Өз күштерімен ғимаратты жөндеді
Жаңалықтар
23.09.2016, 16:00
Арыс белгі беру және байланыс дистанциясына қарасты Сарыағаш электрлік орталықтандыру қосыны Сарыағаш, Жылға және Дарбаза станцияларының арасындағы СОБ құрылғыларының қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
СОБ монтерлері мен механиктері үнемі жұмыс үстелінде технологиялық процестің кестесіне сай, кезең-кезеңге бөлінген жоспарлы тапсырманы атқарады.
– Осы жазда бағдаршамдардың уақытылы жанып тұруын қадағалайтын КПТШ құрылғысын заманауи ТМ кодтық жүйесіне (Трансмиттерлі модернизация) ауыстырдық. Соңғы үлгідегі ТМ-нің 22 данасының ішінде транзистор, диод сынды механизмдер аз болады. Әрі осы орнатылғаннан кейін қызмет көрсету мерзімі 10 жылға жетпек. Ал бұрынғысын жыл сайын ашып тексеретінбіз. Егер жаңасы бұзылғандай болса, апатты жағдайда керекті бір-екі данасы қоймада сақтаулы. Құрылғыны шығарған кәсіпорын бір жылға дейін тегін жөндеп береді. Жылдан асқан соң өзіміздің бақылап, өлшеу қосынында (КИП) қалпына келтіре береміз, – дейді аға механик Нұрбол Түймебеков.
Жалпы, аталған телімдегі релелік шкафтар, кабельдік жүйе барлығы 2011 жылдан бері түскен материалдарға орай ауыстырылып отырған. Жаз бойы қыстың қамын ойлаған байланыс мамандары муфтлерді ашып, ішіндегі кабельдерін қайта ретке келтірген. Оған қоса муфт айналасына су жиналмас үшін, суағар жасаған. Жолдағы қорапшалардың ескірген бөлшектерін ретке келтірген. Енді күзгі комиссиялық тексеруге дайындық жүргізуде. Трансформаторлы жәшіктер мен белгі беру және байланыс нүктелерін қайта тексеруден өткізіп, қыс бойы ақаусыз жұмыс істеуін қамтамасыз етпек. Айтпақшы, осы телімдегі алты механик және екі монтер бар, ғимаратта отыратын өзге де әріптестерімен бірігіп, қол күштерімен отырған ғимараттарын толықтай күрделі жөндеуден өткізіпті. Арасында керекті материал жағынан Арыстағы басшылық та жәрдем беріп тұрыпты. Мұның өзі сарыағаштықтар үшін бұл жаздағы үлкен жетістік болып отыр.
Динар МЕЙІРМАН, Шымкент
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады