Теріс ағымдармен күресуге шақырды
Жаңалықтар
08.11.2016, 13:02
«Нұр Отан» партиясы «Теміржол» филиалының «Қызылорда жол және магистральдық желі бөлімшесі» БПҰ ұйымдастыруымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы, қалалық ішкі саясат бөлімі мен «Ұшқыр Жебе» ҚҚ өкілдерімен бірлескен кездесу өтті.
Қызылорда жүк тасымалы бөлімшесіне қарасты мекемелердің еңбеккерлері қатысқан шара барысында терроризм мен экстремизмнің алдын алу мақсатында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының іске асырып жатқан жобалары мен атқарып жатқан жұмыстары айтылды.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының маманы Бауыржан Әлиұлы, исі мұсылман баласын терроризм мен экстримизмнің алдын алуға күш біріктіруге шақырса, «Ұшқыр Жебе» ҚҚ өкілі Аралбек Боранбаев экстремизм мен терроризмнің алдын алу жолдарына тоқтап, экстремизмге қарсы күрестің бірден-бір жолы олар туралы өз уақытында шынайы мәлімет беру керектігін жеткізді.
Жастарға әсер ететін белсенді күштердің бірі дін болғасын әрбір адам жеке өзінен бастап балаларына дейін секталардың, экстремистік топтардың, дәстүрлі дінімізге жат ағымдардың қаупі туралы түсіндірме жүмысын жүргізсе, олардан сақтану керектігін жеткізсе діни сенім тұрғысында адасушылыққа бой алдырмас еді. Ал мекеме қабырғасында атқарылатын партиялық жобалар аясында жастарымызды патриоттық, саяси, рухани тәрбие алуына ықпал ететін шаралар өткізсек, ертеңгі күнге еліміздің қауіпсіздігін сақтап, еш алаңсыз үлкен сеніммен қарайтын боламыз, – деді «Жол бөлімшесі» БПҰ төрағасы Нұрлан Бимұратов.
Кездесу барысында қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарға діни басқарма өкілі тарапынан сауатты жауаптар алды. Бұл кездесу теміржолшыларды терроризм мен діни экстримизмнің алдын алуға қоғам болып бірігіп, қарсы әрекет жасауға шақыратын шара болды.
Сабырхан СЕЙІЛБЕКҰЛЫ, Қызылорда
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?