Өз күштерімен ғимаратты жөндеді

Новости
23.09.2016, 16:00
2 мин чтения
Арыс белгі беру және байланыс дистанциясына қарасты Сарыағаш электрлік орталықтандыру қосыны Сарыағаш, Жылға және Дарбаза станцияларының арасындағы СОБ құрылғыларының қауіпсіздігін  қамтамасыз етеді. СОБ монтерлері мен механиктері үнемі жұмыс үстелінде технологиялық процестің кестесіне сай, кезең-кезеңге бөлінген жоспарлы тапсырманы атқарады.  – Осы жазда бағдаршамдардың уақытылы жанып тұруын қадағалайтын КПТШ құрылғысын заманауи ТМ кодтық жүйесіне (Трансмиттерлі модернизация) ауыстырдық. Соңғы үлгідегі ТМ-нің 22 данасының ішінде транзистор, диод сынды механизмдер аз болады. Әрі осы орнатылғаннан кейін қызмет көрсету мерзімі 10 жылға жетпек. Ал бұрынғысын жыл сайын ашып тексеретінбіз. Егер жаңасы бұзылғандай болса, апатты жағдайда керекті бір-екі данасы қоймада сақтаулы.  Құрылғыны шығарған кәсіпорын бір жылға дейін тегін жөндеп береді. Жылдан асқан соң өзіміздің бақылап, өлшеу қосынында (КИП) қалпына келтіре береміз, – дейді аға механик Нұрбол Түймебеков.    Жалпы, аталған телімдегі релелік шкафтар, кабельдік жүйе барлығы 2011 жылдан бері түскен материалдарға орай ауыстырылып отырған. Жаз бойы қыстың қамын ойлаған байланыс мамандары муфтлерді ашып, ішіндегі кабельдерін қайта ретке келтірген. Оған қоса муфт айналасына су жиналмас үшін, суағар жасаған. Жолдағы қорапшалардың ескірген бөлшектерін ретке келтірген. Енді күзгі комиссиялық тексеруге дайындық жүргізуде. Трансформаторлы жәшіктер мен белгі беру және байланыс нүктелерін қайта тексеруден өткізіп, қыс бойы ақаусыз жұмыс істеуін қамтамасыз етпек.  Айтпақшы, осы  телімдегі алты механик және екі монтер бар, ғимаратта отыратын өзге де әріптестерімен бірігіп, қол күштерімен отырған ғимараттарын толықтай күрделі жөндеуден өткізіпті. Арасында керекті материал жағынан Арыстағы басшылық та жәрдем беріп тұрыпты. Мұның өзі сарыағаштықтар үшін бұл жаздағы үлкен жетістік болып отыр.

 Динар МЕЙІРМАН, Шымкент

Новости
16.10.2026
Заседание Координационного транспортного совещания государств – участников СНГ прошло в Астане
Новости
16.10.2026
Казахстан и Чехия договорились о развитии сотрудничества в транспортной сфере
Регионы
16.10.2026
Акмолинское отделение магистральной сети готовится к зиме
Новости
16.10.2026
Путейцы Кульсары признаны лучшими по итогам 2025 года
Новости
16.10.2026
ҚТЖ представило свои возможности на выставке TransLogistica Kazakhstan в Астане
Новости
16.10.2026
ҚТЖ провело серию переговоров о развитии ТМТМ и увеличении грузопотоков
КТЖ в лицах
16.10.2026
Ирину Харьковскую проводили на пенсию в Дирекции интегрированного планирования
Новости / Архив
16.10.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №82 от 16 октября 2026 года
Новости
15.10.2026
Совет руководителей транспортных ведомств ЕАЭС обсудил развитие перевозок и цифровизацию
Новости
15.10.2026
Развитие Среднего коридора рассмотрели на форуме NEW SILK WAY
Новости
15.10.2026
Министры транспорта обсудили цифровизацию перевозок на форуме NEW SILK WAY
Регионы
15.10.2026
Железнодорожный вокзал Карауылкелды открыт после реконструкции
Новости
15.10.2026
Профсоюз и совет ветеранов поздравили пенсионеров-железнодорожников Кокшетау
Спорт
15.10.2026
Финальный этап Кубка ЖФЛ «Казпрофжел-2026» прошел на станции Курорт-Боровое
КТЖ в лицах
15.10.2026
Квизы, спорт и искусственный интеллект: как Дархан Рамазанов развивает профсоюзную работу в Кумистау
Пассажирские перевозки
14.10.2026
Более 4 тысяч видеокамер установили в поездах КТЖ
Грузовые перевозки
14.10.2026
КТЖ увеличило перевозки зерна в страны Центральной Азии на 33%
Новости
14.10.2026
Международная выставка TransLogistica Kazakhstan 2026 стартовала в Астане
Регионы
14.10.2026
Железнодорожники провели профилактические рейды на станции Жетысу
Регионы
14.10.2026
Илецкие железнодорожники провели уроки безопасности для школьников Акбулака