Арсен Байзақ, Шу
Теміржолшылар аллеясы жаңарды
1 мин чтения
Шу қаласы әу бастан теміржолшылардың қаласы деп аталады. Сондықтан, мұндағы тарихты қазсаңыз да, ауданның кешегісі мен бүгініне үңілсеңіз де, теміржолға қатысты мол деректерге кездесесіз.
Тоғыз жолдың торабындағы шулық теміржолшылар мұны зор мақтаныш етеді. Мұндағы вокзал ғимаратының өзі еліміздегі еш вокзалға ұқсамайтын келбетімен ерекшеленіп тұрады. Кезінде жергілікті әкімдіктің құзіретіне өткен вокзал кейінгі жылдары ұлттық компанияға өтіп, вокзал ғимараты бүгінде жаңа күйге енген. Алаңда Т.Рысқұлов ескерткіші, Теміржолшылар аллеясы бар. Биыл аудан әкімдігі Шу вокзалының алаңын, Т.Рысқұлов ескерткішінің маңын және Теміржолшылар аллеясын абаттандырып, болат жол қызметкерлеріне сый жасады. Шу ауданына іссапармен келген облыс әкімі Кәрім Көкрекбаевтың өзі де теміржолшылар әулетінің өкілі. Құрметті теміржолшы. Облыс әкімі аудандағы ардагер теміржолшылармен, зиялы қауым өкілдерімен кездесіп, Т.Рысқұлов ескерткішіне гүл қойып, аудан әкімдігі мен оларға көмектескен теміржолшыларға алғысын білдірді.
Жамбыл бөлімшесі директорының Шу аймағы бойынша орынбасары, Шу аудандық мәслихатының депутаты Серік Каликовтың айтуынша теміржолшылар тарихи деректер тауып беруге және абаттандыру шаралары кезінде техника мен адам күшінен көмек көрсетіпті.