Темір тұлпар тізгіндегендер
Шу өңіріндегі ең ірі және жетекші кәсіпорындардың бірі Шу локомотив пайдалану депосында 1165 адам еңбек етеді. Мұндағы басты тұлғалар әрине, машинистер және көмекші машинистер.
Шу – Сарышаған, Сарышаған – Ағадыр, Шу – Алматы, Шу – Отар бағыттарында қызмет көрсететін депо паркінде 25 тепловоз, 42 электровоз тіркелген.
– Атап айтар жайт, машинист мамандығына адал еңбек арқылы ғана қол жетеді. Болат жолдағы темірдей тәртіптің нәтижесінде локомотив тізгініне осы кәсіпте шын берілген, темірдей төзімді жандар ғана ие болады. Жігіттің жігітіне сын десек болады. Мансапқа жету де бізде оңай емес. Сондықтан қарым-қабілеттен бөлек, қалыптасқан тәртіпті қатаң сақтау талап етіледі, – дейді депоның қауіпсіздік бойынша аға машинист-нұсқаушысы Дмитрий Бирюков.
Байырғы депода машинистер үшін барлық жағдай жасалған. Локомотивтік бригада – машинист және оның көмекшісі бір-бірімен тығыз байланыста. Қазір депода үш жолаушылар, төрт тұрмыстық-маневрлік, бір резервтік және бес жүк қозғалыс колонналары құрылған. Әр сапардан соң локомотивтік бригадалар уақытылы тынығады. Әңгіме денеге салмақ түсіруге байланысты емес. От жағу, паровоз жүргізу сынды ауыр жұмыстың уақыты әлдеқашан өткен. Локомотив жылдан-жылға өркендеп келеді. Бұл күнде машинистің жұмысы біліктілігіне байланысты. Ойлау қабілетін арттырып, дұрыс әрі жедел шешім қабылдай білуі қажет. Мысалға, машинист Ш.Байдалиев пен оның көмекшісі Р.Нурулла-Заденің шеберлігі мен іскерлігінің арқасында ағымдағы жылдың 9 наурыз күні апатты жағдайдан айналып өтуге мүмкін болған. Тағы бір мысал, 18 шілде күні машинист А.Сатаев пен оның көмекшісі Т.Узбанов вагонның рельстен шыға жаздағанын уақытында байқап қалып, қауіптің алдын алған. Кәсіпорында машинист және машинист көмекшісінің мамандығын оқыту мен біліктілікті арттыру да жолға қойылған. Белгіленген кесте бойынша оқу орталықтарында білімдерін шыңдайды.
Қозғалыс қауіпсіздігін толық қамтамасыз етіп, локомотив қызметіне деген сұранысты толық қанағаттандырып отырған ұжымды тәжірибелі теміржолшы, белгілі династия өкілі Қайрат Көкірекбаев басқарады.
–Өткен жылдармен салыстырғанда қозғалыс қауіпсіздігін жақсарту мен локомотив өнімділігін арттыруда қол жеткізген табысымыз жаман емес. Мың адам еңбек ететін ұжымның жұдырықтай жұмылған қызметі осындай көрсеткішке жеткізіп отыр, – дейді депо директоры Қайрат Көкірекбаев.
Ерман Әбдиев, Шу
Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды