Болат жолдың жаршысы

Новости
17.01.2017, 18:20
Көзі қарақты оқырманға Шынболат Қарамергеновтің есімі жақсы таныс. Саналы  ғұмырын  теміржолға арнаған ардагер күні бүгінге дейін  қолынан қаламын тастамай, болат жолдың тарихын жинастырып, өткені мен бүгінін теріп жазып, оның темірдей төзімді адамдарын, теміржолшылар өмірін насихаттап келеді. –Теміржол саласында инспекцияда қызметте жүргенімде жұмысты баспасөз арқылы көрсету керек болды. Содан жолға шыққан сайын, суретке түсіріп, мақала әзірлеп, темір жол газетіне шығарып отырдым. Осыдан қызығушылығым арта түсіп, барған жерде тарихи оқиғаларға үңіліп, кейіпкер іздеп хоббиыма айналды, деп күледі санаулы күндері жетпіс жасқа толғалы отырған ардагер. Әрі теміржолшы, әрі әріптес аға журналисті осы айтулы датасымен құттықтап, шаңырағына арнайы бас сұққан едік. Ақтөбенің Кірпішті ауданында тұратын ардагер көлікпен жеткен бізді жол жиегінде күтіп алып, әрі қарай үйіне дейін жаяу бардық. – Мен далада серуендегенді ұнатамын. Шаршасам, миым тынықсын деп көшеге шығып кетемін. Таза ауамен демалып, ойымды жинақтап, шаршағаным басылып, үйге ораламын. Жазда бақша егемін, гүл суарамын, ауланың жұмысымен айналысамын, немерелерімді балабақшаға апарамын, қысқасы бір тынбаймын, соның арқасында шүкір, анау-мынау қыңқыл-сыңқылды  елемеймін, –деген Шынболат аға шынында бақуатты күйде көрінеді. Шаңырағындағы ең сүйікті орыны – оның өз бөлмесі екен. Кәдімгі кеңсеге, жұмыс кабинетіне кіргендей әсерде болған біз таңданысымызды жасырмай, кітап пен папкалар тізілген  сөрелер мен стол үстіндегі компьютер мен принтер, көшірме жиынтығына қарап,  кәдімгі редакцияға келгендей сезіндік өзімізді. Қағаздан көп нәрсе жоқ, түрлі ескінің көзіне айналған сувенирлер, суреттер. Бос уақытын қария осы бөлмеде өткізеді екен. Жасының ұлғайғанына қарамай, осыдан 20 жыл бұрын компьютерді меңгеріп, бүгінде интернетпен жұмыс істейді, бірнеше маралы фотоаппараты да тұр әне. Мерейтой иесі сонау Шалқар станциясында өткен жастық шағын еске алады, сыныптастарымен әлі күнге байланыс орнатып,  тіпті, соңғы қоңырау күндері олармен кездесіп тұратын көрінеді. Арнайы кітапша шығарып,  онысын сыныптастарына тарту да етіпті. Кеңес дәуірінде теміржолшылардың гүрілдеп тұрған «Гудок» газетіне де мақала жариялап тұрған ақсақалдың  қорында әсіресе, теміржол саласына, теміржолшыларға қатысты мұрағат мол. Қырық жыл жинаған мәліметтерінің көптігі сол, өзінің «көзбен көріп, қолмен ұстап жазған» дүниелерімен қосып, бірнеше кітап та шығартыпты. Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына екі туындысы жарық көрді. Біріне Ақтөбе жүк тасымалы бөлімшесі, екіншісіне ғылыми-техникалық орталық қолдау жасапты. Айтпақшы, Шынболат ағаның әкесі Шынықұл Ақтөбе өңіріне белгілі жауынгер-журналист болған. Шалқар ауданында жергілікті басылымда басшылықта болған кісі сонау сұрапыл соғыс жылдары майдан даласынан мақала жазған.  – Таяуда теміржолшылар мұражайына біраз дүние өткіздім. Алдағы уақытта тағы біраз кітап-газеттерді апарып тапсырғым келеді.Тарихты тастауға қимаймын, сондықтан сенімді жерде сақтаулы тұрғанын қалаймын, – дейді ол. Еңбек жолын 1965 жылы қазан айында Ақтөбе вагон депосына қарасты Шалқар станциясындағы вагондарға техникалық қызмет көрсету  пунктінде  слесарь болып бастаған Шынболат Қарамергенов  Батыс Қазақстан темір жолының Ақтөбе теміржол бөлімшесінде кадрлар бөлімінің аға инженері қызметінен зейнетке шыққан. Бүгінде жолдасы екеуі немере тәрбиесімен айналысып жүрген ақсақалды газет ұжымы атынан мерейтойымен құттықтап, мықты денсаулық, ұзақ өмір тілейміз.

Асқар Ақтілеу, Ақтөбе

Социум
17.09.2026
Общежитие для железнодорожников обновили на станции Достык
Новости
17.09.2026
Локомотивное хозяйство КТЖ готовится к работе в зимний период
Новости
17.09.2026
Железнодорожники прошли семинар по профилактике коррупции в Алматы
Спорт
17.09.2026
Семьи железнодорожников приняли участие в спортивном празднике ко Дню семьи
Регионы
17.09.2026
Волонтёры КТЖ оказали помощь в проведении инклюзивного велопробега в Караганде
Регионы
17.09.2026
КТЖ организовало летний отдых для 175 детей павлодарских железнодорожников
Новости
16.09.2026
Перевозки грузов через станцию Алтынколь выросли на 3%
Инфраструктура
16.09.2026
ТОО «Теміржол жөндеу» капитально отремонтировало около 230 километров пути
Регионы
16.09.2026
Уральские железнодорожники и полицейские провели беседу со студентами колледжа
Новости
16.09.2026
Начальники топливных складов прошли трехдневное корпоративное обучение в Караганде
Цифра недели / Грузовые перевозки
16.09.2026
Более 212,7 млн тонн грузов перевезено по сети КТЖ
Новости
15.09.2026
Железнодорожники и ДЧС потушили пожар на участке Караганда – Акадыр
Новости
15.09.2026
В КТЖ определили лучших экспертов-экологов
Новости
15.09.2026
Корпоративная олимпиада среди специалистов по безопасности и охране труда прошла в КТЖ
Новости
15.09.2026
Касым-Жомарт Токаев предложил создать казахско-корейское СП для транзита грузов
Пассажирские перевозки
15.09.2026
Правила безопасного проезда в поездах напомнили родителям и подросткам в КТЖ
Регионы
15.09.2026
Алматинское эксплуатационное локомотивное депо перевыполнило план перевозок в августе
Новости
15.09.2026
Глобальный транзит: ключевые итоги заседания ТМТМ в Болгарии
Новости
15.09.2026
Нурлыбек Налибаев ознакомился с реконструкцией ж/д вокзала Мангистау
Новости
15.09.2026
Нурлыбек Налибаев ознакомился с работой портовой инфраструктуры Мангистауской области