Теміржолшылар жүгі жеңілдемек
Новости
24.05.2016, 13:59
Темір жол бойында тек тәртіп пен қауіпсіздік қана емес, санитарлық тазалық шаралары да талапқа сай болуы керек. Бұл «ҚТЖ» ҰК» АҚ Семей жол бөлімшесінің басшысы Марлен Көкірекбаевтың бастамасымен жолға қойылған қызметтік ұстаным.
«Сырт көз сыншы» деген. Алаш жұртының рухани астанасы саналар Семей шаһарында шартараптан келетін сан тарау жолдар тоғысады. Әлбетте, алыс-жақыннан қатынайтын жолаушылар көп жағдайда пойызды таңдайтыны белгілі. Қынжылтарлығы сол, қалаға кіргеннен-ақ көзге ұратын жайт – желінің қос қапталындағы шашылған қоқыс пен үйілген күлтөкпелер. Оның көпшілігі жеке сектордағы тұрғын үйлерден шығады. Қысқасы, санитарлық тазалық сын көтермейді. Әрине, жол шаруашылығының теміржолшылары араласып, өз күштерімен қоқыс жинап, жиі-жиі тазалық шараларын ұйымдастырады. Биылғы санитарлық тазалық жүргізудің екі айлығы аясында бірнеше мәрте сенбілік те ұйымдастырылды. Әйтседе, бұл қоғамдық мәселеге індетіп көңіл аударудың қажеттілігі туып тұр.
Міне, осы жайтқа байланысты Семей жол бөлімшесі басшылығы мен жергілікті атқарушы билік қала тарихында тұңғыш рет ортақ диалог құрып, мәселені бірігіп шешу жолдарын қарастырды. Темір жол мен қала басшысы өзге де тазалық мәселесіне жауапты сала мамандармен бірге желі бойында рейд жүргізді. Желі бойының тазалығын теміржолшылармен қатар құқық қорғау органдары басшылары, облыстық және қалалық мәслихат депутаттары да аралап көрді.
Аумақтағы ахуалмен таныстырған Марлен Кәрімұлы қазіргі таңда мұндай келеңсіз көріністермен тек теміржолшылардың ғана күрес жүргізіп жатқанын айта келіп, құзырлы орындар тарапынан тиісті көмек берілуін сұрады. Бұл пікірді қала әкімі Е.Сәлімов те қуаттады. Рейд барысында РСУ-1, темір жол ауданы, желі іргесінде орын тепкен көтерме сауда базары мен «Жансая» сауда кешенінің маңайы, «Спартак» алаңы маңы, жеке секторлардың айналасы тұрмыстық қалдықтарға толы екені анықталды. Тек станция басы ғана мұнтаздай.
Рейд соңында Жаңа-Семей станциясында өткен талқылау жиыны барысында осынау мәселені бірігіп шешу жолдары қарастырылды. Бірқатар жауапты мекемелерге нақты тапсырмалар жүктелді. Яғни, қоқыс пен күрес теміржолшылардың иығына ғана артылып қойылмайды. Сонымен қатар, желінің қос қапталындағы ірілі-ұсақты мекемелер басшыларына тың міндеттемелер жүктелді. Ендігі аралықта олар тазалықпен қоса сырлау, көріктендіру жұмыстарын да қатар жүргізулері тиіс. Бұл шараларды қалалық ішкі істер басқармасына қарасты табиғатты қорғау полициясы қадағалайтын болды. Яғни, ендігі аралықта темір жол бойын ластап, күл-қоқыстан тазартпағаны үшін жеке тұлғаларға 20 айлық есептік көрсеткіш, ал заңды тұлғаларға 30-дан бастап 100 АЕК-ке дейін айыппұл салынбақ. Осылайша, көп жағдайда қоқыс тазалаушы қызметін де қоса атқарып жүрген жолшылар үшін біршама жеңілдік туатын болды.
Ал аталмыш рейд нәтижесі бойынша желі бойындағы тұрғындарға, көлік гараждары мен өзге де мекемелер қожайындарына сенбілік жүргізуге 10 күн мерзім берілді.
Қуаныш ҚОЖАЕВ, Семей
Регионы
27.07.2026
Семинар по пожарной безопасности завершился практическими учениями в Алматы
Регионы
27.07.2026
«Руки вверх» и «Ирина Кайратовна» выступят на Дне работников транспорта в Экибастузе
Новости
27.07.2026
В КТЖ усилили меры пожарной безопасности и готовность к ЧС
Новости
27.07.2026
КТЖ призвало пассажиров соблюдать правила безопасности на железнодорожном транспорте
Регионы
27.07.2026
Условный пожар потушили в вагоне мобильного диагностического комплекса на станции Сороковая
Регионы
27.07.2026
Доску почёта лучших железнодорожников открыли в Павлодарском регионе
Регионы
27.07.2026
Вокзал Сарыбель открылся после реконструкции
Новости
27.07.2026
Миллионный контейнер отправлен по маршруту Россия – Казахстан – Китай
Новости
27.07.2026
Касым-Жомарт Токаев: железнодорожные перевозки между Казахстаном и Россией достигли 92 млн тонн
Новости
27.07.2026
Президентам Казахстана и России представили цифровые проекты в сфере торговли и логистики
Регионы
24.07.2026
Еще два железнодорожных вокзала открылись после реконструкции в Акмолинской области
Регионы
24.07.2026
Профилактический рейд по безопасности на железной дороге прошел на перегоне Уральск – Жилаево
Новости
24.07.2026
При строительстве линии Мойынты – Кызылжар выполнено 93% земляных работ
КТЖ в лицах
24.07.2026
Почетный железнодорожник Игорь Сенчугов отметил 80-летний юбилей
Интервью
24.07.2026
АО «Кедентранссервис»: новые возможности для логистики Казахстана
Регионы
24.07.2026
Павлодарские железнодорожники приняли участие в учениях по тушению пожаров
Новости / Архив
24.07.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №56 от 24 июля 2026 года
Регионы
23.07.2026
Железнодорожной вокзал станции Жетысу открылся после реконструкции
Регионы
23.07.2026
Павлодарские железнодорожники разъяснили владельцам скота правила выпаса животных
Регионы
23.07.2026
Подготовку к отопительному сезону обсудили в Семейском отделении грузовых перевозок