Теміржолшылар жүгі жеңілдемек

Жаңалықтар
24.05.2016, 13:59
 Темір жол бойында тек тәртіп пен қауіпсіздік қана емес, санитарлық тазалық шаралары да талапқа сай болуы керек. Бұл «ҚТЖ» ҰК» АҚ Семей жол бөлімшесінің басшысы Марлен Көкірекбаевтың бастамасымен жолға қойылған қызметтік ұстаным. «Сырт көз сыншы» деген. Алаш жұртының рухани астанасы саналар Семей шаһарында шартараптан келетін сан тарау жолдар тоғысады. Әлбетте, алыс-жақыннан қатынайтын жолаушылар көп жағдайда пойызды таңдайтыны белгілі. Қынжылтарлығы сол, қалаға кіргеннен-ақ көзге ұратын жайт – желінің қос қапталындағы шашылған қоқыс пен үйілген күлтөкпелер. Оның көпшілігі жеке сектордағы тұрғын үйлерден шығады. Қысқасы, санитарлық тазалық сын көтермейді. Әрине, жол шаруашылығының теміржолшылары араласып, өз күштерімен қоқыс жинап, жиі-жиі тазалық шараларын ұйымдастырады. Биылғы санитарлық тазалық жүргізудің екі айлығы аясында бірнеше мәрте сенбілік те ұйымдастырылды. Әйтседе, бұл қоғамдық мәселеге індетіп көңіл аударудың қажеттілігі туып тұр. Міне, осы жайтқа байланысты Семей жол бөлімшесі басшылығы мен жергілікті атқарушы билік қала тарихында тұңғыш рет ортақ диалог құрып, мәселені бірігіп шешу жолдарын қарастырды. Темір жол мен қала басшысы  өзге де тазалық мәселесіне жауапты сала мамандармен бірге желі бойында рейд жүргізді. Желі бойының тазалығын теміржолшылармен қатар құқық қорғау органдары басшылары, облыстық және қалалық мәслихат депутаттары да аралап көрді. Аумақтағы ахуалмен таныстырған Марлен Кәрімұлы қазіргі таңда мұндай келеңсіз көріністермен тек теміржолшылардың ғана күрес жүргізіп жатқанын айта келіп, құзырлы орындар тарапынан тиісті көмек берілуін сұрады. Бұл пікірді қала әкімі Е.Сәлімов те қуаттады. Рейд барысында РСУ-1, темір жол ауданы, желі іргесінде орын тепкен көтерме сауда базары мен «Жансая» сауда кешенінің маңайы, «Спартак» алаңы маңы, жеке секторлардың айналасы тұрмыстық қалдықтарға толы екені анықталды. Тек станция басы ғана мұнтаздай. Рейд соңында Жаңа-Семей станциясында өткен талқылау жиыны барысында осынау мәселені бірігіп шешу жолдары қарастырылды. Бірқатар жауапты мекемелерге нақты тапсырмалар жүктелді. Яғни, қоқыс пен күрес теміржолшылардың иығына ғана артылып қойылмайды. Сонымен қатар, желінің қос қапталындағы ірілі-ұсақты мекемелер басшыларына тың міндеттемелер жүктелді. Ендігі аралықта олар тазалықпен қоса сырлау, көріктендіру жұмыстарын да қатар жүргізулері тиіс. Бұл шараларды қалалық ішкі істер басқармасына қарасты табиғатты қорғау полициясы қадағалайтын болды. Яғни, ендігі аралықта темір жол бойын ластап, күл-қоқыстан тазартпағаны үшін жеке тұлғаларға 20 айлық есептік көрсеткіш, ал заңды тұлғаларға 30-дан бастап 100 АЕК-ке дейін айыппұл салынбақ.  Осылайша, көп жағдайда қоқыс тазалаушы қызметін де қоса атқарып жүрген жолшылар үшін біршама жеңілдік туатын болды. Ал аталмыш рейд нәтижесі бойынша желі бойындағы тұрғындарға, көлік гараждары мен өзге де мекемелер қожайындарына сенбілік жүргізуге 10 күн мерзім берілді.

Қуаныш ҚОЖАЕВ, Семей

Жаңалықтар
27.07.2026
ҚТЖ төтенше жағдайларға дайындықты және өрт қауіпсіздігі шараларын күшейтті
Аймақтар
27.07.2026
Табиғат аясындағы семинар-тренинг
Аймақтар
27.07.2026
Сарыбел вокзалы жаңартудан кейін қайта ашылды
Әлемде
27.07.2026
Alstom компаниясы Франциядағы IPCEI сутегі жобаларын тоқтататынын хабарлады
Аймақтар
27.07.2026
Құрғақ порт пен логистикалық парк құрылысы басталды
Жаңалықтар
27.07.2026
Миллионыншы контейнер Ресей – Қазақстан – Қытай бағдары бойынша жөнелтілді
Аймақтар
24.07.2026
Ақмола облысында қайта жаңартудан кейін екі теміржол вокзалы ашылды
Аймақтар
24.07.2026
Орал – Жилаево аралығында теміржолдағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық рейд өтті
Жолаушылар тасымалы
24.07.2026
Пойызда қандай заттарды алып жүруге болмайды?
Инфрақұрылым
24.07.2026
Шетпенің жаңа келбеті
Аймақтар
24.07.2026
Таразда теміржолдағы қауіпсіздік бойынша рейд өтті
Қауіпсіздік
24.07.2026
Техникалық тексеріс жалғасуда
Аймақтар
24.07.2026
Қаперде ұстайтын қағида
Қауіпсіздік
24.07.2026
Сайөтес станциясында «Қауіпсіз жол» профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр
Аймақтар
24.07.2026
Атырауда жарты жылда 29,7 шақырым теміржол күрделі жөндеуден өтті
ҚТЖ келбеті
24.07.2026
Теміржол тарланына тағзым
Спорт
24.07.2026
Ақмолада теміржолшы ардагерлер арасында шахматтан турнир өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
24.07.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №56 24 шілде 2026 жыл
Жаңалықтар
23.07.2026
Орта дәліздің жаңа кезеңі: Қазақстан мен Өзбекстан транзиттік серіктестікті күшейтіп жатыр
Аймақтар
23.07.2026
Алматы облысында Жетісу теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды