Қайырымдылық – қасиетті парыз

Новости
07.12.2016, 10:28
Жыл басынан бері Шығыс Қазақстан жүк бөлімшесі мен оның құрылымдары  теміржолшы отбасылары мен зейнеткерлерге 45 млн теңге көлемінде әлеуметтік көмек көрсетті. Қайырымдылық шараларына шығыстық теміржолшылар әу бастан белсене атсалысып келеді. Теміржол  кәсіпорны кәсіподақ  ұйымының ұйытқы болуымен  қараша айының соңында «Жылу сыйла!» облыстық акциясы аясында өскемендік аз қамтылған отбасының бірі – екінші топтағы мүгедек Марина Некрасова мен ұлы Иванға өз өтініштері бойынша көмек көрсетті.  Сондай-ақ Защита пайдалану локомотив депосының ұжымы мен кәсіподақ ұйымы жағдайы төмен жандарға көмір түсіріп берді.    Сонымен қатар «Шын жүректен» республикалық телемарафонында Шығыс Қазақстан темір жолы директорының орынбасары Отарбек Қасымбековтың бастамасымен  жергілікті теміржолшылар ауыр дертке шалдыққан балалардың еміне 500 мың теңге аударды. Сондай-ақ, ағымдағы жылы «Мектепке жол» акциясы аясында 25 аз қамтылған отбасының балалары мен 92 теміржолшылар отбасының  балаларына кәсіподақ атынан 460 мың теңге бөлініп, оқушылар мектепке қажетті құралдармен қамтамасыз етілді. Облыстық кешендік жоспарды іске асыру аясында өскемендік теміржолшылар ата-анасының қамқорынсыз қалған жетім балаларға қамқорлық танытып келеді.  –Біз «Тұрғын үй құрылыс жинақтаушы банкі» АҚ-ның Шығыс Қазақстандағы филиалы мен Балалар ауылының басшылығымен келісімшарт жасастық. Қазір біздің 5 тәрбиеленушіміз бар. Кәсіпорын жылына бір рет біркүндік жалақыларын сол балаларға аударады, – деп сыр бөлісті  Отарбек Қасымбеков. Теміржолшылар кәсіпорны өз қызметкерлеріне қол ұшын созудан қалыс қалған емес. Мәселен, өткен жылы Зубовск пен Парыгино елді мекеніндегі 150 үй қатты жауған жауын мен селдің кесірінен су астында қалды. Оның 12-і Ұлттық компанияның қызметкерлері. Аймақ теміржолшылары бірауыздан 2 млн 320 мың теңге жинап, қиын жағдайға тап болған әріптестеріне көмектесті. Оған қоса 230 мың теңгені кәсіподақ ұйымы зардап шеккендерге аударды.   Ағымдағы жылдың қаңтарында теміржолшылар өз еріктерімен 245 мың теңге жинап шаңырағын өрт шарпыған Жексенбековтер отбасына, мамыр айында үйі өртке оранған Мамытовтар отбасына 100 мың теңге қаржылай көмек көрсетті.

Ольга Ушакова, Өскемен

Социум
17.09.2026
Общежитие для железнодорожников обновили на станции Достык
Новости
17.09.2026
Локомотивное хозяйство КТЖ готовится к работе в зимний период
Новости
17.09.2026
Железнодорожники прошли семинар по профилактике коррупции в Алматы
Спорт
17.09.2026
Семьи железнодорожников приняли участие в спортивном празднике ко Дню семьи
Регионы
17.09.2026
Волонтёры КТЖ оказали помощь в проведении инклюзивного велопробега в Караганде
Регионы
17.09.2026
КТЖ организовало летний отдых для 175 детей павлодарских железнодорожников
Новости
16.09.2026
Перевозки грузов через станцию Алтынколь выросли на 3%
Инфраструктура
16.09.2026
ТОО «Теміржол жөндеу» капитально отремонтировало около 230 километров пути
Регионы
16.09.2026
Уральские железнодорожники и полицейские провели беседу со студентами колледжа
Новости
16.09.2026
Начальники топливных складов прошли трехдневное корпоративное обучение в Караганде
Цифра недели / Грузовые перевозки
16.09.2026
Более 212,7 млн тонн грузов перевезено по сети КТЖ
Новости
15.09.2026
Железнодорожники и ДЧС потушили пожар на участке Караганда – Акадыр
Новости
15.09.2026
В КТЖ определили лучших экспертов-экологов
Новости
15.09.2026
Корпоративная олимпиада среди специалистов по безопасности и охране труда прошла в КТЖ
Новости
15.09.2026
Касым-Жомарт Токаев предложил создать казахско-корейское СП для транзита грузов
Пассажирские перевозки
15.09.2026
Правила безопасного проезда в поездах напомнили родителям и подросткам в КТЖ
Регионы
15.09.2026
Алматинское эксплуатационное локомотивное депо перевыполнило план перевозок в августе
Новости
15.09.2026
Глобальный транзит: ключевые итоги заседания ТМТМ в Болгарии
Новости
15.09.2026
Нурлыбек Налибаев ознакомился с реконструкцией ж/д вокзала Мангистау
Новости
15.09.2026
Нурлыбек Налибаев ознакомился с работой портовой инфраструктуры Мангистауской области