Ұрлық азаймай тұр

Новости
03.10.2016, 12:26
Телім бойындағы байланыс кабельдерін кесіп алып мемлекет нысандарына залал келтіру оқиғалары соңғы кезде аймақта белең алып отыр. Мәселен,  үстіміздегі жылдың тоғыз айы мен жиырма күні ішінде Қызылорда және Қазалы белгі беру-байланыс дистанцияларына қарасты мигистральдық байланыс кабельдерін кесуге және ұрлауға қатысты 6 оқиға тіркелген.   Үш оқиға Қызылорда ШЧ-39 мекемесінде, қалған үшеуі Қазалы ШЧ-40 серіктестігінің телімдерінде орын алып, магистральдық байланыс кабельдерінің істен шығуы мекемелердің ырғақты жұмысының бұзылуына себепкер болып үлкен көлемде шығын келтірген. Бір таңқаларлығы, кабельдерді кесу, ұрлау фактілері бірыңғай түнгі уақыттарда болған. Кабелдердің қолды болуы фактілері жайлы Қызылорда магистральдық желі бөлімшесі директорының орынбасары Берік Бекжанов мәлімдеді. – Қызылорда ШЧ-39 мекемесінің телімдеріндегі магистральдық кабельдердің ұрлануынан жалпы 377 397 теңге 18 тиын көлемінде шығын келсе, ШЧ-40 Қазалы серіктестігіне 1 396 601,07 теңге залал келді. Және де оқиғалар түн жарымында орын алып отырған, – дейді бөлімше басшысының орынбасары. Оқиғаларды тарқатып айтар болсақ, алғашқысы Қызылорда ШЧ-39 мекемесі телімдерінен 23 маусым күні Анакөл – Қызылтам аралығындағы күшейткіш пунктегі (НУП) байланыс желісінің күшейткіш құрылғыларының ұрлануы салдарынан 54705,50 теңге шығын келген. Ал келесі жағдай, Бәйгеқұм –Бақтысай аралығы 2920 шақырымда сегізінші қыркүйек күні кешкі 20 сағат шамасында болыпты. Магистральдық байланыс кабельдерінің трассасына қойылған ескерту белгілеріне қарамай жер қазу жұмыстарын жүргізген трактор жүргізушісі, байланыс кабельдерін үзіп мекемеге 177 919,32 теңгелік зиян келтірген. Сондай-ақ Қараиірім – Қаракеткен аралығында тамыз айының 16-жұлдызында түнгі 21 сағат 55 минутта бөгде кісілер магистральдық байланыс кабелін кесіп, 144 772,36 теңге көлемінде залал тигізген. Бұл жайлардың бәрі  Қызылорда белгі беру-байланыс мекемесінде тіркеліп отыр. Ал Қазалы ШЧ-40 мекемесі телімдерінде «еншісіндегі» 3 оқиға Қорқыт – Ордазыда 00 сағат 55 минутта, Дерментөбе – Қорқытта 03 сағат 25 минутта және Ордазы – Жосалы аралығында 23 сағат 35 минутта болып,  мекемеге 541 933 теңге 66 тиын зиян келтірген. Қазіргі таңда аталған оқиғаларға шұғыл шаралар қолға алынып, анықталған екі адамнан шығын орны толтырылуда болса, қалған төрт жағдайға кінәлі тараптар құқық қорғау органдары тарапынан іздестірілуде. – Темір жол бойындағы магистральдық кабелдер төселген аумақтарға «қазба, кабель» деген ескерту белгілері орнатылған. Дегенмен ескерту белгілері болса да, оған мән бермей жер қазу, кабельдерді кесу, ұрлау фактілері азаймай тұр. Және де оқиғалар түн мезгілінде, бекеттерден алыс нүктелерде орын алып отыр. Осыған орай жол бойындағы бөгде кісілерді бірінші байқайтын тепловоз машинистері мен теміржолшылардың сақ болуын, бейсауыт жүрген адам кезіктірсе тиісті диспетчерлерге тез арада хабарлауын сұраймыз, – дейді бөлімше басшысының орынбасары.

Сабырхан СЕЙІЛБЕКҰЛЫ, Қызылорда

Новости
25.08.2026
Более 19,5 млн тонн угля перевезло КТЖ к новому отопительному сезону
Новости
25.08.2026
Более 450 раз машинисты прибегали к экстренным торможениям из-за выхода на пути животных
Регионы
25.08.2026
Узловое совещание прошло в Уральске
Новости
25.08.2026
Реконструкция 72 железнодорожных вокзалов завершена в Казахстане
Новости / Архив
25.08.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №67 от 25 августа 2026 года
КТЖ в лицах
24.08.2026
Главу АО «Теміржолсу» Түсіпбек Қойшығұл проводили на пенсию
Новости
24.08.2026
КТЖ расширяет применение Trip Optimizer и Kinetix
Регионы
24.08.2026
Транспортная прокуратура и полиция провели профилактическую встречу с павлодарскими железнодорожниками
Грузовые перевозки
24.08.2026
Объем грузовых перевозок за 7 месяцев достиг 184,4 млн тонн
Новости
24.08.2026
ТОО «КТЖ – Грузовые перевозки» – «Ақмола» победило в конкурсе «Үздік теміржол ұжымы»
Регионы
24.08.2026
Павлодарские железнодорожники провели профилактическую акцию в детском спортивном клубе
Регионы
23.08.2026
Ж/д вокзал Актобе открылся после реконструкции
Регионы
23.08.2026
Реконструкция вокзала Тобол завершена в Костанайской области
Регионы
21.08.2026
Будущие водители увидели железную дорогу из кабины локомотива на станции Арыс
Пассажирские перевозки
21.08.2026
Пассажирский поезд «Нурлы жол – Аркалык» продолжит курсировать до конца года
Новости
21.08.2026
Рука помощи: ребенок из семьи железнодорожников нуждается в курсе платной реабилитации
Инфраструктура
21.08.2026
Очередной этап модернизации завершен на железнодорожном участке Кандыагаш – Тобол
Регионы
21.08.2026
Вокзалы Акмолинской области меняют облик
Инфраструктура
21.08.2026
Двухпутное движение запущено на перегоне Жетыген – Курозек
Новости
21.08.2026
Казахстанско-китайское взаимодействие в транспортно-логистической сфере обсудили в Kazlogistics