Болат жол мамандарын даярлауға өзіндік үлесін қосып отырған Тараз темір жол көлігі колледжіне бірінші курсқа түскен 30 студент ант қабылдады. Бұл ТО-16-01 және ОПП-16-01 тобының стденттері еді. Салтанатты шарада колледж құрылтайшысы, Құрметті теміржолшы Зұлыбхар Серікбаев сөз сөйлеп, колледж қабырғасында білім алуға келген жас теміржолшыларға сәттілік тіледі. Ал колледж директоры Бахтияр Серікбаев пен ата-аналар бүгінгі күні колледж табалдырығын аттап, ант беріп тұрған әрбір студент егемен ел экономикасының көшін ілгері сүйреуші азаматтар болатындығына сенім білдірді. Шара студенттер дайындаған концерттік бағдарламаға ұласты.

Арсен Байзақ, Тараз

Суретті түсірген автор