Балдырғандар өнері бағаланды

Новости
27.09.2016, 12:43
Қазақстан теміржолшыларының балалары арасында сурет салудан өтетін «Балауса болашақ» және өлең мен қара сөз шығармашылығына арналған «Алтын қалам» байқаулары өз мәресіне жетті.   Бұл жылы аталған байқауларға еліміздің теміржолшыларының 2 мен 14 жас аралығындағы 350-ден астам баласы қатысты. Ең жас қатысушылар туындылары еркін тақырыптарда өрбісе, ересектерінікі Тәуелсіздіктің 25 жылдығы жайлы болды.  Ұлттық компания бас ғимаратында өткен марапаттау рәсімінде Теміржол ардагерлер орталық кеңесі төрағасының орынбасары Жұмагүл Әлжан сөз алып: «Маған жас жазушылардың өнеріне баға беретін «Алтын қалам» байқауына қатысушылар шығармаларын қарап, үздіктерін іріктеу ұсынылды. Бәрін де оқып, балдырғандарымыздың жазу мәнері мен ой ұшқырлықтарына тәнті болдым. Балақайлар ата-аналарының мамандығы жайлы, теміржолшылар әулеттері туралы және өз арман-мақсаттары жайында ойларын қағазға түсіріпті. Бірі шығарма, бірқатары өлең түрінде шығармашылық қиялдарына ерік берген. Болашақта бұл өрендер арасынан мықты жазушы, журналист шығады деген сенімдемін», – деген ол, осы жарыста өлең жазып, «Көрермен көзайымы» атанған Амаль Баймұханованы, проза жазып 3-ші орын алған Меруерт Шыңғысты, бірінші орын алған Мөлдір Шыңғысты дипломдармен марапаттап, сыйлықтар тарту етті.   Шара барысында, сурет салуды жанына серік еткен Құрметті теміржолшы, Қазақстан суретшілер одағының мүшесі Асқар Сәрсенбеков қылқалам өнерінен шағын ғана шебер класс өткізіп, балаларға өз туындыларын сыйға тартты.   Ұлттық компанияның Адам ресустарын басқару департаментінің директоры Ақсырға Ермұқанова, аталған департаменттің бас менеджері Қорлан Медиханова, PR департаментінің бас менеждері Лара Көбенқұловалар үздік өнерімен топты жарған теміржолшылар балаларын бірнеше жас дәрежелері бойынша марапаттады. «Балауса болашақ» байқауына 5 жасқа дейінгі жас дәрежесі бойынша қатысқандар арасынан 2-ші орынды Софья Ховлюк пен Санжар Тағанбаев, 6 мен 8 жас аралығындағы қатысушылар арасында 3-ші орынды Аяна Молдабекова, 2-ші орынды Жәния Әбдірахман, ал бірінші орынды Аделя Кендай мен Хамза Кучуковтар иеленді.  9-11 жас аралығындағы өнерпаздар арасынан Жанна Балтабекова жеңімпаз атанса, Самал Ғалиева есімді жас қылқалам шебері «Көрермен көзайымы» аталымы бойынша марапатқа ие болды. Бұдан соң 12-ден 14 жасқа дейінгі жас суретшілер арасынан үздіктер анықталып, 3-ші орынды Қарлығаш Жүсіпова мен Әбілхайыр Сейілханов өзара бөлісті. 2-ші орынға Арайлым Леспек лайық деп танылса, бірінші орынға Камила Асанбекқызы шықты. Жүлдегерлерге ұлттық компания атынан велосипед, ноутбук, магитола, самокат, планшет, ролик, смарт-сағаттар, ұялы телефон сынды бағалы сыйлықтар табыс етілсе, барлық қатысушылар тәттілер мен сурет салу жабдықтары салынған сыйлықтар алып, қуанышқа кенелді.

Ұлан Ораз

Суретті түсірген Александр Жабчук

 
Новости
02.10.2026
Студенты представили цифровые решения для КТЖ на хакатоне «KTZ – ALT INNOVATION»
Регионы
02.10.2026
Пожарный поезд привлекли для тушения условного пожара на станции Тобол
Регионы
02.10.2026
«Богатырь Көмір» и «Қазтеміртранс» готовятся к увеличению перевозок угля в Павлодарской области
Грузовые перевозки
02.10.2026
КТЖ установило рекорд по погрузке зерна в сентябре
Новости / Архив
02.10.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №78 от 2 октября 2026 года
Новости
01.10.2026
Систему «Smart Диагностика» от КТЖ презентовали на AI & Digital Bridge 2026
Регионы
01.10.2026
Реконструкция вокзала станции Уштобе завершена в области Жетысу
Новости
01.10.2026
Евразийский форум по безопасности и цифровизации на транспорте прошел в Алматы
Пассажирские перевозки
01.10.2026
Нацперевозчик вводит скидку 10% на ж/д билеты по всем маршрутам
Регионы
01.10.2026
Реконструкция железнодорожного вокзала завершена в Кокшетау
Новости
01.10.2026
Цифровые решения для КТЖ представят 43 команды на студенческом хакатоне в Алматы
Новости
01.10.2026
Студентов железнодорожного колледжа обучили вайбкодингу в КТЖ
Новости
01.10.2026
Казахстан, Узбекистан и ОАЭ проработают ж/д маршрут Казахстан – Узбекистан – Афганистан – Пакистан
Регионы
01.10.2026
Правила сортировки мусора разъяснили работникам ВЖДО в Павлодаре
Регионы
30.09.2026
Железнодорожный вокзал Шу открылся после реконструкции
Новости
30.09.2026
Порт Курык и Xi’an Free Trade Port обсудили сотрудничество
Регионы
30.09.2026
На линии Алтынколь – Жетыген запустили двухпутный перегон Иинтал – Алтынколь
Пассажирские перевозки
30.09.2026
Более 2,3 тысячи пассажиров совершили путешествия на туристических поездах КТЖ
Регионы
30.09.2026
Техническая библиотека станции Өскемен-1 поддержала проект «Читающая нация»
Регионы
30.09.2026
Учения по ликвидации условного разлива серной кислоты прошли на станции Орал