Балдырғандар өнері бағаланды
Қазақстан теміржолшыларының балалары арасында сурет салудан өтетін «Балауса болашақ» және өлең мен қара сөз шығармашылығына арналған «Алтын қалам» байқаулары өз мәресіне жетті.
Бұл жылы аталған байқауларға еліміздің теміржолшыларының 2 мен 14 жас аралығындағы 350-ден астам баласы қатысты. Ең жас қатысушылар туындылары еркін тақырыптарда өрбісе, ересектерінікі Тәуелсіздіктің 25 жылдығы жайлы болды.
Ұлттық компания бас ғимаратында өткен марапаттау рәсімінде Теміржол ардагерлер орталық кеңесі төрағасының орынбасары Жұмагүл Әлжан сөз алып: «Маған жас жазушылардың өнеріне баға беретін «Алтын қалам» байқауына қатысушылар шығармаларын қарап, үздіктерін іріктеу ұсынылды. Бәрін де оқып, балдырғандарымыздың жазу мәнері мен ой ұшқырлықтарына тәнті болдым. Балақайлар ата-аналарының мамандығы жайлы, теміржолшылар әулеттері туралы және өз арман-мақсаттары жайында ойларын қағазға түсіріпті. Бірі шығарма, бірқатары өлең түрінде шығармашылық қиялдарына ерік берген. Болашақта бұл өрендер арасынан мықты жазушы, журналист шығады деген сенімдемін», – деген ол, осы жарыста өлең жазып, «Көрермен көзайымы» атанған Амаль Баймұханованы, проза жазып 3-ші орын алған Меруерт Шыңғысты, бірінші орын алған Мөлдір Шыңғысты дипломдармен марапаттап, сыйлықтар тарту етті.
Шара барысында, сурет салуды жанына серік еткен Құрметті теміржолшы, Қазақстан суретшілер одағының мүшесі Асқар Сәрсенбеков қылқалам өнерінен шағын ғана шебер класс өткізіп, балаларға өз туындыларын сыйға тартты.
Ұлттық компанияның Адам ресустарын басқару департаментінің директоры Ақсырға Ермұқанова, аталған департаменттің бас менеджері Қорлан Медиханова, PR департаментінің бас менеждері Лара Көбенқұловалар үздік өнерімен топты жарған теміржолшылар балаларын бірнеше жас дәрежелері бойынша марапаттады. «Балауса болашақ» байқауына 5 жасқа дейінгі жас дәрежесі бойынша қатысқандар арасынан 2-ші орынды Софья Ховлюк пен Санжар Тағанбаев, 6 мен 8 жас аралығындағы қатысушылар арасында 3-ші орынды Аяна Молдабекова, 2-ші орынды Жәния Әбдірахман, ал бірінші орынды Аделя Кендай мен Хамза Кучуковтар иеленді. 9-11 жас аралығындағы өнерпаздар арасынан Жанна Балтабекова жеңімпаз атанса, Самал Ғалиева есімді жас қылқалам шебері «Көрермен көзайымы» аталымы бойынша марапатқа ие болды. Бұдан соң 12-ден 14 жасқа дейінгі жас суретшілер арасынан үздіктер анықталып, 3-ші орынды Қарлығаш Жүсіпова мен Әбілхайыр Сейілханов өзара бөлісті. 2-ші орынға Арайлым Леспек лайық деп танылса, бірінші орынға Камила Асанбекқызы шықты. Жүлдегерлерге ұлттық компания атынан велосипед, ноутбук, магитола, самокат, планшет, ролик, смарт-сағаттар, ұялы телефон сынды бағалы сыйлықтар табыс етілсе, барлық қатысушылар тәттілер мен сурет салу жабдықтары салынған сыйлықтар алып, қуанышқа кенелді.
Ұлан Ораз
Суретті түсірген Александр Жабчук
Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды