Соңғы үлгідегі вагондар – сынақта

Новости
27.09.2016, 16:14
Дәл қазіргі таңда Қарағанды өңіріндегі Мойынты және Киік станциялары аралығында мамандар «Тұлпар-Тальго» отандық вагондардың кең шанақты жаңа түрлерін сынақтан өткізуде. Осы мақсатта, «Темір жол жылжымалы құрамның қауіпсіздігі туралы» Кедендік одақтың техникалық тәртібі талаптарына сәйкес вагондардың 8 түріне сертификатқа келісімшарт жасалды және Сынақ орталығы болып темір жол көлігіндегі қазақстандық сертификация орталығы белгіленді («ҚазТЖСО» ЖШС). Бұрынырақта вагон шанақтарының беріктігі Германияның Лейпциг қаласындағы IFFEngineering&Consulting орталығында сынақтан өткізілген болатын. Оның нәтижелері оң болып, темір жол көлігі қауіпсіздігі бойынша барлық нормативтерге сай келді. Ал Австрияның Вена қаласында RTARailTecArsenal орталығында маусым айында вагондардың жылыту, желдету, кондиционерлеу жүйесі параметрлеріне сәйкестігі сыналып, мұнда да жақсы нәтижелерге қол жеткізілді. Биыл шілде айында 29 вагоннан тұратын 2 құрам динамикалық сынаққа жіберілді. Бұл жол бір құрамға тежегіш жүйесі бойынша алдын ала сынақ жүргізілді. Екінші құрамның қисық кіші және орта радиусты рельспен жүру кезіндегі динамикалық сипаттамасы тексерілді.  Екеуі де оң бағаға ие болды. Динамикалық сынақ әлі де жалғасуда, ол қазан айына дейін жүргізілмек. Әрі қарай сынақтардың хаттамасы толтырылып, сертификация органына жіберілмек. Сертификат осы жылы 1 желтоқсанда беріледі деп күтілуде.   Жаңа вагондардың ерекшелігі қандай? Барлық түрдегі вагондардың ішкі көрінісі өзгертілді. Отырғыштары бар «Турист» деп аталатын мүлдем жаңа түрдегі вагондар пайда болды. Бизнес-класс бойынша әрбір вагон купесі қол жуғыштар және үстелдермен жабдықталған. Ал гранд-класқа жататын вагондарда барлық жағдай жасалған.  Мүгедектерге арналған купелердің дәлізге шығатын есіктері жылжымалы және екі жағынан да кіре берістерінде  жиналмалы көтергіштер орнатылған. Жалпы алғанда «Тұлпар-Тальгоның» жаңаша түрлендірілген вагондары енінен 25 см-ге, биіктігі бойынша 22,4 см-ге кеңейтілген. Санитарлық орындары 1,8 есе кеңи түскен. Жатын  орындар кеңейген. Дәліз де 10 см-ге кеңіген. 2016 жылы аталған вагондардың 149-ы тапсырылады деп жоспарлануда. Қазіргі таңда еліміздің барлық облыс орталықтарын байланыстыратын 12 жүрдек бағдар жұмыс істеп тұр. 2020 жылға дейін 8 жолаушылар бағдары «Тұлпар-Тальго» пойыздарымен жаңартылмақ.  Биыл аталған жаңа вагондармен Астана – Алматы және Алматы – Шымкент бағытындағы пойыздар жаңарады. Бұл «Тұлпар-Тальго» пойыздарының аталған бағыттарда күніне екі рет қатынауына мүмкіндік ашады. 

Нұрай СӘРСЕНҒАЛИ

Новости
02.10.2026
Студенты представили цифровые решения для КТЖ на хакатоне «KTZ – ALT INNOVATION»
Регионы
02.10.2026
Пожарный поезд привлекли для тушения условного пожара на станции Тобол
Регионы
02.10.2026
«Богатырь Көмір» и «Қазтеміртранс» готовятся к увеличению перевозок угля в Павлодарской области
Грузовые перевозки
02.10.2026
КТЖ установило рекорд по погрузке зерна в сентябре
Новости / Архив
02.10.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №78 от 2 октября 2026 года
Новости
01.10.2026
Систему «Smart Диагностика» от КТЖ презентовали на AI & Digital Bridge 2026
Регионы
01.10.2026
Реконструкция вокзала станции Уштобе завершена в области Жетысу
Новости
01.10.2026
Евразийский форум по безопасности и цифровизации на транспорте прошел в Алматы
Пассажирские перевозки
01.10.2026
Нацперевозчик вводит скидку 10% на ж/д билеты по всем маршрутам
Регионы
01.10.2026
Реконструкция железнодорожного вокзала завершена в Кокшетау
Новости
01.10.2026
Цифровые решения для КТЖ представят 43 команды на студенческом хакатоне в Алматы
Новости
01.10.2026
Студентов железнодорожного колледжа обучили вайбкодингу в КТЖ
Новости
01.10.2026
Казахстан, Узбекистан и ОАЭ проработают ж/д маршрут Казахстан – Узбекистан – Афганистан – Пакистан
Регионы
01.10.2026
Правила сортировки мусора разъяснили работникам ВЖДО в Павлодаре
Регионы
30.09.2026
Железнодорожный вокзал Шу открылся после реконструкции
Новости
30.09.2026
Порт Курык и Xi’an Free Trade Port обсудили сотрудничество
Регионы
30.09.2026
На линии Алтынколь – Жетыген запустили двухпутный перегон Иинтал – Алтынколь
Пассажирские перевозки
30.09.2026
Более 2,3 тысячи пассажиров совершили путешествия на туристических поездах КТЖ
Регионы
30.09.2026
Техническая библиотека станции Өскемен-1 поддержала проект «Читающая нация»
Регионы
30.09.2026
Учения по ликвидации условного разлива серной кислоты прошли на станции Орал