Болат жол мамандарын даярлауға өзіндік үлесін қосып отырған Тараз темір жол көлігі колледжіне бірінші курсқа түскен 30 студент ант қабылдады.Бұл ТО-16-01 және ОПП-16-01 тобының стденттері еді. Салтанатты шарада колледж құрылтайшысы, Құрметті теміржолшы Зұлыбхар Серікбаев сөз сөйлеп, колледж қабырғасында білім алуға келген жас теміржолшыларға сәттілік тіледі. Ал колледж директоры Бахтияр Серікбаев пен ата-аналар бүгінгі күні колледж табалдырығын аттап, ант беріп тұрған әрбір студент егемен ел экономикасының көшін ілгері сүйреуші азаматтар болатындығына сенім білдірді. Шара студенттер дайындаған концерттік бағдарламаға ұласты.