Ең үздік жолсеріктер
Жаңалықтар
15.12.2016, 11:27
«Жолаушылар тасымалы» АҚ ел тәуелсіздігі мерекесіне орай «Үздік жолсерік» және «Үздік пойыз бригадасы» номинациялары бойынша кәсіби байқау өткізді.
Қызметкерлерінің білім-біліктілігін таразы басына салған кәсіби байқауға «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның «Солтүстік», «Оңтүстік», «Батыс» филиалдары, «Қала маңы тасымалы» және «Экспресс» еншілес кәсіпорындарының ел өңірлерінде топ жарған үздік пойыз бригадалары мен үздік жолсеріктері, барлығы 50 адам қатысып, үш турда бақ сынасты. Бірінші кезеңде үздік пойыз бригадалары өздерін сахнаға шығып таныстырса, ал жолсеріктер өздері туралы қысқаметражды бейнероликтермен баяндап жеткізді.
Екінші кезеңде, байқауға қатысушылар кәсіби қызметтерімен байланысты техникалық, қызметтік нұсқау талаптарына сай қойылған сұрақтарға жауап берді. Бұл сайыста қатысушылардың кәсіби біліктілігімен қатар жолаушылармен жылы қарым-қатынас орната білуі, сөйлеу мәдениеті, оқыс жағдайларда сауатты әрекет етуі сияқты қырлары назарға алынды.
Үшінші кезеңде, қатысушылардың сергектік, қырағылық, зейін сияқты қасиеттері сарапқа салынды.
Бес мекеменің үкілеген үміттерін арқалап келген үміткерлер намысты қолдан бермеуге тырысып бақты. Десе де, жарыстың аты жарыс, жаңылғандар мен сүрінгендер де, керісінше өз ісін бес саусқтай меңгерген майталмандар да болды. Қазылар алқасының шешімімен байқау жеңімпаздары ұзақ таңдалып барып Сонымен, «Үздік жолсерік» аталымы бойынша жылдың ең үздік жолсерігі болып «Солтүстік» аймақтық филиалының «Алматы – Павлодар» бағытындағы пойыз жолсерігі Азамат Смағұлов танылды. Жеңімпаз жігітке Қытайдың Хайнань аралына бір апталық демалысқа туристік жолдама табыс етілді.
«Үздік пойыз бригадасы» номинациясы бойынша да «Солтүстік» аймақтық филиалының намысын қорғаған бригада топ жарып, «Жолаушылар тасымалы» АҚ президентінің Кубогын иеленді. Сонымен қатар, бригада мүшелерінің әрқайсысына бағалы сыйлықтар берілді.
«Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның даму жөніндегі вице-президенті Асылхан Қалдыкөзов, биыл үшінші рет өткізіліп отырған бұл байқаудың мақсаты, Қоғам қызметкерлері арасында корпоративтік рухты көтеріп, олардың кәсіби біліктіліктерін нығайту, дамыту, қызметтеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру екенін айтады. Ал жеңімпаз жолсерік Азамат Смағұлов бұл байқаудың әсіресе, жастар үшін маңызды зор екенін жеткізді.
–Менің жолсерік болып қызмет етіп келе жатқаныма алдағы жылы он жыл толады. Әрине, біз күнделікті техникалық сабақтарда білімдерімізді жетілдіріп отырамыз. Десе де, осы байқауға қатысу үшін қосымша көп дайындалып, жан-жақты ізденуіме тура келді. Маған үміт артқан әріптестерімнің, ұжымымның сенімін ақтасам дедім. Жолым болды. Әйтпесе, бүгінгі байқауға қатысушылардың бәрі де осал емес, өз ісінің білгірлері. Байқауға келсек, мұндай шаралар жолсеріктерді, әсіресе, жастарды ерекше қанаттандырады, өз кәсібін жетік білуге, меңгеруге ынталандырады. Сондықтан бұл байқау жалғасын тауып жатса, нұр үстіне нұр болары анық, – дейді Азамат.
Сұлугүл БАКЕСОВА
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?