Көпшілікпен тіл табыса білу де өнер

Новости
16.07.2018, 20:51
3 мин чтения
Үміт Дәуленованың Ақтөбе жүк тасымалы бөлімшесінде кадр қызметіне кіріскеніне бірнеше жыл. Теміржолшылар жұмысы оған етене таныс. Доссор станциясында теміржолшы отбасында дүниеге келген ол осы жұмысқа келгелі көпшілікпен тіл табыса білу де өнер екенін түсінгенін айтады. Өйткені, кадр қызметі – бүкіл жүйенің жүрегі, қан-тамыры сынды. Теміржолшылар, олардың жұмысы, денсаулығы, отбасы, әлеуметтік жағдайы,  барлығы осы кадр қызметімен байланысты болғандықтан, Үміттің бөлмесі таңертеңнен кешке дейін араның ұясындай гуілдеп жатады. Бірі келіп, бірі кетіп жатқан теміржолшылардың бірі демалысқа шығуға арыз жазса, бірі шипажайға жолдама сұрайды. Енді бірі жәрдемақыға құжат жинап жүрсе, екіншісі жұмысқа арыз жазып, үшіншісі зейнеткерлікке шығып жатады...  «Қысқасы, осы уақыт ішінде осы аймақтағы теміржолшыны түгел танып қана қоймай, олардың әрқайсысының отбасын, канша бала-шағасы бар, жағдайын жатқа білетін болдым», – дейді Үміт әзіл-шыны аралас. Одан бөлек, өмір болған соң әртүрлі жағдай болады, теміржолшылардың басына түскен түрлі ауыртпалықты да қызмет барысында көріп, заңға сәйкес материалдық көмектен бөлек, қолдан келгенше моральдық демеу жасауға да тура келеді. Бөлімшедегі кадрлар бөлімінің қызметкерлерін негізінен қыз-келіншектер құрайды. Мұнда да солай. Ол бір жағынана дұрыс та секілді деп санайды кейіпкеріміз. Себебі, оның ойынша, әйел адамдар болған соң жүректері жұмсақ, жандары нәзік келеді де, түрлі жағдаймен кадр қызметіне жүгінген жандардың  жағдайын әйел ретінде түсініп, талап-тілегін орындап, қуантқысы келіп тұрады. «Себебі олардың көбісі бізге түсінікті, отбасы, әлеуметтік жағдайын шешуге келеді ғой» дейді. Сонымен бірге, кадр қызметінің қыз-келіншектері үшін білімдерін жетілдіру маңызды деп санайды Үміт. Барлық нормативтік актілерді түсіндіруге қатысты салалық басылымдар бар, әдебиет те аз емес. Арасында білім жетілдіру курстарына да кезек-кезек барып тұрады. «Кадр қызметі біреулер ойлағандай тіпті де оңай емес. Заң күнде өзгереді. Күнделікті құжат, бұйрық, ол аз болса, өзгерістер мен толықтырулар бар. Соңғы жылдары халықаралық стандарттар енгізіле бастады. Одан бөлек жаңашылдықтар қаншама. Биыл жүк тасымалы бөлімшесі қызметкерлеріне жалақы 10 пайызға өсті. Ұжымдық шартқа сәйкес жеңілдіктер мен тиісті материалдық көмектердің сақталуын қадағалап отыру керек, қысқасы, жұмыс шаш-етектен», – дейді Үміт Дәуленова. Өзінің де отбасы, ошақ қасы бар келіншек үйде бала-шағасының жайын жасап, отағасының қас-қабағына қарайтын әйел екенін естен бір сәт те шығармайды. Екі күн демалыста үй тірлігін жасап, дәмді тамақтар пісіріп, балаларының керек-жарағын түгендеп, тыным таппайды. Биыл қызы мектеп бітіріпті. Тұңғыштарының үлкен өмір жолына жасаған әр қадамын отағасы екеуі үлкен толқыныспен қарсы алғандарын айтып күледі. «Өйтпегенде ше, баланың болашағы, мамандық таңдауы – әрбір ата-ана үшін үлкен жауапкершілк», – дейді ол.   .   Асқар Ақтілеу, Ақтөбе Суретте Үміт Дәуленова  
Пассажирские перевозки
14.10.2026
Более 4 тысяч видеокамер установили в поездах КТЖ
Грузовые перевозки
14.10.2026
КТЖ увеличило перевозки зерна в страны Центральной Азии на 33%
Новости
14.10.2026
Международная выставка TransLogistica Kazakhstan 2026 стартовала в Астане
Регионы
14.10.2026
Железнодорожники провели профилактические рейды на станции Жетысу
Регионы
14.10.2026
Илецкие железнодорожники провели уроки безопасности для школьников Акбулака
Регионы
14.10.2026
В Карагандинском эксплуатационном локомотивном депо готовятся к зимнему периоду
Новости
13.10.2026
Железнодорожники высадили 3 500 саженцев сосны в резервате «Семей орманы»
Новости
13.10.2026
Ревизоры Акмолинского участка провели 532 проверки за девять месяцев
Новости
13.10.2026
КТЖ совершенствует систему производственного обучения
Новости
13.10.2026
Порт Актау установил новый рекорд по контейнерным перевозкам
Новости
13.10.2026
Депутат Курултая оценил доступность ж/д инфраструктуры для маломобильных пассажиров
Новости / Архив
13.10.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №81 от 13 октября 2026 года
Социум
12.10.2026
КТЖ установило 80 модульных зданий для работников магистральной сети
Новости
12.10.2026
Более 400 локомотивов КТЖ оснастили интеллектуальной системой Trip Optimizer
КТЖ в лицах
12.10.2026
Наставники, опыт, преемственность: начальник ПБиЭ Карина Мухтарова рассказала о работе на железной дороге
Новости
12.10.2026
ҚТЖ запустило «Школу безопасности» для школьников Астаны
Новости
12.10.2026
ҚТЖ и Wabtec обсудили совместные проекты по цифровизации и локализации производства
Регионы
12.10.2026
Пожарный поезд станции Костанай задействовали в учениях по ликвидации возгорания в вагоне
Грузовые перевозки
09.10.2026
Экспорт грузов по железной дороге вырос до 69,4 млн тонн
Новости
09.10.2026
Атырауский филиал ВЖДО признали лучшим коллективом в системе ҚТЖ