«Тәуелсіздікке – 25 жыл» көпірі бой көтеруде

Новости
30.09.2016, 10:11
3 мин чтения
Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Павлодар өңіріне барған іссапарында  Ертіс өзені үстіне салынып жатқан көпір құрылысымен танысты. Бүгінде аталған нысанның құрылыс жұмыстары 95 пайызға аяқталған. Кереку жұртшылығы мен құрылысшылар Орталық Азиядағы ең ірі көпірге  Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, осы құрметті атауды таңуды ұсынған ұсыныстарына Елбасы қолдады. Президент көпір салушыларға құрылыс жұмыстарын сапалы және мерзімге сай жүргізіп жатқандарына алғыс білдіріп, бұл нысан «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы шеңберіндегі ірі жобалардың бірі және маңыздысы екенін атап өтті. «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында қолға алынған барлық жобалар ел экономикасының ілгерілеуіне соны серпін берумен қатар жаңа жұмыс орындарының ашылып, халықтың еңбекпен қамтылуына жаңа мүмкіндіктер беруде. –«Нұрлы жол» бағдарламасының жемісті нәтижесін ел көре бастады. Авто және темір жолдар республикамыздың облыстарын бір-бірімен байланыстырып, көрші елдермен жалғастыруда. Бұл өз кезегінде еліміздің бизнесі мен экономикасының дамуына оң ықпал етеді,  – деді Нұрсұлтан Назарбаев. 2013 жылы құрылысы басталған көпір биыл желтоқсан айында ашылады деп күтілуде. Таяуда ғана нысанның ұзына бойына, яғни, 12 жарым км жерге асфальт төселді, енді аббаттандыру  және жер төсемін нығайту жұмыстары қалып отыр. Еске сала кетсек, бұл көпір өткел – Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы ең ірі инфрақұрылымдық жоба болып саналады, оны жүзеге асыруға 53,8 миллиард теңге бөлінген. Жобаның тапсырыс берушісі – «ҚазАвтоЖол» ҰК»АҚ, бас мердігер «Казахдорстрой» ЖШС. Жаңа көлік күретамыры Астана, Павлодар, Семей, Өскемен арқылы өтетін Орталық-Шығыс бағдарының көліктік әлеуетін дамыту бойынша ауқымды республикалық жобаның бір бөлігі. Бұл магистраль еліміздің аймақтарын ғана байланыстырып қоймай, Қазақстанның шекара маңы өңірлерін көршілес Ресейдің облыстарымен жалғайды. Ертіс арқылы салынған көпір өткел көліктік логистиканы дамыту жағынан да, инженерлік шешімдер бойынша да бірегей жоба болып табылады. Үш жылдың ішінде құрылысшылар  жаңа төрт жолақты автожолдың 12,3 км-ін салды, соның 3,2 км-і жерден биік тұрған эстакадалық бөлігі. Имараттың өткізгіштік қабілеті – тәулігіне 7 мың автокөлік. Көпір өткелдің өзеннің арнасы үнемі өзгеріп отыратын алқаптық бөлігі бойынша жалпы ұзындығы – 12,3 км, соның 9,1 км-і бірінші санатқа жататын төрт жолақты қозғалысты автожол. Жерден биік тұрған тұсының ұзындығы – 3,2 км-ге жетеді: 2,4 км – эстакадалық бөлік, 252 метр – өзеннің ескі арнасы арқылы өтетін көпір, 476 метр – Ертіс өзені арқылы өтетін көпір, 73 метр – Щучье көлі арқылы өтетін көпір, 54 метр – Усолка өзені арқылы өтетін көпір ұзындықтары.    Жыл сайын қатты ағын су екпіні болатыны ескеріліп,  жобалау барысында  көпірдің барлық өткелінің су өткізу қабілетіне айрықша көңіл бөлінген. Құрылыс кезінде, жергілікті материалдар, құм-қиыршық тас қоспасы, шағыл тас және құм пайдаланылған. Сонымен қатар, құрылысқа 13500 тонна металқұрылымы, 150 мың текше метр бетон жұмсалыпты. Құрылысшылар құрылыс жұмыстары барысында ұзындығы 42 метрлік темірбетоннан көпір арқалықтарын шығаруды меңгеріп, сонымен қатар, осы жобаның арқасында эстакада бөлігінде монолит бөлігін құю, тазалау имараттарын, көпір тротуарлары арқалықтарын, кедергілер мен таяныш қоршауларды монтаждау бойынша тәжірибе жинақтапты. ТМД бойынша тұңғыш рет аркалық аралық құрылымды көтеруге - heavy lift көтергіштерінде көтеру технологиясы қолданылды. Құрылыс уақытында облыстық бюджетке салық түрі ретінде 164 миллион теңге түсім болса, республикалық бюджет қазынасы 1,9 миллиард теңгемен толықты. Айрықша атап өтерлігі, жергілікті өндірушілерден 2,9 миллиард теңгеге тауарлар мен қызметтер сатып алынған.  Құрылысқа 900-ден аса адам жұмылдырылса, соның 750-ге жуығы керекулік Ертіс жағалауының тұрғындары. Тағы бір айта кетерлігі, ел тәуелсіздігіне 25 жылдығына тарту болған көпір өткел мемлекеттік тудың түсімен түстес: қазіргі таңда алтын түстес ванттарымен айқасқан көгілдір түсті аркалар алыстан көз тартады.

Елена СТОЯНОВА, Павлодар

Райхан РАХМЕТОВА

Новости
08.10.2026
Профсоюзный актив Акмолинской области повысил правовую грамотность на семинаре в Кокшетау
Регионы
08.10.2026
Четыре выезда на пожары совершил пожарный поезд ПП-12 станции Павлодар
Новости
08.10.2026
КТЖ инициирует ужесточение штрафов за выпас скота вблизи железных дорог
Новости
08.10.2026
Более 60 железнодорожников вышли на субботник в Астане
Регионы
07.10.2026
Сервис вышел на новый уровень: как преобразился вокзал станции Оскемен-1
Новости
07.10.2026
КТЖ провело ярмарку вакансий для студентов ALT Университета
Регионы
07.10.2026
День пожилых людей отметили карагандинские железнодорожники
Новости
07.10.2026
Более 400 школьников прошли уроки безопасности на железной дороге в Астане
Регионы
06.10.2026
Память почетного железнодорожника Ерика Жидилова увековечили в Павлодаре
Новости
06.10.2026
Железнодорожники проводят месячник профилактики для школьников
Инфраструктура
06.10.2026
Более 1056 км ж/д путей отремонтировано в Казахстане
Новости
06.10.2026
Еще 18 локомотивов пополнили парк КТЖ
Новости
06.10.2026
Вокзал Алматы-1 готовят к открытию
Новости
06.10.2026
Сауранбаев: Цифровизация сократила ожидание грузов на границе в 10 раз
Новости
06.10.2026
KTZ Express и Maersk представили совместные решения для экспорта казахстанской продукции
Новости
06.10.2026
ҚТЖ представило ИТ-стратегию до 2030 года на форуме Digital Bridge
Новости / Архив
06.10.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №79 от 06 октября 2026 года
Новости
05.10.2026
О ходе дноуглубительных работ в порту Актау рассказали в Минтрансе
Регионы
05.10.2026
Реконструкция вокзала станции Аксу-2 завершена в Павлодарской области
Регионы
05.10.2026
Уральские железнодорожники отметили День пожилого человека