2026
Еще два железнодорожных вокзала открылись после реконструкции в Акмолинской области
Регионы
24.07.2026
Профилактический рейд по безопасности на железной дороге прошел на перегоне Уральск – Жилаево
Новости
24.07.2026
При строительстве линии Мойынты – Кызылжар выполнено 93% земляных работ
КТЖ в лицах
24.07.2026
Почетный железнодорожник Игорь Сенчугов отметил 80-летний юбилей
Интервью
24.07.2026
АО «Кедентранссервис»: новые возможности для логистики Казахстана
Регионы
24.07.2026
Павлодарские железнодорожники приняли участие в учениях по тушению пожаров
Новости / Архив
24.07.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №56 от 24 июля 2026 года
Регионы
23.07.2026
Железнодорожной вокзал станции Жетысу открылся после реконструкции
Регионы
23.07.2026
Павлодарские железнодорожники разъяснили владельцам скота правила выпаса животных
Регионы
23.07.2026
Подготовку к отопительному сезону обсудили в Семейском отделении грузовых перевозок