Кітап алыңыз, жолаушы...

Жаңалықтар
25.10.2016, 11:16
 «Кітап алыңыз... кітап...». Семей теміржол вокзалына жолы түскен жолаушы ерекше жағдайдың куәсі болды. Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық торқалы тойына орай Семей жүк тасымалдау бөлімшесі бойынша тағы бір креативті жаңа бастама қолға алыныпты. «Жолаушы, жолға кітап ал!» атты акция аясында семейліктер жолаушыларға тегін кітап таратты.   Семей теміржолы бойынша «Тәуелсіздік мерейтойына – 25 игі іс» жобасы басталғанын, оның мәдени-қоғамдық, әлеуметтік бағыттағы түрлі шаралармен апта сайын толығып отырғанын  осыған дейін де жазған болатынбыз. Тұңғыш рет қолға алынған аталмыш акция да мерейтой құрметіне арналды. Ерекше идеяның авторы бөлімше басшысы Марлен Көкірекбаев. Бұл күні Семей теміржолына қарасты барлық мекемелердің кәсіподақ комитетінің қызметкерлері вокзалда кітаптардың жайма-көрмесін ұйымдастырды. Сапарға аттанғалы тұрған және вокзалға аялдаған пойыздан бірер минутқа түскен жолаушылар өздері ұнатқан, таңдаған кітаптарының бірнешеуін  тегін алып кетіп жатыр. «Осыған дейін вокзалда анау алыңыз, мынау алыңыз» деп тамақ, сусын, басқа да керек-жарақ ұсынғандарға көзіміз үйренген ғой, бүгін міне, «кітап алыңыз, кітап...» дегенге таң қалып қалғанымыз рас, сатып жатқан жоқ, тегін таратуда. Мен екі бірдей сирек кездесетін қазақ жазушыларының романын алып қуанышымда шек жоқ, – дейді Алматыға кетіп бара жатқан егде кісі. Осыған дейін қала бойынша «Кітапханаға кітап сыйла!» атты акция өткізіліп, оған желі бойындағы барша теміржолшылар қызу атсалысқан болатын. Нәтижесінде 3 мыңның үстінде қазақ және орыс тілдеріндегі кітаптар жиналыпты. Жұртшылықтан сыйға алынған классикалық шығармалар аса көлемді, кітап қоры сан алуан. Тіпті толық кітапханасын сыйға тартқандар да болыпты. Арасында аға буын сүйіп оқыған Әзілхан Нұршайықовтың «Махаббат қызық мол жылдар», Оралхан Бөкейдің «Зымырайды пойыздар» сынды туындыларынан бастап, Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділері», Әбіш Кекілбаев пен Мұхтар Мағауиннің тарихи романдары сынды сирек кездесетін кітаптар да бар екен. Міне, осынау көркем әдебиеттердің барлығы кітап оқуға пейіл танытқан жолаушыларға тегін үлестірілді. Кітаптардың ортасына сәт-сапар тілегі жазылған буклеттер, Семей теміржолының логотипі қоса салыныпты. Жолаушы халықпен бірге  рухани қазынаны жолсеріктер де құшақ-құшақ алып жатты. «Пойыздағы жолаушылар бос уақыттарында оқығысы келсе үлестіріп беріп, кейін қайта жинап алып отырамын. Он шақты кітап алдым, шағын кітапхана жасақтаймын», – дейді Алматыға бет алған пойыз жолсерігі.  Яғни, ендігі аралықта Новосібір – Алматы, Павлодар – Алматы бағытындағы жолаушылар пойызында жолушыларға арналған шағын кітапхана пайда болды деген сөз. Қазіргі таңда, технология қарқынды дамып, ұялы байланыс пен ғаламтор өмірімізден елеулі орын алған заманда әсіресе жастардың кітап оқуға деген ынтасы азайғанын байқауға болады. Сол себептен, ел Тәуелсіздігі мерейтойы аясында осынау ерекше акцияны қолға алдық. Бұл шара жолаушы қауымның рухани байлығын молайтып, жол қысқартып, сапарларының мазмұнды өтуіне септеседі деп сенеміз. Сондай-ақ, кітаптар өмірін ұзартып, еліміздегі кітапқұмарлар қауымының санын да арттыра түседі деп үміттенеміз, – дейді бөлімше басшысы Марлен Кәрімұлы. Тың да ерекше бастама көтерген семейліктер арқасында ендігі жерде  Семей теміржолының логотипімен сыйға берілген кітаптар Қазақстанның ғана емес, көрші Ресейдің  де пойыздарын аралап, оқырмандар санын көбейте берері анық. Кітап алыңыз, жолаушы...

Қуаныш ҚОЖАЕВ, Семей

Аймақтар
22.07.2026
Маңғыстау және Павлодар облыстарында теміржол вокзалдарын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
22.07.2026
Жас теміржолшылар Абай еліне рухани саяхат жасады
Әлемде
22.07.2026
Ауғанстанның Пәкістан арқылы өтетін транзиттік саудасы күрт қысқарды
Әлемде
22.07.2026
Өзбекстанда «Ташкент – Хиуа» бағыты бойынша қосымша жүрдек пойыз іске қосылады
Жолаушылар тасымалы
22.07.2026
Елімізде жолаушылар пойыздарын спутниктік интернетпен қамтамасыз ету жалғасуда
Жаңалықтар
21.07.2026
ҚТЖ қызметкерлеріне арналған барлық сервис енді бір платформада
Инфрақұрылым
21.07.2026
Ақтөбе облысында вокзалдарды жаңғырту барысы тексерілді
Спорт
21.07.2026
Теміржолшы Эльбрус шыңында ҚТЖ туын көтерді
Жаңалықтар
21.07.2026
ҚТЖ-ның өрт сөндіру пойызы Алматыда өрт сөндіруге қатысты
Қауіпсіздік
21.07.2026
Теміржол өткелдерінде профилактикалық рейдтер жалғасуда
Сұхбат
21.07.2026
Теміржол тарихындағы ең ірі жаңғырту жобасы жүзеге асырылуда
Әлеумет
21.07.2026
ҚТЖ атынан хабарласатын телефон алаяқтары көбейді
Жаңалықтар
21.07.2026
Еліміздің вокзалдарында кедергісіз орта қалыптасуда
Цифрландыру
21.07.2026
Ақтөбе теміржолы цифрландырудың жаңа деңгейіне өтуде
Инфрақұрылым
21.07.2026
ҚТЖ жыл басынан бері темір жолдың 686 шақырымын жаңартты
Жаңалықтар / Мұрағат
21.07.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №55 21 шілде 2026 жыл
Аймақтар
20.07.2026
ҚТЖ компаниядағы мемлекеттік тілдің үлесін 92 пайызға жеткізуді көздеп отыр
Жолаушылар тасымалы
20.07.2026
№81/82 «Нұрлы жол – Орал» Тальго пойызында әйелдер вагоны іске қосылады
Инфрақұрылым
20.07.2026
ҚТЖ Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысын жеделдетеді
Жолаушылар тасымалы
20.07.2026
«Жолаушылар тасымалы» АҚ ISO халықаралық төрт стандарты бойынша сертификаттарға ие болды