Кітап алыңыз, жолаушы...
Новости
25.10.2016, 11:16
«Кітап алыңыз... кітап...». Семей теміржол вокзалына жолы түскен жолаушы ерекше жағдайдың куәсі болды. Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық торқалы тойына орай Семей жүк тасымалдау бөлімшесі бойынша тағы бір креативті жаңа бастама қолға алыныпты. «Жолаушы, жолға кітап ал!» атты акция аясында семейліктер жолаушыларға тегін кітап таратты.
Семей теміржолы бойынша «Тәуелсіздік мерейтойына – 25 игі іс» жобасы басталғанын, оның мәдени-қоғамдық, әлеуметтік бағыттағы түрлі шаралармен апта сайын толығып отырғанын осыған дейін де жазған болатынбыз. Тұңғыш рет қолға алынған аталмыш акция да мерейтой құрметіне арналды. Ерекше идеяның авторы бөлімше басшысы Марлен Көкірекбаев.
Бұл күні Семей теміржолына қарасты барлық мекемелердің кәсіподақ комитетінің қызметкерлері вокзалда кітаптардың жайма-көрмесін ұйымдастырды. Сапарға аттанғалы тұрған және вокзалға аялдаған пойыздан бірер минутқа түскен жолаушылар өздері ұнатқан, таңдаған кітаптарының бірнешеуін тегін алып кетіп жатыр. «Осыған дейін вокзалда анау алыңыз, мынау алыңыз» деп тамақ, сусын, басқа да керек-жарақ ұсынғандарға көзіміз үйренген ғой, бүгін міне, «кітап алыңыз, кітап...» дегенге таң қалып қалғанымыз рас, сатып жатқан жоқ, тегін таратуда. Мен екі бірдей сирек кездесетін қазақ жазушыларының романын алып қуанышымда шек жоқ, – дейді Алматыға кетіп бара жатқан егде кісі.
Осыған дейін қала бойынша «Кітапханаға кітап сыйла!» атты акция өткізіліп, оған желі бойындағы барша теміржолшылар қызу атсалысқан болатын. Нәтижесінде 3 мыңның үстінде қазақ және орыс тілдеріндегі кітаптар жиналыпты. Жұртшылықтан сыйға алынған классикалық шығармалар аса көлемді, кітап қоры сан алуан. Тіпті толық кітапханасын сыйға тартқандар да болыпты. Арасында аға буын сүйіп оқыған Әзілхан Нұршайықовтың «Махаббат қызық мол жылдар», Оралхан Бөкейдің «Зымырайды пойыздар» сынды туындыларынан бастап, Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділері», Әбіш Кекілбаев пен Мұхтар Мағауиннің тарихи романдары сынды сирек кездесетін кітаптар да бар екен. Міне, осынау көркем әдебиеттердің барлығы кітап оқуға пейіл танытқан жолаушыларға тегін үлестірілді. Кітаптардың ортасына сәт-сапар тілегі жазылған буклеттер, Семей теміржолының логотипі қоса салыныпты.
Жолаушы халықпен бірге рухани қазынаны жолсеріктер де құшақ-құшақ алып жатты. «Пойыздағы жолаушылар бос уақыттарында оқығысы келсе үлестіріп беріп, кейін қайта жинап алып отырамын. Он шақты кітап алдым, шағын кітапхана жасақтаймын», – дейді Алматыға бет алған пойыз жолсерігі. Яғни, ендігі аралықта Новосібір – Алматы, Павлодар – Алматы бағытындағы жолаушылар пойызында жолушыларға арналған шағын кітапхана пайда болды деген сөз.
Қазіргі таңда, технология қарқынды дамып, ұялы байланыс пен ғаламтор өмірімізден елеулі орын алған заманда әсіресе жастардың кітап оқуға деген ынтасы азайғанын байқауға болады. Сол себептен, ел Тәуелсіздігі мерейтойы аясында осынау ерекше акцияны қолға алдық. Бұл шара жолаушы қауымның рухани байлығын молайтып, жол қысқартып, сапарларының мазмұнды өтуіне септеседі деп сенеміз. Сондай-ақ, кітаптар өмірін ұзартып, еліміздегі кітапқұмарлар қауымының санын да арттыра түседі деп үміттенеміз, – дейді бөлімше басшысы Марлен Кәрімұлы.
Тың да ерекше бастама көтерген семейліктер арқасында ендігі жерде
Семей теміржолының логотипімен сыйға берілген кітаптар Қазақстанның ғана емес, көрші Ресейдің де пойыздарын аралап, оқырмандар санын көбейте берері анық. Кітап алыңыз, жолаушы...
Қуаныш ҚОЖАЕВ, Семей
Регионы
22.07.2026
Реконструкция железнодорожных вокзалов завершена в Мангистауской и Павлодарской областях
Новости
22.07.2026
Минтранс поручил перевозчикам до конца года обеспечить пассажирские поезда доступом к интернету
Регионы
22.07.2026
Новые модульные здания для железнодорожников установлены на станциях Екибастуз-1 и Майкайын
Новости
22.07.2026
Семь поездов временно перестанут останавливаться на вокзале Алматы-1 из-за реконструкции
Новости
22.07.2026
ЕЭК отложила введение обязательных навигационных пломб в странах ЕАЭС до 2028 года
Новости
21.07.2026
Единое информационное пространство ЦЖС: все корпоративные сервисы — в одном месте
Спорт
21.07.2026
Железнодорожник поднял флаг КТЖ на вершине Эльбруса
Новости
21.07.2026
Пожарный поезд КТЖ принял участие в тушении пожара в Алматы
Грузовые перевозки
21.07.2026
ТОО «КТЖ – Грузовые перевозки» продолжает обновление локомотивного парка
Новости
21.07.2026
Зампред КТЖ представил в Австрии проекты по развитию транспортных коридоров
Инфраструктура
21.07.2026
КТЖ обновило 686 км железнодорожного пути
Новости / Архив
21.07.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №55 от 21 июля 2026 года
Пассажирские перевозки
20.07.2026
Женский вагон появится в поезде Тальго №81/82 «Нурлы жол – Орал»
Инфраструктура
20.07.2026
КТЖ ускоряет строительство железнодорожной линии Дарбаза – Мактаарал
Регионы
20.07.2026
Систему Trip Optimizer внедрили в Оскеменском эксплуатационном локомотивном депо
Социум
20.07.2026
Сотрудница КТЖ создала волонтёрский проект «Аяла» для помощи недоношенным детям
Регионы
17.07.2026
Завершена реконструкция железнодорожного вокзала Жаксы
Новости
17.07.2026
КТЖ проводит республиканские акции по безопасности на железной дороге
Новости
17.07.2026
АО «Қазтеміртранс» приобретет 13 тысяч грузовых вагонов до 2032 года
Пассажирские перевозки
17.07.2026
АО «Пассажирские перевозки» получило сертификаты по четырём стандартам ISO