Жол құрылысы есебінен жүк көбейді
Жаңалықтар
07.08.2018, 11:41
Ақтөбе жүк тасымалы бөлімшесіне қарасты Шұбарқұдық станциясы – Ақтөбе мен Атырау арасындағы станциялардың бірі. Транзит жүктерден бөлек жергілікті жүктер де былтырдан бері күрт өсіп, станция жұмысын арттырған.
Соңғы жылдары аймақта ауқымды автожол құрылысы басталған.
Алдағы бірнеше жыл бойы жалғасатын жол құрылысы есебінен жүк түсіру көлемі жұмыстарының да тұрақты болатыны белгілі болып отыр. Сонымен қатар, тәулігіне орта есеппен 30 вагон мұнай өнімдері жөнелтіледі.
– Бүгінде тәулігіне 10-15 вагон жүк қабылдаймыз. Станциядағы жұмыс күшінің барлығын пайдаланамыз. Үлгеріп жатырмыз. Алдағы 3-4 жылдың шамасында жұмыс көлемі сақталады. Бүгінде станция басында 3 кәсіпорын жайғасқан. Олар елдімекендер арасындағы жолдарды төсеп қана қоймай, ауыл ішіндегі жолдарды да ретке келтірмек. Сонымен қатар, күніне орта есеппен 4-5 вагон бақалшақ кірпіш түсіріледі, – дейді Шұбарқұдық станциясының басшысы Алтай Абдуллин.
Бүгінде Шұбарқұдық станциясында 32 адам еңбек етеді. Одан басқа жолшылар, байланысшылар, электромеханиктер, т.т. сала жұмысшылары бар. Олардың бәрі дүйсенбі күні станция бастығында өтетін таңертеңгілік лездемеге қатысып, жол бойындағы ахуалмен танысады, алдағы күн жоспарын талқылап, әр қызмет өз жоспарын пысықтап, міндетін айқындайды. Сәрсенбі күні өтетін қауіпсіздік күні желі бойын жаяу жүріп аралайтын станция бастығы мен орынбасары жанында міндетті түрде жолшылар, бағдаршамдар мен байланыс және электр желілерінің қызметіне жауапты ШЧ мен ЭЧ мекемелерінің өкілдері болады. Қауіпсіздіктің сақтауын қатаң қадағалайтын шұбарқұдықтық теміржолшылардың осы еңбегінің нәтижесі болар, станцияда көп жылдардан бері келеңсіз оқиға тіркелмеген.
Ағымдағы жылдың алғашқы жартыжылдығын жүк түсіру мен тиеу бойынша жоспарлы көрсеткішті асыра орындаған Шұбарқұдық станциясының ұжымы табысқа жетудің сыры клиенттер ұсыныс-тілегіне орай жұмыс жүргізу деп біледі.
– Жүк жөнелтушілерді іздеп тауып өзімізге тарту – бүгінгі нарық заманының басты қағидасы. Сондықтан клиенттердің ұсыныс-тілектерін есепке алу – міндетіміз. Мысалы, біздің станцияға жүгінетін кәсіпкерлер жүк түсіру алаңын биіктетсе деген ұсыныстарын жеткізіп отыр. Станцияға келген жүкті түсіру үшін жол жүк түсіру алаңынан биікте тұру керек. Сонда көп жұмыс күші де қажет болмайды. Уақыт жағынан да процесс жедел жүреді. Бүгінде осы мәселенің шешімін табу жайын ойластырудамыз, – дейді станция бастығы.
Алтай Абдуллиннің теміржол бойында еңбек етіп жатқанына 30 жылға жуықтапты. Ата-анасы, ағалары түгел теміржолшылар болған соң отбасылық кеңесте кенже ұл да теміржолшы болады деп шешім қабылданады да, Атырау теміржол техникумын бітіріп жұмысқа кіріскен жылы әскер қатарына шақырылады. Байқоңыр қаласында жауынгерлік дайындықтан өткен екен. «Жауынгер кезімде зымырандардың бөлшектерін тасып жүрдік. Талғат Мұсабаев көкке көтерілген күн есімде. Дайындық жұмыстарына араласқанымды әлі күнге мақтан етемін», – деп еске алады.
Әскерден келген соң бірнеше станция мен разъезде жол шаруашылығында, сосын қозғалыс саласында жұмыс істеп тәжірибе жинақтап барып станция кезекшісі болады. Он шақты жыл №46 разъездге басшылық етеді. Шұбарқұдық станциясына былтыр маусым айында ауысып келіпті. «Үздік маман» төсбелгісімен марапатталған.
Асқар Ақтілеу, Ақтөбе
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады