Жүк сақталымына сақтық күшеймек

Жаңалықтар
08.12.2016, 10:35
Теміржолшылар тасымалдағы жүктердің сақталу жағдайының төмендігіне алаңдаулы. Соған байланысты «Тасымалданатын жүктердің сақталуын қамтамасыз ету» айлығы да ұйымдастырылған. Бұл туралы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ жедел қызметтер жөніндегі вице-президентінің міндетін атқарушы Қайрат Сәуірбаевтың төрағалығымен өткен селекторлық отырыста айтылды.    Айлықтың жариялануына себеп болған деректерді келтірген Қ.Сәуірбаевтың айтуынша, осы жылдың 11 айы ішінде (тәуекелдер бойынша) ықтимал шығындар 861 642,8 мың теңгені құраған (оның 295 840,8-і  дебиторлық қарыздар). 2015 жылы 21 желтоқсанда бекітілген тасымалданатын жүктердің сақталуы мен пойыздар қозғалысы қауіпсіздігін арттыру үшін техникалық құралдарды енгізу туралы бағдарламаға сәйкес 18 пункттен тұратын шаралар жоспарланды. –Биыл қаңтар айынан бастап қарашаға дейінгі аралықта «көмір» тиелген 571 вагон шығарылса, сол көмірдің 2121,3 тоннасы кем шыққан, бұл 18,6 млн теңгеге шығын келтірген. 10 ай ішінде жүк қабылдап алушылар тапсырысымен 724 вагон берілген болса, соның ішінде жүк көлемі кем шыққан 576 вагон анықталған, ал артықшылығымен 20 вагон шыққан. Құжатпен 128 вагон жүгі сай келген. 391 коммерциялық акт жасалып, соның ішінде кем шыққаны 386 болса, зақым келтірілгені біреу, артық жүгімен шыққаны 4 болды. Аталған мерзім ішінде Ұлттық компания мен «ҚТЖ-ЖТ» АҚ жауапкершілігіне «көмір» кем шыққандығына байланысты 96 шағым келіп түскен, бұл 4 562, 46 мың теңге шығын келтірген, – деді вице-президенттің міндетін атқарушы. Осыған орай сөйлеген ҚР ІІМ көліктегі ішкі істер департаменті бастығының бірінші орынбасары Е. Бекеновтың айтуынша, дәл бүгінге дейін жылжымалы құрамнан жүк ұрлау бойынша 141 қылмыс тіркеліпті, соның 40 пайызы Қызылжар станциясы бағытынан келетін жүк вагондарында болған ұрлау фактілері екен. –Ең өкініштісі, жүк ұрлауға басқа сырттағы адамдарды айтпағанда, теміржолшылардың өздері әскерилендірілген темір жол қызметкерлерімен бірлесе қатысып отыр. Жыл басынан бері сондай ұрлықпен 8 теміржолшы мен 9 әскери теміржол күзетшісі қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Мәселен, ондай оқиғалар Қарағанды – Сұрыптау, Арыс, Семей, Қостанай станциялары бойынша тіркелді. Қылмыстарды сараптай келе, көз жеткізгеніміз, вагондардың күзетілмейтін бекеттер мен станцияларда үзіліспен тоқтап тұруы немесе тұрып қалуы сол темір жолға жақын елді-мекендер тұрғындары үшін ұрлық жасауға оңтайлы жағдай туғызады. Сондықтан сондай уақыттар санын азайту керек, – дейді Е. Бекенов.  Тәртіп сақшыларының айтуынша, ұрлыққа ілмекті пломбалық құрылғылардың сапасыздығы алғышарт болады, сонымен қатар жүк вагондары жөнінде теміржол қызметкерлері де ақпараттар беріп отыруы бұған басты себеп.  Сондай-ақ темір жол бойында бөгде адамдардың, малдың жүруіне байланысты машинистердің оқыс тежеу беру кезіндегі  уақыт та ұрлық жасауға қолайлы. Осы жылы жүк вагондарының локомотивтері сондай  400 рет оқыс тежеу берген. «ӘТКҚ» АҚ атқарушы директоры С. Атыманов күзет қызметі бойынша 3 қазан мен 3 қараша аралығында аталған айлық ұйымдастырылып, оған қалай атсалысқандары туралы баяндады. Ал Вагон шаруашылығы департаментінің директоры Е. Тулеуленов 7 қараша мен 7 желтоқсан аралығында жарияланған «Вагон паркінің сақталуы және тораптар мен вагон бөлшектері ұрлығының алдын алу» тақырыбындағы айлық туралы мәлімдеді. Осы шара бойынша бүгінгі күнге дейін вагондарды кіре беріс жолдан қабылдау кезінде барлығы 536 тексеру жүргізілген. Соның барысында 753 кемшілік анықталған. Соның ішінде 503 кемшілік сол бойда жөнделсе, 27 кемшілік бойынша акт толтырылған. Дөңестерден вагондарды түсіру барысында 177 тексеру жүргізілген. Ол кезде жылдамдық арттырумен байланысты 8 кемшілік анықталған. «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ шағымдарды реттеудің функционалды бағыттары бойынша бас менеджері Рахиля Әбдірахимова айлық аясында жүргізілген тексерулер нәтижесімен бөлісті. Айлық шеңберінде өткізген шаралары, жиналыстары туралы қоғамның аймақтардағы филиалдары бойынша да хабардар етілді. Селекторлық отырыс соңында нақты шешімдер қабылданып, «Жүк тасымалы бөлімшесі» филиалдарына, Жолаушылар тасымалына, Әскерилендірілген күзет қызметіне, магистральдық желі дирекциясына және тағы да басқа тиісті мекемелерге жүктің сақталуына, қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін мәселелерді шешу міндеттері жүктелді.

Райхан РАХМЕТОВА

Аймақтар
28.08.2026
Ақтөбеде 583 шақырым электр желісі жөндеуден өтті
ҚТЖ келбеті
28.08.2026
Тәлімгерлік мектеп және теміржолшылар династиясы
Жаңалықтар
28.08.2026
Қоғамдық тәртіп – баршаға ортақ
Жаңалықтар / Мұрағат
28.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №68 28 тамыз 2026 жыл
Аймақтар
27.08.2026
Абай облысында Дегелен вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
27.08.2026
Қызылордада теміржолшылар «Әл-ауқат апталығын» бастады
Жаңалықтар
27.08.2026
Stadler компаниясы Қазақстандағы жаңа өндіріске 14 миллиард теңгеден астам инвестиция салмақ
Әлемде
27.08.2026
Өзбекстанда Қытайдың CRRC компаниясы шығарған алғашқы push-pull пойызы пайдалануға берілді
Инфрақұрылым
27.08.2026
Сингапур Орта дәлізді дамытуға атсалысады
Жолаушылар тасымалы
27.08.2026
Алматы – Ташкент бағытында «Әйелдер вагоны» іске қосылады
Әлемде
26.08.2026
Иран мен Ауғанстан арасында жүк тасымалы 8 есе өскен
Жүк тасымалы
26.08.2026
ҚТЖ желісімен 8 млн тоннадан астам астық тасымалданды
Әлемде
26.08.2026
Болгарияда Skoda Group электропойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Әлемде
26.08.2026
Жапонияда Токио – Нагоя маглев желісінің құрылысы қайта жандануы мүмкін
Жаңалықтар
26.08.2026
Қазақстанда қала маңы электр пойыздары жаңартылады
Жаңалықтар
25.08.2026
Бурабай курортының теміржолшысы 100 жылдық мерейтойын атап өтті
Жүк тасымалы
25.08.2026
ҚТЖ жаңа жылыту маусымына 19,5 млн тоннадан астам көмір жеткізді
Инфрақұрылым
25.08.2026
Алпыс сағаттық ауқымды жұмыс
Аймақтар
25.08.2026
Үздік жолшылар ұжымы – Құлсарыда
Аймақтар
25.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар жүк тасымалын табысты үйлестіріп отыр