Жансая ШЫҢҒЫСХАНҚЫЗЫ
«Тұлпар-Тальго» пойызы – жаңа келбетте
2 мин чтения
Елбасының қатысуымен өткен телекөпірде жаңа үлгідегі «Тұлпар-Тальго» жүрдек пойызы іске қосылды. Сынақ тәртібі негізінде жүйткіген аталмыш пойыз Алматы – Астана бағытына бет алды.
Бұл пойыз бұрынғыдан өзгерек. Су жаңа жүрдек пойызға жайғасқан алғашқы жолаушылар бағасын беріп те үлгерді. Жаңа вагондардың жайлылығы мен ішкі көрінісі, ерекше дизайны жолаушылардың ойынан шықты. «Саяхатшы» вагонының жаңа түрінде арнайы жұмсақ орындықтар қойылған. Мұнда жолаушылар жайлы да жұмсақ орындарда отырып баратын болады. Ал бизнес-класс купе вагондарда қол жуғыш құрал мен шағын үстелше қойылған. Гранд-сыныптық вагондар да жолаушыларға қолайлы.
Сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған купелерде жылжымалы есіктер кең дәлізбен жалғасып, кіретін есіктің қос жағына да төсемелі көтермелер орнатылған. Және жаңа құрамда бар және мейрамхана вагондары да іргелесіп тіркелген.
Жалпы жаңа нұсқадағы «Тұлпар-Тальгоның» вагондарының көлденең тұсы 25 сантиметрге, биіктігі 22,4 сантиметрге ұлғайған. Санитарлық торап та 1,8 есеге үлкейтілген. Жатын орын да ұзартылып, дәліз де 10 сантиметрге кеңейтілген.
Осылайша жаңарған «Тұлпар-Тальго» жүрдек пойызы Алматы-2 – Астана бағыты бойынша 2016 жылдың 11 желтоқсанынан бастап жүрсе, Алматы-2 – Шымкент бағытына 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап қатынайтын болады.
«Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметінің ақпарынша, қазіргі таңда еліміздің облыс орталықтарына 12 жүрдек пойыз жүретін болса, 2020 жылға дейін 8 «Тұлпар-Тальго» жолаушылар пойызы жаңартылмақ.