Жол құрылысы есебінен жүк көбейді

Новости
07.08.2018, 11:41
Ақтөбе жүк тасымалы бөлімшесіне қарасты Шұбарқұдық станциясы – Ақтөбе мен Атырау арасындағы станциялардың бірі. Транзит жүктерден бөлек жергілікті жүктер де былтырдан бері күрт өсіп, станция жұмысын арттырған. Соңғы жылдары аймақта ауқымды автожол құрылысы басталған. Алдағы бірнеше жыл бойы жалғасатын жол құрылысы есебінен жүк түсіру көлемі жұмыстарының да тұрақты болатыны белгілі болып отыр. Сонымен қатар, тәулігіне орта есеппен 30 вагон мұнай өнімдері жөнелтіледі.  – Бүгінде тәулігіне 10-15 вагон жүк қабылдаймыз. Станциядағы жұмыс күшінің барлығын пайдаланамыз. Үлгеріп жатырмыз. Алдағы 3-4 жылдың шамасында жұмыс көлемі сақталады. Бүгінде станция басында 3 кәсіпорын жайғасқан. Олар елдімекендер арасындағы жолдарды төсеп қана қоймай, ауыл ішіндегі жолдарды да ретке келтірмек. Сонымен қатар, күніне орта есеппен 4-5 вагон бақалшақ кірпіш түсіріледі, – дейді Шұбарқұдық станциясының басшысы Алтай Абдуллин. Бүгінде Шұбарқұдық станциясында 32 адам еңбек етеді. Одан басқа жолшылар, байланысшылар, электромеханиктер, т.т. сала жұмысшылары бар. Олардың бәрі  дүйсенбі күні станция бастығында өтетін таңертеңгілік лездемеге қатысып, жол бойындағы ахуалмен танысады, алдағы күн жоспарын талқылап, әр қызмет өз жоспарын пысықтап, міндетін айқындайды. Сәрсенбі күні өтетін қауіпсіздік күні  желі бойын жаяу жүріп аралайтын станция бастығы мен орынбасары жанында міндетті түрде жолшылар, бағдаршамдар мен байланыс және электр желілерінің қызметіне жауапты ШЧ мен ЭЧ мекемелерінің өкілдері болады. Қауіпсіздіктің сақтауын қатаң қадағалайтын шұбарқұдықтық теміржолшылардың осы еңбегінің нәтижесі болар, станцияда көп жылдардан бері келеңсіз оқиға тіркелмеген. Ағымдағы жылдың алғашқы жартыжылдығын жүк түсіру мен тиеу бойынша жоспарлы көрсеткішті асыра орындаған Шұбарқұдық станциясының ұжымы  табысқа жетудің сыры клиенттер ұсыныс-тілегіне орай жұмыс жүргізу деп біледі. – Жүк жөнелтушілерді іздеп тауып өзімізге тарту – бүгінгі нарық заманының басты қағидасы. Сондықтан клиенттердің ұсыныс-тілектерін есепке алу – міндетіміз. Мысалы, біздің станцияға жүгінетін кәсіпкерлер жүк түсіру алаңын биіктетсе деген ұсыныстарын жеткізіп отыр. Станцияға келген жүкті түсіру үшін жол жүк түсіру алаңынан биікте тұру керек. Сонда көп жұмыс күші де қажет болмайды. Уақыт жағынан да процесс жедел жүреді. Бүгінде осы мәселенің шешімін табу жайын ойластырудамыз, – дейді станция бастығы.  Алтай Абдуллиннің теміржол бойында еңбек етіп жатқанына 30 жылға жуықтапты. Ата-анасы, ағалары түгел теміржолшылар болған соң отбасылық кеңесте кенже ұл да теміржолшы болады деп шешім қабылданады да, Атырау теміржол  техникумын бітіріп жұмысқа кіріскен жылы әскер қатарына шақырылады.  Байқоңыр қаласында жауынгерлік дайындықтан өткен екен. «Жауынгер кезімде зымырандардың бөлшектерін тасып жүрдік. Талғат Мұсабаев көкке көтерілген күн есімде. Дайындық жұмыстарына араласқанымды әлі күнге мақтан етемін», – деп еске алады.  Әскерден келген соң бірнеше станция мен разъезде жол шаруашылығында, сосын қозғалыс саласында жұмыс істеп тәжірибе жинақтап барып станция кезекшісі болады. Он шақты жыл №46 разъездге басшылық етеді. Шұбарқұдық станциясына былтыр маусым айында ауысып келіпті. «Үздік маман» төсбелгісімен марапатталған.  

Асқар Ақтілеу, Ақтөбе  

 
Новости
02.10.2026
Студенты представили цифровые решения для КТЖ на хакатоне «KTZ – ALT INNOVATION»
Регионы
02.10.2026
Пожарный поезд привлекли для тушения условного пожара на станции Тобол
Регионы
02.10.2026
«Богатырь Көмір» и «Қазтеміртранс» готовятся к увеличению перевозок угля в Павлодарской области
Грузовые перевозки
02.10.2026
КТЖ установило рекорд по погрузке зерна в сентябре
Новости / Архив
02.10.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №78 от 2 октября 2026 года
Новости
01.10.2026
Систему «Smart Диагностика» от КТЖ презентовали на AI & Digital Bridge 2026
Регионы
01.10.2026
Реконструкция вокзала станции Уштобе завершена в области Жетысу
Новости
01.10.2026
Евразийский форум по безопасности и цифровизации на транспорте прошел в Алматы
Пассажирские перевозки
01.10.2026
Нацперевозчик вводит скидку 10% на ж/д билеты по всем маршрутам
Регионы
01.10.2026
Реконструкция железнодорожного вокзала завершена в Кокшетау
Новости
01.10.2026
Цифровые решения для КТЖ представят 43 команды на студенческом хакатоне в Алматы
Новости
01.10.2026
Студентов железнодорожного колледжа обучили вайбкодингу в КТЖ
Новости
01.10.2026
Казахстан, Узбекистан и ОАЭ проработают ж/д маршрут Казахстан – Узбекистан – Афганистан – Пакистан
Регионы
01.10.2026
Правила сортировки мусора разъяснили работникам ВЖДО в Павлодаре
Регионы
30.09.2026
Железнодорожный вокзал Шу открылся после реконструкции
Новости
30.09.2026
Порт Курык и Xi’an Free Trade Port обсудили сотрудничество
Регионы
30.09.2026
На линии Алтынколь – Жетыген запустили двухпутный перегон Иинтал – Алтынколь
Пассажирские перевозки
30.09.2026
Более 2,3 тысячи пассажиров совершили путешествия на туристических поездах КТЖ
Регионы
30.09.2026
Техническая библиотека станции Өскемен-1 поддержала проект «Читающая нация»
Регионы
30.09.2026
Учения по ликвидации условного разлива серной кислоты прошли на станции Орал