«Тұлпар-Тальго» пойызы – жаңа келбетте 

Жаңалықтар
12.12.2016, 16:15
Елбасының қатысуымен өткен телекөпірде жаңа үлгідегі «Тұлпар-Тальго» жүрдек пойызы іске қосылды. Сынақ тәртібі негізінде  жүйткіген аталмыш пойыз Алматы – Астана бағытына бет алды. Бұл пойыз бұрынғыдан өзгерек. Су жаңа жүрдек пойызға жайғасқан алғашқы жолаушылар бағасын беріп те үлгерді. Жаңа вагондардың жайлылығы мен ішкі көрінісі, ерекше дизайны жолаушылардың ойынан шықты. «Саяхатшы» вагонының жаңа түрінде арнайы жұмсақ орындықтар қойылған. Мұнда жолаушылар жайлы да жұмсақ орындарда отырып баратын болады. Ал бизнес-класс купе вагондарда қол жуғыш құрал мен шағын үстелше қойылған. Гранд-сыныптық вагондар да жолаушыларға қолайлы.   Сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған купелерде жылжымалы есіктер кең дәлізбен жалғасып, кіретін есіктің қос жағына да төсемелі көтермелер орнатылған. Және жаңа құрамда бар және мейрамхана вагондары да іргелесіп  тіркелген. Жалпы жаңа нұсқадағы «Тұлпар-Тальгоның» вагондарының көлденең тұсы 25 сантиметрге, биіктігі 22,4 сантиметрге ұлғайған. Санитарлық торап та 1,8 есеге үлкейтілген.  Жатын орын да ұзартылып, дәліз де 10 сантиметрге кеңейтілген.         Осылайша жаңарған «Тұлпар-Тальго» жүрдек пойызы Алматы-2 – Астана бағыты бойынша 2016 жылдың 11 желтоқсанынан бастап жүрсе, Алматы-2 – Шымкент  бағытына 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап қатынайтын болады. «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметінің ақпарынша, қазіргі таңда еліміздің облыс орталықтарына 12 жүрдек пойыз жүретін болса, 2020 жылға дейін 8 «Тұлпар-Тальго» жолаушылар пойызы жаңартылмақ.  

 Жансая ШЫҢҒЫСХАНҚЫЗЫ

Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?