Темір тұлпар тізгіндегендер

Новости
31.08.2016, 12:47
2 мин чтения
Шу өңіріндегі ең ірі және жетекші кәсіпорындардың бірі Шу локомотив пайдалану депосында 1165 адам еңбек етеді. Мұндағы басты тұлғалар әрине, машинистер және  көмекші машинистер. Шу – Сарышаған, Сарышаған – Ағадыр, Шу – Алматы, Шу – Отар бағыттарында қызмет көрсететін депо паркінде 25 тепловоз, 42 электровоз тіркелген. – Атап айтар жайт, машинист мамандығына адал еңбек арқылы ғана қол жетеді. Болат жолдағы темірдей тәртіптің нәтижесінде локомотив тізгініне осы кәсіпте шын берілген, темірдей төзімді жандар ғана ие болады. Жігіттің жігітіне сын десек болады. Мансапқа жету де бізде оңай емес. Сондықтан қарым-қабілеттен бөлек, қалыптасқан тәртіпті қатаң сақтау талап етіледі, – дейді депоның қауіпсіздік бойынша аға машинист-нұсқаушысы Дмитрий Бирюков. Байырғы депода машинистер үшін барлық жағдай  жасалған. Локомотивтік бригада – машинист және оның көмекшісі бір-бірімен тығыз байланыста. Қазір депода үш жолаушылар, төрт тұрмыстық-маневрлік, бір резервтік және бес жүк қозғалыс колонналары құрылған. Әр сапардан соң локомотивтік бригадалар уақытылы тынығады. Әңгіме денеге салмақ түсіруге байланысты емес. От жағу, паровоз жүргізу сынды ауыр жұмыстың уақыты әлдеқашан өткен. Локомотив жылдан-жылға өркендеп келеді. Бұл күнде машинистің жұмысы біліктілігіне байланысты. Ойлау қабілетін арттырып, дұрыс әрі жедел шешім қабылдай білуі қажет. Мысалға, машинист Ш.Байдалиев пен оның көмекшісі Р.Нурулла-Заденің шеберлігі мен іскерлігінің арқасында ағымдағы жылдың 9 наурыз күні апатты жағдайдан айналып өтуге мүмкін болған.  Тағы бір мысал, 18 шілде күні машинист А.Сатаев пен оның көмекшісі Т.Узбанов вагонның рельстен шыға жаздағанын уақытында байқап қалып, қауіптің алдын алған.  Кәсіпорында машинист және машинист көмекшісінің мамандығын оқыту мен біліктілікті арттыру да жолға қойылған. Белгіленген кесте бойынша  оқу орталықтарында білімдерін шыңдайды.  Қозғалыс  қауіпсіздігін толық қамтамасыз етіп, локомотив қызметіне деген сұранысты толық қанағаттандырып отырған ұжымды тәжірибелі теміржолшы, белгілі династия өкілі  Қайрат Көкірекбаев басқарады.  –Өткен жылдармен салыстырғанда қозғалыс қауіпсіздігін жақсарту мен локомотив өнімділігін арттыруда қол жеткізген табысымыз жаман емес. Мың адам еңбек ететін ұжымның жұдырықтай жұмылған қызметі осындай  көрсеткішке жеткізіп отыр, – дейді депо директоры Қайрат Көкірекбаев.

Ерман Әбдиев, Шу

Новости
16.10.2026
Заседание Координационного транспортного совещания государств – участников СНГ прошло в Астане
Новости
16.10.2026
Казахстан и Чехия договорились о развитии сотрудничества в транспортной сфере
Регионы
16.10.2026
Акмолинское отделение магистральной сети готовится к зиме
Новости
16.10.2026
Путейцы Кульсары признаны лучшими по итогам 2025 года
Новости
16.10.2026
ҚТЖ представило свои возможности на выставке TransLogistica Kazakhstan в Астане
Новости
16.10.2026
ҚТЖ провело серию переговоров о развитии ТМТМ и увеличении грузопотоков
КТЖ в лицах
16.10.2026
Ирину Харьковскую проводили на пенсию в Дирекции интегрированного планирования
Новости / Архив
16.10.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №82 от 16 октября 2026 года
Новости
15.10.2026
Совет руководителей транспортных ведомств ЕАЭС обсудил развитие перевозок и цифровизацию
Новости
15.10.2026
Развитие Среднего коридора рассмотрели на форуме NEW SILK WAY
Новости
15.10.2026
Министры транспорта обсудили цифровизацию перевозок на форуме NEW SILK WAY
Регионы
15.10.2026
Железнодорожный вокзал Карауылкелды открыт после реконструкции
Новости
15.10.2026
Профсоюз и совет ветеранов поздравили пенсионеров-железнодорожников Кокшетау
Спорт
15.10.2026
Финальный этап Кубка ЖФЛ «Казпрофжел-2026» прошел на станции Курорт-Боровое
КТЖ в лицах
15.10.2026
Квизы, спорт и искусственный интеллект: как Дархан Рамазанов развивает профсоюзную работу в Кумистау
Пассажирские перевозки
14.10.2026
Более 4 тысяч видеокамер установили в поездах КТЖ
Грузовые перевозки
14.10.2026
КТЖ увеличило перевозки зерна в страны Центральной Азии на 33%
Новости
14.10.2026
Международная выставка TransLogistica Kazakhstan 2026 стартовала в Астане
Регионы
14.10.2026
Железнодорожники провели профилактические рейды на станции Жетысу
Регионы
14.10.2026
Илецкие железнодорожники провели уроки безопасности для школьников Акбулака