Қайырымдылық – қасиетті парыз
Жаңалықтар
07.12.2016, 10:28
Жыл басынан бері Шығыс Қазақстан жүк бөлімшесі мен оның құрылымдары теміржолшы отбасылары мен зейнеткерлерге 45 млн теңге көлемінде әлеуметтік көмек көрсетті.
Қайырымдылық шараларына шығыстық теміржолшылар әу бастан белсене атсалысып келеді. Теміржол кәсіпорны кәсіподақ ұйымының ұйытқы болуымен қараша айының соңында «Жылу сыйла!» облыстық акциясы аясында өскемендік аз қамтылған отбасының бірі – екінші топтағы мүгедек Марина Некрасова мен ұлы Иванға өз өтініштері бойынша көмек көрсетті. Сондай-ақ Защита пайдалану локомотив депосының ұжымы мен кәсіподақ ұйымы жағдайы төмен жандарға көмір түсіріп берді.
Сонымен қатар «Шын жүректен» республикалық телемарафонында Шығыс Қазақстан темір жолы директорының орынбасары Отарбек Қасымбековтың бастамасымен жергілікті теміржолшылар ауыр дертке шалдыққан балалардың еміне 500 мың теңге аударды. Сондай-ақ, ағымдағы жылы «Мектепке жол» акциясы аясында 25 аз қамтылған отбасының балалары мен 92 теміржолшылар отбасының балаларына кәсіподақ атынан 460 мың теңге бөлініп, оқушылар мектепке қажетті құралдармен қамтамасыз етілді.
Облыстық кешендік жоспарды іске асыру аясында өскемендік теміржолшылар ата-анасының қамқорынсыз қалған жетім балаларға қамқорлық танытып келеді.
–Біз «Тұрғын үй құрылыс жинақтаушы банкі» АҚ-ның Шығыс Қазақстандағы филиалы мен Балалар ауылының басшылығымен келісімшарт жасастық. Қазір біздің 5 тәрбиеленушіміз бар. Кәсіпорын жылына бір рет біркүндік жалақыларын сол балаларға аударады, – деп сыр бөлісті Отарбек Қасымбеков.
Теміржолшылар кәсіпорны өз қызметкерлеріне қол ұшын созудан қалыс қалған емес. Мәселен, өткен жылы Зубовск пен Парыгино елді мекеніндегі 150 үй қатты жауған жауын мен селдің кесірінен су астында қалды. Оның 12-і Ұлттық компанияның қызметкерлері. Аймақ теміржолшылары бірауыздан 2 млн 320 мың теңге жинап, қиын жағдайға тап болған әріптестеріне көмектесті. Оған қоса 230 мың теңгені кәсіподақ ұйымы зардап шеккендерге аударды.
Ағымдағы жылдың қаңтарында теміржолшылар өз еріктерімен 245 мың теңге жинап шаңырағын өрт шарпыған Жексенбековтер отбасына, мамыр айында үйі өртке оранған Мамытовтар отбасына 100 мың теңге қаржылай көмек көрсетті.
Ольга Ушакова, Өскемен
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?