Халық қалаулылары темір жолдың өндіріс орындарымен танысты
Новости
09.09.2016, 10:50
Тамыздың 7-күні Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісіндегі Қазақстан халқы Ассамблеясындағы депутаттар тобы «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының Үдемелі индустриялдық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылған нысандарымен танысты.
Астана индустириялық парк аумағында орналасқан Локомотив құрастыру зауытында, «Тұлпар-Тальго» жолаушылар вагондарын шығаратын зауытта, Астана көлік-логистикалық орталығында және Темір жол көлігі персоналын дамыту және бағалау орталығында болған халық қалаулыларын өндіріс орындарымен «ҚТЖ» ҰК» АҚ бас инженері Бауыржан Орынбасаров таныстырды.
Владимир Божко, Наталья Жұмаділдаева, Роман Ким, Наринэ Микаелян, Ахмет Мурадов, Шаймардан Нурумов сынды депутаттар тобы алдымен Астанадағы көлік-логистикалық орталығында болды.
–2015 жылдың соңында мемлекет пен жеке серіктестік негізінде «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның еншілес компаниясы «КТZ Express» АҚ-мен бірлесе, Орта Азиядағы ең заманауи және қуатты технологиялы контейнерлік алаңы бар көліктік-логистикалық орталығын пайдалануға бердік. Жобаны «Continental Logistics» ЖШС жүзеге асырды. Бұл кешен қазіргі халықаралық стандарттар талаптарына толық жауап береді. Біздің алаңда ең үлкен контейнерлік терминал орналасқан. Бір мезгілде 4 мыңға жуық контейнерді қабылдай аламыз. Жылына 800 мың тоннаға дейін жүкті өңдеу мүмкіндігіміз бар. Әртүрлі өнімді сақтауға негізделген жалпы және климаттық температурадағы айрықша, сондай-ақ, құрғақ жүк сақтайтын қоймалар бар. Жүктерді апарып, тиісті орындарына орналастыратын, көтеріп немесе түсіретін заманауи техникалар, төрт тағанды крандар, дистанциондық орталық, тағысын тағы жабдықтар бар. Қазір бүкіл тиісті органдар КЛО-да шоғырландырылған. Жүк қабылдау, түсіру, артып тиеу, кедендік рәсімдеу, фито-санитария, ветеринария сияқты құзіретті органдарға орталықтан тегін орын беріліп отыр, Яғни клиенттерге барлық жағдай жасалып отыр. Бүгінгі таңда КЛО алаңының 70 пайызы жүкпен қамтылып отыр. Жыл соңына дейін бұл көрсеткіш деңгейін 85-90 пайызға жеткізу межеленген. Қазір 80-ге жуық компания біздің тұрақты клиентіміз болып отыр. Олардың көбісі отандық тауар өндірушілер, – деп КЛО-ның тыныс-тірлігімен таныстырған «Continental Logistics» ЖШС бас директоры Ерлан Шаймарданов.
Депутаттар тобы көліктік-логистикалық орталық қоймаларын аралап көріп, клиенттерге қызмет көрсететін құзіретті органдардың жұмыс орындармен танысты.
Халық қалаулылары ат басын бұрған келесі нысан Локомотив құрастыру зауыты болды. Мұнда олар техника қауіпсіздігін сақтау нұсқауына сәйкес, бастарына каска киіп, ат шаптырым зауыттың әр цехын аралады.
–ЛҚЗ жылына 100 жүк тепловозын шығарады. Біз бұл жобалық қуатқа 2013 жылы шықтық. Демек, айына – 8 тепловоз. Біздің зауыт ашылғаннан бері 300 бірлік тепловоз шығарды. Соңғы тепловоз Тәжікстанға жөнелтілді. 2014 жылдан бастап ТЭ33А базасында жолаушылар тепловозын құрастырып шығару игеріле бастады. Бүгінде екі тепловоз құрастырылған. Қазір олар сертификаттау үдерістерінен өтуде. Осы жылдың соңына қарай пайдалануға беріледі деп күтілуде, жобалық жылдамдығы 160 км/сағат, – деп мәлімет берді «ЛҚЗ» АҚ президентінің өндіріс жөніндегі орынбасары Төлеген Жаңабаев.
Депутаттар зауыт өндірісімен таныса келіп, «бояуы кеппеген» локомотивтерге мініп те көрді. Тұлпар-Тальго жүрдек жолаушылар пойызын шығаратын зауытта халық қалаулары шанағы кеңейтіліп жасалып жатқан тальголық вагондардың ішіне кіріп, құрылысымен танысты. Бұл вагондар өткен сенбі күні Қарағанды жолында сынақтан өтіпті. Ал екінші партиясы Шу өңірінде қисық телімдерде сынақтан өтуде екен. Бұл вагондар сынақ және сертификаттау жұмыстарынан өтіп болған соң, осы жылдың соңғы айында пайдалануға беріледі деп жоспарлануда екен. Осылай, қазақстандық машина құрастыру саласының жетістіктерімен жақын танысқан депутаттар индустриялдық-инновациялық бағдарламаның табысты жүзеге асырылып жатқанына бірауыздан оң баға берді.
Зауыттардан соң депутаттар тобы Астана көлік-логистикалық орталығында және Темір жол көлігі персоналын дамыту және бағалау орталығында болып, ондағы қазіргі заманға сай жабдықталған дәріс беру аудиториялары мен өндірістік тәжірибе жинақтау шеберханаларын аралады. Тіпті, депутаттар В.Божко мен А.Мурадов компьютердің көмегіне жүгініп, темір дәнекерлеп, бұрынғы қара жұмыстың тізгінінде болған күндерін еске түсірді.
Сұлугүл БАКЕСОВА
Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Инфраструктура
22.09.2026
ҚТЖ продолжает модернизацию систем автоматики на станции Бейнеу и участках Шалкар – Бейнеу и Кандыагаш – Тобол
Новости
22.09.2026
Кедентранссервис организовало мультимодальную перевозку более 150 тысяч тонн стальных труб из Китая
Регионы
22.09.2026
Технические занятия для машинистов и их помощников прошли в локомотивных депо Караганды и Акадыря
Новости
22.09.2026
В Акмолинской области продолжается уборочная кампания
Новости
22.09.2026
Кедентранссервис представил современный подход к холодовой логистике Казахстана
Новости
22.09.2026
Столичным школьникам напомнили правила безопасности на железной дороге
Новости / Архив
22.09.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №75 от 22 сентября 2026 года
Грузовые перевозки
21.09.2026
Зерновой штаб КТЖ обсудил вывоз нового урожая в Костанае и Кокшетау
Регионы
21.09.2026
Профком Карагандинского эксплуатационного локомотивного депо провел встречу со студентами
Новости
21.09.2026
Казахстанские железнодорожники приняли участие в Международном фестивале молодежи-2026 в Екатеринбурге
Новости
21.09.2026
Машинист заметил четырехлетнего ребенка одного в степи
Регионы
21.09.2026
Пожарный поезд КТЖ задействовали при тушении крупного пожара в Костанае
Спорт
19.09.2026
Около 700 человек приняли участие в VI марафоне «КТЖ Марафон – участвуй и Ты»
Новости
19.09.2026
Более 320 столичных железнодорожников приняли участие в субботнике
Пассажирские перевозки
19.09.2026
Международный туристический поезд прибыл из Сианя в Алматы
Пассажирские перевозки
19.09.2026
Нацперевозчик объявил об осенних скидках до 30% на ж/д билеты
Регионы
18.09.2026
Реконструкция трех железнодорожных вокзалов завершена в Кызылординской области
Грузовые перевозки
18.09.2026
Акмолинский филиал АО «Қазтеміртранс» готов к перевозке зерна в период уборочной кампании
Новости
18.09.2026
Горочную централизацию модернизируют на станции Караганда-Сортировочная
Новости
18.09.2026
КТЖ продолжает реализацию масштабной программы по обновлению вокзалов