Халық қалаулылары темір жолдың өндіріс орындарымен танысты 

Жаңалықтар
09.09.2016, 10:50
Тамыздың 7-күні Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісіндегі Қазақстан халқы Ассамблеясындағы депутаттар тобы «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының Үдемелі индустриялдық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылған нысандарымен  танысты.   Астана индустириялық парк аумағында орналасқан Локомотив құрастыру зауытында, «Тұлпар-Тальго» жолаушылар вагондарын шығаратын зауытта, Астана көлік-логистикалық орталығында және Темір жол көлігі персоналын дамыту және бағалау орталығында болған халық қалаулыларын  өндіріс орындарымен «ҚТЖ» ҰК» АҚ бас инженері Бауыржан Орынбасаров таныстырды.    Владимир Божко, Наталья Жұмаділдаева, Роман Ким, Наринэ Микаелян, Ахмет  Мурадов, Шаймардан Нурумов сынды депутаттар тобы алдымен Астанадағы көлік-логистикалық орталығында болды. –2015 жылдың соңында мемлекет пен жеке серіктестік негізінде «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның еншілес компаниясы «КТZ Express» АҚ-мен бірлесе, Орта Азиядағы ең заманауи және қуатты технологиялы контейнерлік алаңы бар көліктік-логистикалық орталығын пайдалануға бердік. Жобаны «Continental Logistics» ЖШС жүзеге асырды. Бұл кешен қазіргі халықаралық стандарттар талаптарына толық жауап береді. Біздің алаңда ең үлкен контейнерлік терминал орналасқан. Бір мезгілде 4 мыңға жуық контейнерді қабылдай аламыз. Жылына 800 мың тоннаға дейін жүкті өңдеу мүмкіндігіміз бар. Әртүрлі өнімді сақтауға негізделген жалпы және климаттық температурадағы айрықша, сондай-ақ, құрғақ жүк сақтайтын қоймалар бар. Жүктерді апарып, тиісті орындарына орналастыратын, көтеріп немесе түсіретін заманауи техникалар, төрт тағанды крандар, дистанциондық орталық, тағысын тағы жабдықтар бар. Қазір бүкіл тиісті органдар КЛО-да шоғырландырылған. Жүк қабылдау, түсіру, артып тиеу, кедендік рәсімдеу, фито-санитария, ветеринария сияқты құзіретті органдарға орталықтан тегін орын беріліп отыр, Яғни клиенттерге барлық жағдай жасалып отыр. Бүгінгі таңда КЛО алаңының 70 пайызы жүкпен қамтылып отыр. Жыл соңына дейін бұл көрсеткіш деңгейін 85-90 пайызға жеткізу межеленген. Қазір  80-ге жуық компания біздің тұрақты клиентіміз болып отыр. Олардың көбісі отандық тауар өндірушілер, – деп КЛО-ның тыныс-тірлігімен таныстырған «Continental Logistics» ЖШС бас директоры Ерлан Шаймарданов.    Депутаттар тобы көліктік-логистикалық орталық қоймаларын аралап көріп,  клиенттерге қызмет көрсететін құзіретті органдардың жұмыс орындармен танысты.     Халық қалаулылары ат басын бұрған келесі нысан  Локомотив құрастыру зауыты болды. Мұнда олар техника қауіпсіздігін сақтау нұсқауына сәйкес, бастарына каска киіп, ат шаптырым зауыттың әр цехын аралады.   –ЛҚЗ жылына 100 жүк тепловозын шығарады. Біз бұл жобалық қуатқа 2013 жылы шықтық. Демек, айына – 8 тепловоз. Біздің зауыт ашылғаннан бері 300 бірлік тепловоз шығарды. Соңғы тепловоз Тәжікстанға жөнелтілді. 2014 жылдан бастап ТЭ33А базасында жолаушылар тепловозын құрастырып шығару игеріле бастады. Бүгінде екі тепловоз құрастырылған. Қазір олар сертификаттау үдерістерінен өтуде. Осы жылдың соңына қарай пайдалануға беріледі деп күтілуде, жобалық жылдамдығы 160 км/сағат, – деп мәлімет берді «ЛҚЗ» АҚ президентінің өндіріс жөніндегі орынбасары Төлеген Жаңабаев. Депутаттар зауыт өндірісімен таныса келіп, «бояуы кеппеген» локомотивтерге мініп те көрді. Тұлпар-Тальго жүрдек жолаушылар пойызын шығаратын зауытта халық қалаулары шанағы кеңейтіліп жасалып жатқан тальголық вагондардың ішіне кіріп, құрылысымен танысты. Бұл вагондар өткен сенбі күні Қарағанды жолында сынақтан өтіпті.  Ал екінші партиясы Шу өңірінде қисық телімдерде сынақтан өтуде екен. Бұл вагондар сынақ және сертификаттау жұмыстарынан өтіп болған соң, осы жылдың соңғы айында пайдалануға беріледі деп жоспарлануда екен.             Осылай, қазақстандық машина құрастыру саласының жетістіктерімен жақын танысқан депутаттар индустриялдық-инновациялық бағдарламаның табысты жүзеге асырылып жатқанына бірауыздан оң баға берді.    Зауыттардан соң депутаттар тобы Астана көлік-логистикалық орталығында және Темір жол көлігі персоналын дамыту және бағалау орталығында болып, ондағы қазіргі заманға сай жабдықталған дәріс беру аудиториялары мен өндірістік тәжірибе жинақтау шеберханаларын аралады. Тіпті, депутаттар В.Божко мен А.Мурадов компьютердің көмегіне жүгініп, темір дәнекерлеп, бұрынғы қара жұмыстың тізгінінде болған күндерін еске түсірді.  

Сұлугүл БАКЕСОВА

Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК

   

Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде
Станция тынысы
22.09.2026
Шиелі станциясы өндірістік жоспарды межеден асыра орындады
Аймақтар
22.09.2026
Шу локомотив пайдалану депосында студенттерге «Ашық есік күні» өтті
Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Спорт
22.09.2026
«Теміржол қалқаны» – жеңімпаз
Спорт
22.09.2026
Жігіттердің осалы жоқ
Жаңалықтар / Мұрағат
22.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №75 22 қыркүйек 2026 жыл
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады