Соңғы үлгідегі вагондар – сынақта
Дәл қазіргі таңда Қарағанды өңіріндегі Мойынты және Киік станциялары аралығында мамандар «Тұлпар-Тальго» отандық вагондардың кең шанақты жаңа түрлерін сынақтан өткізуде.
Осы мақсатта, «Темір жол жылжымалы құрамның қауіпсіздігі туралы» Кедендік одақтың техникалық тәртібі талаптарына сәйкес вагондардың 8 түріне сертификатқа келісімшарт жасалды және Сынақ орталығы болып темір жол көлігіндегі қазақстандық сертификация орталығы белгіленді («ҚазТЖСО» ЖШС). Бұрынырақта вагон шанақтарының беріктігі Германияның Лейпциг қаласындағы IFFEngineering&Consulting орталығында сынақтан өткізілген болатын. Оның нәтижелері оң болып, темір жол көлігі қауіпсіздігі бойынша барлық нормативтерге сай келді. Ал Австрияның Вена қаласында RTARailTecArsenal орталығында маусым айында вагондардың жылыту, желдету, кондиционерлеу жүйесі параметрлеріне сәйкестігі сыналып, мұнда да жақсы нәтижелерге қол жеткізілді. Биыл шілде айында 29 вагоннан тұратын 2 құрам динамикалық сынаққа жіберілді. Бұл жол бір құрамға тежегіш жүйесі бойынша алдын ала сынақ жүргізілді. Екінші құрамның қисық кіші және орта радиусты рельспен жүру кезіндегі динамикалық сипаттамасы тексерілді. Екеуі де оң бағаға ие болды. Динамикалық сынақ әлі де жалғасуда, ол қазан айына дейін жүргізілмек. Әрі қарай сынақтардың хаттамасы толтырылып, сертификация органына жіберілмек. Сертификат осы жылы 1 желтоқсанда беріледі деп күтілуде.
Жаңа вагондардың ерекшелігі қандай? Барлық түрдегі вагондардың ішкі көрінісі өзгертілді. Отырғыштары бар «Турист» деп аталатын мүлдем жаңа түрдегі вагондар пайда болды. Бизнес-класс бойынша әрбір вагон купесі қол жуғыштар және үстелдермен жабдықталған. Ал гранд-класқа жататын вагондарда барлық жағдай жасалған. Мүгедектерге арналған купелердің дәлізге шығатын есіктері жылжымалы және екі жағынан да кіре берістерінде жиналмалы көтергіштер орнатылған. Жалпы алғанда «Тұлпар-Тальгоның» жаңаша түрлендірілген вагондары енінен 25 см-ге, биіктігі бойынша 22,4 см-ге кеңейтілген. Санитарлық орындары 1,8 есе кеңи түскен. Жатын орындар кеңейген. Дәліз де 10 см-ге кеңіген. 2016 жылы аталған вагондардың 149-ы тапсырылады деп жоспарлануда. Қазіргі таңда еліміздің барлық облыс орталықтарын байланыстыратын 12 жүрдек бағдар жұмыс істеп тұр. 2020 жылға дейін 8 жолаушылар бағдары «Тұлпар-Тальго» пойыздарымен жаңартылмақ. Биыл аталған жаңа вагондармен Астана – Алматы және Алматы – Шымкент бағытындағы пойыздар жаңарады. Бұл «Тұлпар-Тальго» пойыздарының аталған бағыттарда күніне екі рет қатынауына мүмкіндік ашады.
Нұрай СӘРСЕНҒАЛИ
Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды