Ең үздік жолсеріктер

Новости
15.12.2016, 11:27
«Жолаушылар тасымалы» АҚ ел тәуелсіздігі мерекесіне орай  «Үздік жолсерік» және «Үздік пойыз бригадасы» номинациялары бойынша  кәсіби байқау  өткізді. Қызметкерлерінің білім-біліктілігін таразы басына салған кәсіби байқауға «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның «Солтүстік», «Оңтүстік», «Батыс» филиалдары, «Қала маңы тасымалы» және «Экспресс» еншілес кәсіпорындарының ел өңірлерінде топ жарған үздік пойыз бригадалары  мен үздік жолсеріктері, барлығы 50 адам қатысып, үш турда бақ сынасты. Бірінші кезеңде үздік пойыз бригадалары өздерін сахнаға шығып таныстырса, ал  жолсеріктер өздері туралы қысқаметражды  бейнероликтермен баяндап жеткізді. Екінші кезеңде, байқауға қатысушылар кәсіби қызметтерімен байланысты техникалық, қызметтік нұсқау талаптарына сай қойылған сұрақтарға жауап берді. Бұл сайыста қатысушылардың кәсіби біліктілігімен қатар жолаушылармен жылы қарым-қатынас орната білуі, сөйлеу мәдениеті, оқыс жағдайларда сауатты әрекет етуі сияқты қырлары назарға алынды. Үшінші кезеңде, қатысушылардың сергектік, қырағылық, зейін сияқты қасиеттері сарапқа салынды. Бес мекеменің үкілеген үміттерін арқалап келген үміткерлер намысты қолдан бермеуге тырысып бақты. Десе де, жарыстың аты жарыс,  жаңылғандар мен сүрінгендер де, керісінше өз ісін бес саусқтай меңгерген майталмандар да болды. Қазылар алқасының шешімімен байқау жеңімпаздары ұзақ таңдалып барып Сонымен, «Үздік жолсерік» аталымы  бойынша жылдың ең үздік жолсерігі  болып «Солтүстік» аймақтық филиалының «Алматы – Павлодар» бағытындағы пойыз жолсерігі Азамат Смағұлов танылды. Жеңімпаз жігітке Қытайдың Хайнань аралына бір апталық демалысқа туристік жолдама табыс етілді. «Үздік пойыз бригадасы» номинациясы бойынша да «Солтүстік» аймақтық филиалының намысын қорғаған бригада топ жарып, «Жолаушылар тасымалы» АҚ президентінің Кубогын иеленді. Сонымен қатар, бригада мүшелерінің әрқайсысына бағалы сыйлықтар берілді. «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның даму жөніндегі вице-президенті Асылхан Қалдыкөзов, биыл үшінші рет өткізіліп отырған бұл байқаудың мақсаты, Қоғам қызметкерлері арасында корпоративтік рухты көтеріп, олардың кәсіби біліктіліктерін нығайту, дамыту, қызметтеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру екенін айтады. Ал жеңімпаз жолсерік Азамат Смағұлов бұл байқаудың әсіресе, жастар үшін маңызды зор екенін жеткізді. –Менің жолсерік болып қызмет етіп келе жатқаныма алдағы жылы он жыл толады. Әрине, біз күнделікті техникалық сабақтарда білімдерімізді жетілдіріп отырамыз. Десе де, осы байқауға қатысу үшін қосымша көп дайындалып, жан-жақты ізденуіме тура келді. Маған үміт артқан әріптестерімнің, ұжымымның сенімін ақтасам дедім. Жолым болды. Әйтпесе, бүгінгі байқауға қатысушылардың бәрі де осал емес, өз ісінің білгірлері. Байқауға келсек, мұндай шаралар жолсеріктерді, әсіресе, жастарды ерекше қанаттандырады, өз кәсібін жетік білуге, меңгеруге ынталандырады. Сондықтан бұл байқау жалғасын тауып жатса, нұр үстіне нұр болары анық, – дейді Азамат.

Сұлугүл БАКЕСОВА

Социум
17.09.2026
Общежитие для железнодорожников обновили на станции Достык
Новости
17.09.2026
Локомотивное хозяйство КТЖ готовится к работе в зимний период
Новости
17.09.2026
Железнодорожники прошли семинар по профилактике коррупции в Алматы
Спорт
17.09.2026
Семьи железнодорожников приняли участие в спортивном празднике ко Дню семьи
Регионы
17.09.2026
Волонтёры КТЖ оказали помощь в проведении инклюзивного велопробега в Караганде
Регионы
17.09.2026
КТЖ организовало летний отдых для 175 детей павлодарских железнодорожников
Новости
16.09.2026
Перевозки грузов через станцию Алтынколь выросли на 3%
Инфраструктура
16.09.2026
ТОО «Теміржол жөндеу» капитально отремонтировало около 230 километров пути
Регионы
16.09.2026
Уральские железнодорожники и полицейские провели беседу со студентами колледжа
Новости
16.09.2026
Начальники топливных складов прошли трехдневное корпоративное обучение в Караганде
Цифра недели / Грузовые перевозки
16.09.2026
Более 212,7 млн тонн грузов перевезено по сети КТЖ
Новости
15.09.2026
Железнодорожники и ДЧС потушили пожар на участке Караганда – Акадыр
Новости
15.09.2026
В КТЖ определили лучших экспертов-экологов
Новости
15.09.2026
Корпоративная олимпиада среди специалистов по безопасности и охране труда прошла в КТЖ
Новости
15.09.2026
Касым-Жомарт Токаев предложил создать казахско-корейское СП для транзита грузов
Пассажирские перевозки
15.09.2026
Правила безопасного проезда в поездах напомнили родителям и подросткам в КТЖ
Регионы
15.09.2026
Алматинское эксплуатационное локомотивное депо перевыполнило план перевозок в августе
Новости
15.09.2026
Глобальный транзит: ключевые итоги заседания ТМТМ в Болгарии
Новости
15.09.2026
Нурлыбек Налибаев ознакомился с реконструкцией ж/д вокзала Мангистау
Новости
15.09.2026
Нурлыбек Налибаев ознакомился с работой портовой инфраструктуры Мангистауской области