«Нұр Отан» партиясы «Теміржол» филиалының «Қызылорда жол және магистральдық желі бөлімшесі» БПҰ ұйымдастыруымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы, қалалық ішкі саясат бөлімі мен «Ұшқыр Жебе» ҚҚ өкілдерімен бірлескен кездесу өтті. Қызылорда жүк тасымалы бөлімшесіне қарасты мекемелердің еңбеккерлері қатысқан шара барысында терроризм мен экстремизмнің алдын алу мақсатында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының іске асырып жатқан жобалары мен атқарып жатқан жұмыстары айтылды. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының маманы Бауыржан Әлиұлы,  исі мұсылман баласын терроризм мен экстримизмнің алдын алуға күш біріктіруге шақырса, «Ұшқыр Жебе» ҚҚ өкілі Аралбек Боранбаев экстремизм мен терроризмнің алдын алу жолдарына тоқтап, экстремизмге қарсы күрестің бірден-бір жолы олар туралы өз уақытында шынайы мәлімет беру керектігін  жеткізді. Жастарға әсер ететін белсенді күштердің бірі дін болғасын әрбір адам жеке өзінен бастап балаларына дейін секталардың, экстремистік топтардың, дәстүрлі дінімізге жат ағымдардың қаупі туралы түсіндірме жүмысын жүргізсе, олардан сақтану керектігін жеткізсе діни сенім тұрғысында адасушылыққа бой алдырмас еді. Ал мекеме қабырғасында  атқарылатын партиялық жобалар аясында жастарымызды патриоттық, саяси, рухани тәрбие алуына ықпал ететін шаралар өткізсек, ертеңгі күнге еліміздің қауіпсіздігін сақтап, еш алаңсыз үлкен сеніммен қарайтын боламыз, – деді «Жол бөлімшесі» БПҰ төрағасы Нұрлан Бимұратов. Кездесу барысында қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарға діни басқарма өкілі тарапынан сауатты жауаптар алды. Бұл кездесу теміржолшыларды терроризм мен діни экстримизмнің алдын алуға қоғам болып бірігіп, қарсы әрекет жасауға шақыратын шара болды.

Сабырхан СЕЙІЛБЕКҰЛЫ, Қызылорда