«Фирмалық» пойыз бастығы
Жаңалықтар
03.08.2018, 16:12
«Жолаушылар тасымалы» компаниясының жүргізіп отырған саясатының арқасында, соңғы жылдары жолаушы пойыздарының сапасы ғана жақсарып қоймай, жолаушыларға көрсетілер сервистік қызметтің де түр-түрі дамып отыр.
Астанаға қатынайтын №47-48 «Каспий» жолаушылар пойызының шыққанына да он шақты жылдың бедері болып қалған екен. Оған кейін сол кездегі ҚР Көлік және коммуникация министрінің бұйрығымен «фирмалық» статусы берілді. Біздің бүгінгі кейіпкеріміз Өтегенов Ильяс Есенұлы осы фирмалық пойыздың бастығы болып алғашқы күннен бері қызмет етіп келеді.
Ильястың жолаушы тасымалындағы қызметіне келесі жылы 20 жыл толады екен. Алғашында жолсерік, ал 2009 жылдан бері пойыз бастығы болып қызмет етіп келеді. Ақтөбе темір жол колледжін, Қазақ жол қатынасы университетін вагон шаруашылығы мамандығы бойынша өндірістен қол үзбей жүріп бітірген. Қазақстан темір жолына 110 жыл төсбелгісімен марапатталған. Бүгінде Астана мен Атыраудың арасына қатынайтын жолаушы халыққа Ильястың бригадасы да қалтқысыз қызмет көрсетеді. Қазір әрі бұрынғыдай жолдан түсіп қалып, басқа пойызға қайта отыру машақаты жоқ, Елордаға пойыз бар болғаны күн жарымда жетіп барады. Бүгінде жаз уақыты болған соң, тағы қосымша вагондар қосылып жатыр. Мұның бәрі әрине, пойыз бастығының жауапкершілігін арттырады.
– Жаз маусымы нағыз қарбалас шақ, жолаушы көп, жұмыс көп. Вагонның санитарлық жағдайын ғана емес, жолаушылардың тыныштығымен қатар денсаулығына да жауаптымыз. Ауырып-сырқаса, «жедел жәрдем» шақырып, медициналық көмек алуына жағдай жасаймыз. Адам болғасын әр түрлі болады, біреулер алғысын айтса, енді біреулер дөрекі сөйлеп, айғай-шу шығарады. Солардың бәріне де жылы сөйлеп, қабақ шытпай тыныштандыруға тырысамыз. Біздің міндетіміз – жолаушының барар жеріне аман әрі жайлы жетуін қадағалау. Вагондар қосылғасын қазір бригада құрамының саны артты, жолсеріктермен 27 адамға дейін көбейдік, бригадам өз міндеттеріне адал, сайдың тасындай іріктелген жігіттерден құралған, – деп мақтанды кейіпкеріміз.
«Жолаушылар тасымалы» АҚ Батыс филиалы, Атырау телімінің бастығы Әлмұқан Есқалиев Ильястың ең тәжірибелі пойыз бастығының бірі екенін жеткізді. «Жолсеріктен өскен жігіт бұл қызметтің барлық «кухнясын» жақсы меңгерген. Жас, жігерлі, жауапты. 2014 жылы Жамансор-Кенбай телімінде Алматы-Атырау бағытындағы жолаушы пойызы аударылған кезде пойызда осы Ильястың бригадасы болған еді. Апатқа ұшыраған барлық жолаушыларға сол кезде көмек жасап, тыныштандырып, бар жағдайды жасады. Сол істің басы-қасында үлкен жауапкершілікпен еңбек еткен осы жігіт еді. Сондықтан қандай құрметке бөленуге де лайықты деп санаймыз» дейді ол.
Атыраудың мақтаулы пойыз бригадасын перрон басында жолықтырдық. Кезекті сапарға аттанғалы тұрған Ильяс пен оның сенімді командасына сәт сапар тіледік.
Қосұйым Мұқашев, Атырау
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады