Ұрлық азаймай тұр
Жаңалықтар
03.10.2016, 12:26
Телім бойындағы байланыс кабельдерін кесіп алып мемлекет нысандарына залал келтіру оқиғалары соңғы кезде аймақта белең алып отыр. Мәселен, үстіміздегі жылдың тоғыз айы мен жиырма күні ішінде Қызылорда және Қазалы белгі беру-байланыс дистанцияларына қарасты мигистральдық байланыс кабельдерін кесуге және ұрлауға қатысты 6 оқиға тіркелген.
Үш оқиға Қызылорда ШЧ-39 мекемесінде, қалған үшеуі Қазалы ШЧ-40 серіктестігінің телімдерінде орын алып, магистральдық байланыс кабельдерінің істен шығуы мекемелердің ырғақты жұмысының бұзылуына себепкер болып үлкен көлемде шығын келтірген. Бір таңқаларлығы, кабельдерді кесу, ұрлау фактілері бірыңғай түнгі уақыттарда болған. Кабелдердің қолды болуы фактілері жайлы Қызылорда магистральдық желі бөлімшесі директорының орынбасары Берік Бекжанов мәлімдеді.
– Қызылорда ШЧ-39 мекемесінің телімдеріндегі магистральдық кабельдердің ұрлануынан жалпы 377 397 теңге 18 тиын көлемінде шығын келсе, ШЧ-40 Қазалы серіктестігіне 1 396 601,07 теңге залал келді. Және де оқиғалар түн жарымында орын алып отырған, – дейді бөлімше басшысының орынбасары.
Оқиғаларды тарқатып айтар болсақ, алғашқысы Қызылорда ШЧ-39 мекемесі телімдерінен 23 маусым күні Анакөл – Қызылтам аралығындағы күшейткіш пунктегі (НУП) байланыс желісінің күшейткіш құрылғыларының ұрлануы салдарынан 54705,50 теңге шығын келген. Ал келесі жағдай, Бәйгеқұм –Бақтысай аралығы 2920 шақырымда сегізінші қыркүйек күні кешкі 20 сағат шамасында болыпты. Магистральдық байланыс кабельдерінің трассасына қойылған ескерту белгілеріне қарамай жер қазу жұмыстарын жүргізген трактор жүргізушісі, байланыс кабельдерін үзіп мекемеге 177 919,32 теңгелік зиян келтірген. Сондай-ақ Қараиірім – Қаракеткен аралығында тамыз айының 16-жұлдызында түнгі 21 сағат 55 минутта бөгде кісілер магистральдық байланыс кабелін кесіп, 144 772,36 теңге көлемінде залал тигізген. Бұл жайлардың бәрі Қызылорда белгі беру-байланыс мекемесінде тіркеліп отыр. Ал Қазалы ШЧ-40 мекемесі телімдерінде «еншісіндегі» 3 оқиға Қорқыт – Ордазыда 00 сағат 55 минутта, Дерментөбе – Қорқытта 03 сағат 25 минутта және Ордазы – Жосалы аралығында 23 сағат 35 минутта болып, мекемеге 541 933 теңге 66 тиын зиян келтірген. Қазіргі таңда аталған оқиғаларға шұғыл шаралар қолға алынып, анықталған екі адамнан шығын орны толтырылуда болса, қалған төрт жағдайға кінәлі тараптар құқық қорғау органдары тарапынан іздестірілуде.
– Темір жол бойындағы магистральдық кабелдер төселген аумақтарға «қазба, кабель» деген ескерту белгілері орнатылған. Дегенмен ескерту белгілері болса да, оған мән бермей жер қазу, кабельдерді кесу, ұрлау фактілері азаймай тұр. Және де оқиғалар түн мезгілінде, бекеттерден алыс нүктелерде орын алып отыр. Осыған орай жол бойындағы бөгде кісілерді бірінші байқайтын тепловоз машинистері мен теміржолшылардың сақ болуын, бейсауыт жүрген адам кезіктірсе тиісті диспетчерлерге тез арада хабарлауын сұраймыз, – дейді бөлімше басшысының орынбасары.
Сабырхан СЕЙІЛБЕКҰЛЫ, Қызылорда
Жаңалықтар
25.08.2026
ҚТЖ жаңа жылыту маусымына 19,5 млн тоннадан астам көмір жеткізді
Инфрақұрылым
25.08.2026
Алпыс сағаттық ауқымды жұмыс
Аймақтар
25.08.2026
Үздік жолшылар ұжымы – Құлсарыда
Аймақтар
25.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар жүк тасымалын табысты үйлестіріп отыр
ҚТЖ келбеті
25.08.2026
Қауіпті ақауды дер кезінде таныған маман
Әлеумет
25.08.2026
Ізгі дәстүр: Теміржолшылар бірінші сыныпқа баратын балаларға қолдау көрсетті
Аймақтар
25.08.2026
Ұрлық түбі – қорлық
Жаңалықтар / Мұрағат
25.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №67 25 тамыз 2026 жыл
Қауіпсіздік
24.08.2026
Қауіпсіздікке талап қашан да жоғары
Әлеумет
24.08.2026
Жамбылда 235 бүлдіршінге мектеп құралдары берілді
Жаңалықтар
24.08.2026
ҚТЖ Trip Optimizer және Kinetix-ті қолдануды кеңейтеді
Трансформация
24.08.2026
Олжас Бектенов көлік саласының трансформациясын тексерді
Жүк тасымалы
24.08.2026
Елімізде теміржол транзитін автоматтандыру аясы кеңейді
Жаңалықтар
24.08.2026
Қазақстан теміржол транзитін рәсімдеуді алты есе жылдамдатты
Жүк тасымалы
24.08.2026
Биыл ҚТЖ желісімен 184,4 млн тонна жүк тасымалданды
Жаңалықтар
24.08.2026
Қараусыз қалған мал жүк пойызының шұғыл тежелуіне себеп болды
Аймақтар
24.08.2026
Павлодарлық теміржолшылар жас спортшыларға қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Аймақтар
23.08.2026
Ақтөбе вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
23.08.2026
Қостанай облысында Тобыл вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
21.08.2026
Арыс станциясында болашақ жүргізушілерге машинист көзімен темір жол көрсетілді