Жүк сақталымына сақтық күшеймек
Теміржолшылар тасымалдағы жүктердің сақталу жағдайының төмендігіне алаңдаулы. Соған байланысты «Тасымалданатын жүктердің сақталуын қамтамасыз ету» айлығы да ұйымдастырылған. Бұл туралы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ жедел қызметтер жөніндегі вице-президентінің міндетін атқарушы Қайрат Сәуірбаевтың төрағалығымен өткен селекторлық отырыста айтылды.
Айлықтың жариялануына себеп болған деректерді келтірген Қ.Сәуірбаевтың айтуынша, осы жылдың 11 айы ішінде (тәуекелдер бойынша) ықтимал шығындар 861 642,8 мың теңгені құраған (оның 295 840,8-і дебиторлық қарыздар). 2015 жылы 21 желтоқсанда бекітілген тасымалданатын жүктердің сақталуы мен пойыздар қозғалысы қауіпсіздігін арттыру үшін техникалық құралдарды енгізу туралы бағдарламаға сәйкес 18 пункттен тұратын шаралар жоспарланды.
–Биыл қаңтар айынан бастап қарашаға дейінгі аралықта «көмір» тиелген 571 вагон шығарылса, сол көмірдің 2121,3 тоннасы кем шыққан, бұл 18,6 млн теңгеге шығын келтірген. 10 ай ішінде жүк қабылдап алушылар тапсырысымен 724 вагон берілген болса, соның ішінде жүк көлемі кем шыққан 576 вагон анықталған, ал артықшылығымен 20 вагон шыққан. Құжатпен 128 вагон жүгі сай келген. 391 коммерциялық акт жасалып, соның ішінде кем шыққаны 386 болса, зақым келтірілгені біреу, артық жүгімен шыққаны 4 болды. Аталған мерзім ішінде Ұлттық компания мен «ҚТЖ-ЖТ» АҚ жауапкершілігіне «көмір» кем шыққандығына байланысты 96 шағым келіп түскен, бұл 4 562, 46 мың теңге шығын келтірген, – деді вице-президенттің міндетін атқарушы.
Осыған орай сөйлеген ҚР ІІМ көліктегі ішкі істер департаменті бастығының бірінші орынбасары Е. Бекеновтың айтуынша, дәл бүгінге дейін жылжымалы құрамнан жүк ұрлау бойынша 141 қылмыс тіркеліпті, соның 40 пайызы Қызылжар станциясы бағытынан келетін жүк вагондарында болған ұрлау фактілері екен.
–Ең өкініштісі, жүк ұрлауға басқа сырттағы адамдарды айтпағанда, теміржолшылардың өздері әскерилендірілген темір жол қызметкерлерімен бірлесе қатысып отыр. Жыл басынан бері сондай ұрлықпен 8 теміржолшы мен 9 әскери теміржол күзетшісі қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Мәселен, ондай оқиғалар Қарағанды – Сұрыптау, Арыс, Семей, Қостанай станциялары бойынша тіркелді. Қылмыстарды сараптай келе, көз жеткізгеніміз, вагондардың күзетілмейтін бекеттер мен станцияларда үзіліспен тоқтап тұруы немесе тұрып қалуы сол темір жолға жақын елді-мекендер тұрғындары үшін ұрлық жасауға оңтайлы жағдай туғызады. Сондықтан сондай уақыттар санын азайту керек, – дейді Е. Бекенов.
Тәртіп сақшыларының айтуынша, ұрлыққа ілмекті пломбалық құрылғылардың сапасыздығы алғышарт болады, сонымен қатар жүк вагондары жөнінде теміржол қызметкерлері де ақпараттар беріп отыруы бұған басты себеп. Сондай-ақ темір жол бойында бөгде адамдардың, малдың жүруіне байланысты машинистердің оқыс тежеу беру кезіндегі уақыт та ұрлық жасауға қолайлы. Осы жылы жүк вагондарының локомотивтері сондай 400 рет оқыс тежеу берген.
«ӘТКҚ» АҚ атқарушы директоры С. Атыманов күзет қызметі бойынша 3 қазан мен 3 қараша аралығында аталған айлық ұйымдастырылып, оған қалай атсалысқандары туралы баяндады. Ал Вагон шаруашылығы департаментінің директоры Е. Тулеуленов 7 қараша мен 7 желтоқсан аралығында жарияланған «Вагон паркінің сақталуы және тораптар мен вагон бөлшектері ұрлығының алдын алу» тақырыбындағы айлық туралы мәлімдеді. Осы шара бойынша бүгінгі күнге дейін вагондарды кіре беріс жолдан қабылдау кезінде барлығы 536 тексеру жүргізілген. Соның барысында 753 кемшілік анықталған. Соның ішінде 503 кемшілік сол бойда жөнделсе, 27 кемшілік бойынша акт толтырылған. Дөңестерден вагондарды түсіру барысында 177 тексеру жүргізілген. Ол кезде жылдамдық арттырумен байланысты 8 кемшілік анықталған.
«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ шағымдарды реттеудің функционалды бағыттары бойынша бас менеджері Рахиля Әбдірахимова айлық аясында жүргізілген тексерулер нәтижесімен бөлісті. Айлық шеңберінде өткізген шаралары, жиналыстары туралы қоғамның аймақтардағы филиалдары бойынша да хабардар етілді. Селекторлық отырыс соңында нақты шешімдер қабылданып, «Жүк тасымалы бөлімшесі» филиалдарына, Жолаушылар тасымалына, Әскерилендірілген күзет қызметіне, магистральдық желі дирекциясына және тағы да басқа тиісті мекемелерге жүктің сақталуына, қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін мәселелерді шешу міндеттері жүктелді.
Райхан РАХМЕТОВА
Грузовые перевозки
09.10.2026
Экспорт грузов по железной дороге вырос до 69,4 млн тонн
Новости
09.10.2026
Атырауский филиал ВЖДО признали лучшим коллективом в системе ҚТЖ
Спорт
09.10.2026
Председатели профкомов филиала «Астана» отметили профессиональный праздник спортивными состязаниями
Новости
09.10.2026
Глава КТЖ – Грузовые перевозки оценил работу Trip Optimizer в пути
Новости
09.10.2026
Модернизация мостов в порту Курык повысила эффективность паромных перевозок
Грузовые перевозки
09.10.2026
Более 77 млн тонн угля перевезено по сети КТЖ с начала года
Новости
09.10.2026
Студенты ALT Университета прошли геодезическую практику на объектах КТЖ
Новости / Архив
09.10.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №80 от 09 октября 2026 года
Новости
08.10.2026
Профсоюзный актив Акмолинской области повысил правовую грамотность на семинаре в Кокшетау
Регионы
08.10.2026
Четыре выезда на пожары совершил пожарный поезд ПП-12 станции Павлодар
Новости
08.10.2026
КТЖ инициирует ужесточение штрафов за выпас скота вблизи железных дорог
Новости
08.10.2026
Более 60 железнодорожников вышли на субботник в Астане
Регионы
07.10.2026
Сервис вышел на новый уровень: как преобразился вокзал станции Оскемен-1
Новости
07.10.2026
КТЖ провело ярмарку вакансий для студентов ALT Университета
Регионы
07.10.2026
День пожилых людей отметили карагандинские железнодорожники
Новости
07.10.2026
Более 400 школьников прошли уроки безопасности на железной дороге в Астане
Регионы
06.10.2026
Память почетного железнодорожника Ерика Жидилова увековечили в Павлодаре
Новости
06.10.2026
Железнодорожники проводят месячник профилактики для школьников
Инфраструктура
06.10.2026
Более 1056 км ж/д путей отремонтировано в Казахстане
Новости
06.10.2026
Еще 18 локомотивов пополнили парк КТЖ