Телім бойында күнде жұмыс...

Новости
11.11.2016, 11:43
Ірілендірілген Арыс жол дистанциясына қарайтын Түркістан телімінің №31, №32 айналым жолының жолшылары әр күні жоспарлы кестеге сай жолды ағымдағы жөндеуден өткізуде. №32 айналым жолының бригадирі Құрбан Берсүгіров әріптестерімен  депоның жанындағы рельстерді Р50-ден Р65-ке ауыстырып жатты. Бұрын қолданылғанымен жарамды 12,5 метрлік рельстер ұзақ уақытқа шыдас береді деседі. Одан кейін шпалдарды көтеріп,  шағыл тастарды нығыздады. Жиырма екі жыл жолшы қызметінде жүрген  Құрбан ағамыз сияқты майталман мамандар Түркістанның сары аязы мен шілденің аптап ыстығына қарамастан, үнемі екі рельс бойының қауіпсіздігін «күзетіп» келеді.    Ал № 31 айналым жолының бригадирі Асылбек Тұрысов болса, біз барғанда  Ерман Едігеев пен отыз жылдық «стажы» бар Айдарбек Айтахановтың көмегімен жарамсыз бөрене шпалдарды шетінен жаңалауда екен. Ұзындығы 2,75 метр, салмағы 50 келі болатын шпалдарды бір жылдық еңбек өтілі бар Ерман Асылханұлы  айқастырмалы құралмен, яғни «қайшымен» суырып алып, астындағы топырағын тегістеп жатты. Бригадирдің айтуынша, бір жолшы күндігіне бес шпалдан ауыстырады. Үш маман сол күні 15 шпалға дейін жаңартты. Станцияның «Солтүстік» алқымында №31 айналымының жол шебері Махмұт Минамуддинов бір топ маманмен №54 бағыттама бұрманың үстіндегі рельстің шаблонын есептеп, кеңейген тұсын тарылтты. – Осы тұстағы екі рельстің арасы 1520 мм болу керек, бірақ бөрене білеулердің ескіруінен 1530 мм-ге кеңейіп кеткен. Соны бастапқыдағы  талапқа сай етіп келтірдік. Қатты тартпасақ та болар еді, бірақ бөренелер жаңарғанша ол қайтадан кеңеюі мүмкін. Соңғы күндері отыз шақты кеңейген ағаш шпал  мен білеулердің бойындағы рельстің шаблондарын қалпына келтірдік, – деп жолшылар жұмысынан сыр шертті жол шебері.  

Бекәли АЛТЫН, Түркістан

Социум
17.09.2026
Общежитие для железнодорожников обновили на станции Достык
Новости
17.09.2026
Локомотивное хозяйство КТЖ готовится к работе в зимний период
Новости
17.09.2026
Железнодорожники прошли семинар по профилактике коррупции в Алматы
Спорт
17.09.2026
Семьи железнодорожников приняли участие в спортивном празднике ко Дню семьи
Регионы
17.09.2026
Волонтёры КТЖ оказали помощь в проведении инклюзивного велопробега в Караганде
Регионы
17.09.2026
КТЖ организовало летний отдых для 175 детей павлодарских железнодорожников
Новости
16.09.2026
Перевозки грузов через станцию Алтынколь выросли на 3%
Инфраструктура
16.09.2026
ТОО «Теміржол жөндеу» капитально отремонтировало около 230 километров пути
Регионы
16.09.2026
Уральские железнодорожники и полицейские провели беседу со студентами колледжа
Новости
16.09.2026
Начальники топливных складов прошли трехдневное корпоративное обучение в Караганде
Цифра недели / Грузовые перевозки
16.09.2026
Более 212,7 млн тонн грузов перевезено по сети КТЖ
Новости
15.09.2026
Железнодорожники и ДЧС потушили пожар на участке Караганда – Акадыр
Новости
15.09.2026
В КТЖ определили лучших экспертов-экологов
Новости
15.09.2026
Корпоративная олимпиада среди специалистов по безопасности и охране труда прошла в КТЖ
Новости
15.09.2026
Касым-Жомарт Токаев предложил создать казахско-корейское СП для транзита грузов
Пассажирские перевозки
15.09.2026
Правила безопасного проезда в поездах напомнили родителям и подросткам в КТЖ
Регионы
15.09.2026
Алматинское эксплуатационное локомотивное депо перевыполнило план перевозок в августе
Новости
15.09.2026
Глобальный транзит: ключевые итоги заседания ТМТМ в Болгарии
Новости
15.09.2026
Нурлыбек Налибаев ознакомился с реконструкцией ж/д вокзала Мангистау
Новости
15.09.2026
Нурлыбек Налибаев ознакомился с работой портовой инфраструктуры Мангистауской области