Жол бойындағы «жедел жәрдем»

Регионы
18.11.2016, 12:54
2 мин чтения
Сыр өңіріндегі Қызылорда және Қазалы қалпына келтіру пойыздарының  құрылғанына қараша айында 80 жыл толып отыр. Қызылорда магистральдық желі бөлімшесінің құрамдас бөлімі ретінде жұмыс жасайтын қос ұжым айтулы датаны атап өтті. 1936 жылы Жол қатынастары халық комиссары (НКПС) Л. Кагановичтің қараша айындағы №168Ц бұйрығымен іргесі қаланған қалпына келтірушілер сол заманнан бері жылжымалы құрамдар апатқа ұшыраса  оқиға орнына жедел жетіп, апаттың зардабын тез қалпына келтіріп, құрамдардың жолын онан әрі жалғастыруына жағдай жасайтыны, оны темір жолдың «жедел жәрдеміне» теңестіреді.  Алғаш құрылғаннан бері түрлі құрылымдық өзгерістерден өткен қалпына келтірушілер қазіргі таңда Қызылорда магистральдық желі бөлімшесіне құрамдас мекеменің бірі. Темір жол бойында жұмыс жасайтын әр мекеменің болуы ықтимал кедергілерінің белгілі бір дәрежеде, алдын-ала түзілген сызбалары жеткілікті. Мәселен байланысшыларда желінің үзілуі, электрмен жабдықтаушыларда бағананың құлауы, сымның үзілуі секілді сызба-суреттемелер болуы мүмкін және олардағы кедергілер біріне-бірі ұқсас келеді, алайда қалпына келтірушілерде ондай сызбаның болуы некен-саяқ. Сондықтан біздер қандай жағдайға болса да дайын отыруымыз керек. Яғни қандай қиындық орын алса да біздер оны белгілі уақыт ішінде қалпына келітіруге міндеттіміз. Ол үшін біздердің қажетті құрал-жабдықтарымыз жеткілікті. 125 тонналық ЕДК-1000/2, 60 тонналық ЕДК 300 жүк көтергіш крандар, БТТ тартқышы, гидравликалық ХЕШ жинағы, Т330, Т3501ЯБЛ алып тракторлары, ең бастысы өзіміздің жеке ғимаратымыз бар, – деді мекеме тарихына шолу жасаған  Қызылорда қалпына келтіру пойызының бастығы Марат Оспанов.  Қызылорда магистральдық желі бөлімшесі директоры Ибраким Басықараев бар ғұмырын осы мекемеге арнаған Владимир Цой, Тамара Зайцова,  Виктор Яснев секілді ардагерлерге бағалы сыйлық тарту етіп, еңбек озаттарына мақтау грамотасын табыстады. Ал Қазалы қалпына келтіру пойызының мерекесіне бас инженер Ербол Оңғарбаев ортақтасып, ұжымның қуанышымен бөлісті. Онда да төрт зейнеткерге арнайы сый-сияпат жасалып,  еңбек озаттарына Қызылорда магистральдық желі бөлімшесі директорының құрмет грамотасы табыс етілді. Жиын соңында ұжымның 80 жылдық мерейтойына арналып әзірленген қабырға суреті бедері мен пойыз маңында естелік суретке түсу рәсімі өтті.

Сабырхан СЕЙІЛБЕКҰЛЫ, Қызылорда

Новости
16.10.2026
Заседание Координационного транспортного совещания государств – участников СНГ прошло в Астане
Новости
16.10.2026
Казахстан и Чехия договорились о развитии сотрудничества в транспортной сфере
Регионы
16.10.2026
Акмолинское отделение магистральной сети готовится к зиме
Новости
16.10.2026
Путейцы Кульсары признаны лучшими по итогам 2025 года
Новости
16.10.2026
ҚТЖ представило свои возможности на выставке TransLogistica Kazakhstan в Астане
Новости
16.10.2026
ҚТЖ провело серию переговоров о развитии ТМТМ и увеличении грузопотоков
КТЖ в лицах
16.10.2026
Ирину Харьковскую проводили на пенсию в Дирекции интегрированного планирования
Новости / Архив
16.10.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №82 от 16 октября 2026 года
Новости
15.10.2026
Совет руководителей транспортных ведомств ЕАЭС обсудил развитие перевозок и цифровизацию
Новости
15.10.2026
Развитие Среднего коридора рассмотрели на форуме NEW SILK WAY
Новости
15.10.2026
Министры транспорта обсудили цифровизацию перевозок на форуме NEW SILK WAY
Регионы
15.10.2026
Железнодорожный вокзал Карауылкелды открыт после реконструкции
Новости
15.10.2026
Профсоюз и совет ветеранов поздравили пенсионеров-железнодорожников Кокшетау
Спорт
15.10.2026
Финальный этап Кубка ЖФЛ «Казпрофжел-2026» прошел на станции Курорт-Боровое
КТЖ в лицах
15.10.2026
Квизы, спорт и искусственный интеллект: как Дархан Рамазанов развивает профсоюзную работу в Кумистау
Пассажирские перевозки
14.10.2026
Более 4 тысяч видеокамер установили в поездах КТЖ
Грузовые перевозки
14.10.2026
КТЖ увеличило перевозки зерна в страны Центральной Азии на 33%
Новости
14.10.2026
Международная выставка TransLogistica Kazakhstan 2026 стартовала в Астане
Регионы
14.10.2026
Железнодорожники провели профилактические рейды на станции Жетысу
Регионы
14.10.2026
Илецкие железнодорожники провели уроки безопасности для школьников Акбулака