«Фирмалық» пойыз бастығы

Новости
03.08.2018, 16:12
«Жолаушылар тасымалы» компаниясының жүргізіп отырған саясатының арқасында, соңғы жылдары жолаушы пойыздарының сапасы ғана жақсарып қоймай, жолаушыларға көрсетілер сервистік қызметтің де түр-түрі дамып отыр.    Астанаға қатынайтын №47-48 «Каспий» жолаушылар пойызының шыққанына да он шақты жылдың бедері болып қалған екен. Оған кейін сол кездегі ҚР Көлік және коммуникация министрінің бұйрығымен «фирмалық» статусы берілді. Біздің бүгінгі кейіпкеріміз Өтегенов  Ильяс Есенұлы осы фирмалық пойыздың бастығы болып алғашқы күннен бері қызмет етіп келеді. Ильястың жолаушы тасымалындағы қызметіне келесі жылы 20 жыл толады екен. Алғашында жолсерік, ал 2009 жылдан бері пойыз бастығы болып қызмет етіп келеді. Ақтөбе темір жол колледжін, Қазақ жол қатынасы университетін вагон шаруашылығы мамандығы бойынша өндірістен қол үзбей жүріп бітірген. Қазақстан темір жолына 110 жыл төсбелгісімен марапатталған. Бүгінде Астана мен Атыраудың арасына қатынайтын жолаушы халыққа Ильястың бригадасы да қалтқысыз қызмет көрсетеді. Қазір әрі бұрынғыдай жолдан түсіп қалып, басқа пойызға қайта отыру машақаты жоқ, Елордаға пойыз бар болғаны күн жарымда жетіп барады. Бүгінде жаз уақыты болған соң, тағы қосымша вагондар қосылып жатыр. Мұның бәрі  әрине, пойыз бастығының жауапкершілігін арттырады.   – Жаз маусымы нағыз қарбалас шақ, жолаушы көп, жұмыс көп. Вагонның санитарлық жағдайын ғана емес, жолаушылардың тыныштығымен қатар денсаулығына да жауаптымыз. Ауырып-сырқаса, «жедел жәрдем» шақырып, медициналық көмек алуына жағдай жасаймыз. Адам болғасын әр түрлі болады, біреулер  алғысын айтса, енді біреулер дөрекі сөйлеп, айғай-шу шығарады.  Солардың бәріне де жылы сөйлеп, қабақ шытпай тыныштандыруға тырысамыз. Біздің міндетіміз – жолаушының барар жеріне аман әрі жайлы жетуін қадағалау. Вагондар қосылғасын қазір бригада құрамының саны артты, жолсеріктермен 27 адамға дейін көбейдік, бригадам өз міндеттеріне адал, сайдың тасындай іріктелген жігіттерден құралған, – деп мақтанды кейіпкеріміз. «Жолаушылар тасымалы» АҚ Батыс филиалы, Атырау телімінің бастығы Әлмұқан Есқалиев Ильястың ең тәжірибелі пойыз бастығының бірі екенін жеткізді. «Жолсеріктен өскен жігіт бұл қызметтің барлық «кухнясын» жақсы меңгерген. Жас, жігерлі, жауапты. 2014 жылы Жамансор-Кенбай телімінде Алматы-Атырау бағытындағы жолаушы пойызы аударылған кезде пойызда осы Ильястың бригадасы болған еді. Апатқа ұшыраған барлық жолаушыларға сол кезде көмек жасап, тыныштандырып, бар жағдайды жасады. Сол істің басы-қасында үлкен жауапкершілікпен еңбек еткен осы жігіт еді. Сондықтан қандай құрметке бөленуге де лайықты деп санаймыз» дейді ол. Атыраудың мақтаулы пойыз бригадасын перрон басында жолықтырдық. Кезекті сапарға аттанғалы тұрған Ильяс пен оның сенімді командасына сәт сапар тіледік. Қосұйым Мұқашев, Атырау  
Новости
02.10.2026
Студенты представили цифровые решения для КТЖ на хакатоне «KTZ – ALT INNOVATION»
Регионы
02.10.2026
Пожарный поезд привлекли для тушения условного пожара на станции Тобол
Регионы
02.10.2026
«Богатырь Көмір» и «Қазтеміртранс» готовятся к увеличению перевозок угля в Павлодарской области
Грузовые перевозки
02.10.2026
КТЖ установило рекорд по погрузке зерна в сентябре
Новости / Архив
02.10.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №78 от 2 октября 2026 года
Новости
01.10.2026
Систему «Smart Диагностика» от КТЖ презентовали на AI & Digital Bridge 2026
Регионы
01.10.2026
Реконструкция вокзала станции Уштобе завершена в области Жетысу
Новости
01.10.2026
Евразийский форум по безопасности и цифровизации на транспорте прошел в Алматы
Пассажирские перевозки
01.10.2026
Нацперевозчик вводит скидку 10% на ж/д билеты по всем маршрутам
Регионы
01.10.2026
Реконструкция железнодорожного вокзала завершена в Кокшетау
Новости
01.10.2026
Цифровые решения для КТЖ представят 43 команды на студенческом хакатоне в Алматы
Новости
01.10.2026
Студентов железнодорожного колледжа обучили вайбкодингу в КТЖ
Новости
01.10.2026
Казахстан, Узбекистан и ОАЭ проработают ж/д маршрут Казахстан – Узбекистан – Афганистан – Пакистан
Регионы
01.10.2026
Правила сортировки мусора разъяснили работникам ВЖДО в Павлодаре
Регионы
30.09.2026
Железнодорожный вокзал Шу открылся после реконструкции
Новости
30.09.2026
Порт Курык и Xi’an Free Trade Port обсудили сотрудничество
Регионы
30.09.2026
На линии Алтынколь – Жетыген запустили двухпутный перегон Иинтал – Алтынколь
Пассажирские перевозки
30.09.2026
Более 2,3 тысячи пассажиров совершили путешествия на туристических поездах КТЖ
Регионы
30.09.2026
Техническая библиотека станции Өскемен-1 поддержала проект «Читающая нация»
Регионы
30.09.2026
Учения по ликвидации условного разлива серной кислоты прошли на станции Орал