Болат жолдың жаршысы
Жаңалықтар
17.01.2017, 18:20
Көзі қарақты оқырманға Шынболат Қарамергеновтің есімі жақсы таныс. Саналы ғұмырын теміржолға арнаған ардагер күні бүгінге дейін қолынан қаламын тастамай, болат жолдың тарихын жинастырып, өткені мен бүгінін теріп жазып, оның темірдей төзімді адамдарын, теміржолшылар өмірін насихаттап келеді.
–Теміржол саласында инспекцияда қызметте жүргенімде жұмысты баспасөз арқылы көрсету керек болды. Содан жолға шыққан сайын, суретке түсіріп, мақала әзірлеп, темір жол газетіне шығарып отырдым. Осыдан қызығушылығым арта түсіп, барған жерде тарихи оқиғаларға үңіліп, кейіпкер іздеп хоббиыма айналды, деп күледі санаулы күндері жетпіс жасқа толғалы отырған ардагер.
Әрі теміржолшы, әрі әріптес аға журналисті осы айтулы датасымен құттықтап, шаңырағына арнайы бас сұққан едік. Ақтөбенің Кірпішті ауданында тұратын ардагер көлікпен жеткен бізді жол жиегінде күтіп алып, әрі қарай үйіне дейін жаяу бардық.
– Мен далада серуендегенді ұнатамын. Шаршасам, миым тынықсын деп көшеге шығып кетемін. Таза ауамен демалып, ойымды жинақтап, шаршағаным басылып, үйге ораламын. Жазда бақша егемін, гүл суарамын, ауланың жұмысымен айналысамын, немерелерімді балабақшаға апарамын, қысқасы бір тынбаймын, соның арқасында шүкір, анау-мынау қыңқыл-сыңқылды елемеймін, –деген Шынболат аға шынында бақуатты күйде көрінеді.
Шаңырағындағы ең сүйікті орыны – оның өз бөлмесі екен. Кәдімгі кеңсеге, жұмыс кабинетіне кіргендей әсерде болған біз таңданысымызды жасырмай, кітап пен папкалар тізілген сөрелер мен стол үстіндегі компьютер мен принтер, көшірме жиынтығына қарап, кәдімгі редакцияға келгендей сезіндік өзімізді. Қағаздан көп нәрсе жоқ, түрлі ескінің көзіне айналған сувенирлер, суреттер. Бос уақытын қария осы бөлмеде өткізеді екен. Жасының ұлғайғанына қарамай, осыдан 20 жыл бұрын компьютерді меңгеріп, бүгінде интернетпен жұмыс істейді, бірнеше маралы фотоаппараты да тұр әне.
Мерейтой иесі сонау Шалқар станциясында өткен жастық шағын еске алады, сыныптастарымен әлі күнге байланыс орнатып, тіпті, соңғы қоңырау күндері олармен кездесіп тұратын көрінеді. Арнайы кітапша шығарып, онысын сыныптастарына тарту да етіпті.
Кеңес дәуірінде теміржолшылардың гүрілдеп тұрған «Гудок» газетіне де мақала жариялап тұрған ақсақалдың қорында әсіресе, теміржол саласына, теміржолшыларға қатысты мұрағат мол. Қырық жыл жинаған мәліметтерінің көптігі сол, өзінің «көзбен көріп, қолмен ұстап жазған» дүниелерімен қосып, бірнеше кітап та шығартыпты. Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына екі туындысы жарық көрді. Біріне Ақтөбе жүк тасымалы бөлімшесі, екіншісіне ғылыми-техникалық орталық қолдау жасапты.
Айтпақшы, Шынболат ағаның әкесі Шынықұл Ақтөбе өңіріне белгілі жауынгер-журналист болған. Шалқар ауданында жергілікті басылымда басшылықта болған кісі сонау сұрапыл соғыс жылдары майдан даласынан мақала жазған.
– Таяуда теміржолшылар мұражайына біраз дүние өткіздім. Алдағы уақытта тағы біраз кітап-газеттерді апарып тапсырғым келеді.Тарихты тастауға қимаймын, сондықтан сенімді жерде сақтаулы тұрғанын қалаймын, – дейді ол.
Еңбек жолын 1965 жылы қазан айында Ақтөбе вагон депосына қарасты Шалқар станциясындағы вагондарға техникалық қызмет көрсету пунктінде слесарь болып бастаған Шынболат Қарамергенов Батыс Қазақстан темір жолының Ақтөбе теміржол бөлімшесінде кадрлар бөлімінің аға инженері қызметінен зейнетке шыққан. Бүгінде жолдасы екеуі немере тәрбиесімен айналысып жүрген ақсақалды газет ұжымы атынан мерейтойымен құттықтап, мықты денсаулық, ұзақ өмір тілейміз.
Асқар Ақтілеу, Ақтөбе
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады