Теміржолшылар аллеясы жаңарды

Аймақтар
25.10.2016, 16:18
Шу қаласы әу бастан теміржолшылардың қаласы деп аталады. Сондықтан, мұндағы тарихты қазсаңыз да, ауданның кешегісі мен бүгініне үңілсеңіз де, теміржолға қатысты мол деректерге кездесесіз. Тоғыз жолдың торабындағы шулық теміржолшылар мұны зор мақтаныш етеді. Мұндағы вокзал ғимаратының өзі еліміздегі еш вокзалға ұқсамайтын келбетімен ерекшеленіп тұрады. Кезінде жергілікті әкімдіктің құзіретіне өткен вокзал кейінгі жылдары ұлттық компанияға өтіп, вокзал ғимараты бүгінде жаңа күйге енген. Алаңда Т.Рысқұлов ескерткіші, Теміржолшылар аллеясы бар. Биыл аудан әкімдігі Шу вокзалының алаңын, Т.Рысқұлов ескерткішінің маңын және Теміржолшылар аллеясын абаттандырып, болат жол қызметкерлеріне сый жасады. Шу ауданына іссапармен келген облыс әкімі Кәрім Көкрекбаевтың өзі де теміржолшылар әулетінің өкілі. Құрметті теміржолшы. Облыс әкімі аудандағы ардагер теміржолшылармен, зиялы қауым өкілдерімен кездесіп, Т.Рысқұлов ескерткішіне гүл қойып, аудан әкімдігі мен оларға көмектескен теміржолшыларға алғысын білдірді. Жамбыл бөлімшесі директорының Шу аймағы бойынша орынбасары, Шу аудандық мәслихатының депутаты Серік Каликовтың айтуынша теміржолшылар тарихи деректер тауып беруге және абаттандыру шаралары кезінде техника мен адам күшінен көмек көрсетіпті.

Арсен Байзақ, Шу

Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл