Телім бойында күнде жұмыс...
Жаңалықтар
11.11.2016, 11:43
Ірілендірілген Арыс жол дистанциясына қарайтын Түркістан телімінің №31, №32 айналым жолының жолшылары әр күні жоспарлы кестеге сай жолды ағымдағы жөндеуден өткізуде.
№32 айналым жолының бригадирі Құрбан Берсүгіров әріптестерімен депоның жанындағы рельстерді Р50-ден Р65-ке ауыстырып жатты. Бұрын қолданылғанымен жарамды 12,5 метрлік рельстер ұзақ уақытқа шыдас береді деседі. Одан кейін шпалдарды көтеріп, шағыл тастарды нығыздады. Жиырма екі жыл жолшы қызметінде жүрген Құрбан ағамыз сияқты майталман мамандар Түркістанның сары аязы мен шілденің аптап ыстығына қарамастан, үнемі екі рельс бойының қауіпсіздігін «күзетіп» келеді.
Ал № 31 айналым жолының бригадирі Асылбек Тұрысов болса, біз барғанда Ерман Едігеев пен отыз жылдық «стажы» бар Айдарбек Айтахановтың көмегімен жарамсыз бөрене шпалдарды шетінен жаңалауда екен. Ұзындығы 2,75 метр, салмағы 50 келі болатын шпалдарды бір жылдық еңбек өтілі бар Ерман Асылханұлы айқастырмалы құралмен, яғни «қайшымен» суырып алып, астындағы топырағын тегістеп жатты. Бригадирдің айтуынша, бір жолшы күндігіне бес шпалдан ауыстырады. Үш маман сол күні 15 шпалға дейін жаңартты.
Станцияның «Солтүстік» алқымында №31 айналымының жол шебері Махмұт Минамуддинов бір топ маманмен №54 бағыттама бұрманың үстіндегі рельстің шаблонын есептеп, кеңейген тұсын тарылтты.
– Осы тұстағы екі рельстің арасы 1520 мм болу керек, бірақ бөрене білеулердің ескіруінен 1530 мм-ге кеңейіп кеткен. Соны бастапқыдағы талапқа сай етіп келтірдік. Қатты тартпасақ та болар еді, бірақ бөренелер жаңарғанша ол қайтадан кеңеюі мүмкін. Соңғы күндері отыз шақты кеңейген ағаш шпал мен білеулердің бойындағы рельстің шаблондарын қалпына келтірдік, – деп жолшылар жұмысынан сыр шертті жол шебері.
Бекәли АЛТЫН, Түркістан
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?