Рекордтық көрсеткішті межелеуде
Новости
03.10.2016, 12:08
Бүгінде Семей жүк тасымалдау бөлімшесі бойынша жүк тиеу, түсіру жұмыстары науқандық шараларға байланысты ерекше қарқын алуда. Бұл ретте ел шығысын қамтып, қала берді таяу шет мемлекеттерге көмір жөнелтіп отырған, Қаражыра кенішінің іргесінде орын тепкен екінші класты Дегелең станциясындағы жұмыс қауырт.
Себебі, күздің келуімен бірге тапсырыс та көбейеді. Ал жоспарды мезгілінен кешіктірмей орындау дегелеңдік теміржолшылар үшін бұлжымас міндет. Дегелең станциясының сала қызметкерлері жүк тиеу бойынша өткен жылды жемісті қорытындылаған болатын. Мәселен, желтоқсан айында тәулігіне 490 вагон көмір тиеп, жоспарды межеден асырған еді. Ал биылғы жылы бұл көрсеткішті тағы жоғарылатып, рекорд жаңартуды көздеп отыр.
Қазіргі күні тапсырысқа сай, жоспар бойынша тәулігіне 420 вагон жүк тиеліп, 6 жылжымалы құрам жолға шығады. Бұл өткен жылдың есепті мерзімімен салыстырғанда анағұрлым жоғары көрсеткіш. Яғни, жүк көлемін еселеп арттыруға әлі де мүмкіндік бар деген сөз. Осы ретте аталмыш станция бойынша 6 000 тонналық жүкті жолға алып шығатын ауыр салмақты пойыздар бар екенін ескерсек, көзделген межеге қол жеткізуге мүмкіндік туып тұр.
–Бүгінгі таңда Қаражыра кеніші басшылығының өтінімі бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Көмір тиеу биыл жаз бойы жүзеге асырылды. Тәулігіне 140 вагоннан тұратын екі жылжымалы құрамды тұрақты түрде жөнелтіп тұрдық. Ал тамыз айынан бастап жүк тиеу шарасы күрт қарқын алды. Жыл соңына дейін көрсеткіштеріміз еселеп өсетін болады. Оған қызметтік әлеуетіміз жеткілікті, – дейді пікір білдірген Дегелең станциясы бастығының шұғыл жұмыстар бойынша орынбасары Хамза Тұрсынғали.
Қазіргі күні аталмыш станциядан үш жолаушы пойызы өтеді. Ал транзиттік жылжымалы құрамдар күнделікті ағылуда. Оның барлығын 75 теміржолшы қызмет ететін аталмыш станция көршілес Павлодар бөлімшесіне тапсырады. Басшылықтың айтуынша, жүк тиеу ғана емес, пойыздар қатынасы да бұрынғы жылдарға қарағанда анағұрлым артып келеді екен. Мұнымен қоса әрине, дегелеңдік теміржолшылардың еңбегі де еселене түсуде.
Қуаныш ҚОЖАЕВ, Дегелең станциясы
Новости
25.08.2026
Более 19,5 млн тонн угля перевезло КТЖ к новому отопительному сезону
Новости
25.08.2026
Более 450 раз машинисты прибегали к экстренным торможениям из-за выхода на пути животных
Регионы
25.08.2026
Узловое совещание прошло в Уральске
Новости
25.08.2026
Реконструкция 72 железнодорожных вокзалов завершена в Казахстане
Новости / Архив
25.08.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №67 от 25 августа 2026 года
КТЖ в лицах
24.08.2026
Главу АО «Теміржолсу» Түсіпбек Қойшығұл проводили на пенсию
Новости
24.08.2026
КТЖ расширяет применение Trip Optimizer и Kinetix
Регионы
24.08.2026
Транспортная прокуратура и полиция провели профилактическую встречу с павлодарскими железнодорожниками
Грузовые перевозки
24.08.2026
Объем грузовых перевозок за 7 месяцев достиг 184,4 млн тонн
Новости
24.08.2026
ТОО «КТЖ – Грузовые перевозки» – «Ақмола» победило в конкурсе «Үздік теміржол ұжымы»
Регионы
24.08.2026
Павлодарские железнодорожники провели профилактическую акцию в детском спортивном клубе
Регионы
23.08.2026
Ж/д вокзал Актобе открылся после реконструкции
Регионы
23.08.2026
Реконструкция вокзала Тобол завершена в Костанайской области
Регионы
21.08.2026
Будущие водители увидели железную дорогу из кабины локомотива на станции Арыс
Пассажирские перевозки
21.08.2026
Пассажирский поезд «Нурлы жол – Аркалык» продолжит курсировать до конца года
Новости
21.08.2026
Рука помощи: ребенок из семьи железнодорожников нуждается в курсе платной реабилитации
Инфраструктура
21.08.2026
Очередной этап модернизации завершен на железнодорожном участке Кандыагаш – Тобол
Регионы
21.08.2026
Вокзалы Акмолинской области меняют облик
Инфраструктура
21.08.2026
Двухпутное движение запущено на перегоне Жетыген – Курозек
Новости
21.08.2026
Казахстанско-китайское взаимодействие в транспортно-логистической сфере обсудили в Kazlogistics