Жол бойындағы «жедел жәрдем»
Аймақтар
18.11.2016, 12:54
Сыр өңіріндегі Қызылорда және Қазалы қалпына келтіру пойыздарының құрылғанына қараша айында 80 жыл толып отыр. Қызылорда магистральдық желі бөлімшесінің құрамдас бөлімі ретінде жұмыс жасайтын қос ұжым айтулы датаны атап өтті.
1936 жылы Жол қатынастары халық комиссары (НКПС) Л. Кагановичтің қараша айындағы №168Ц бұйрығымен іргесі қаланған қалпына келтірушілер сол заманнан бері жылжымалы құрамдар апатқа ұшыраса оқиға орнына жедел жетіп, апаттың зардабын тез қалпына келтіріп, құрамдардың жолын онан әрі жалғастыруына жағдай жасайтыны, оны темір жолдың «жедел жәрдеміне» теңестіреді. Алғаш құрылғаннан бері түрлі құрылымдық өзгерістерден өткен қалпына келтірушілер қазіргі таңда Қызылорда магистральдық желі бөлімшесіне құрамдас мекеменің бірі.
Темір жол бойында жұмыс жасайтын әр мекеменің болуы ықтимал кедергілерінің белгілі бір дәрежеде, алдын-ала түзілген сызбалары жеткілікті. Мәселен байланысшыларда желінің үзілуі, электрмен жабдықтаушыларда бағананың құлауы, сымның үзілуі секілді сызба-суреттемелер болуы мүмкін және олардағы кедергілер біріне-бірі ұқсас келеді, алайда қалпына келтірушілерде ондай сызбаның болуы некен-саяқ. Сондықтан біздер қандай жағдайға болса да дайын отыруымыз керек. Яғни қандай қиындық орын алса да біздер оны белгілі уақыт ішінде қалпына келітіруге міндеттіміз. Ол үшін біздердің қажетті құрал-жабдықтарымыз жеткілікті. 125 тонналық ЕДК-1000/2, 60 тонналық ЕДК 300 жүк көтергіш крандар, БТТ тартқышы, гидравликалық ХЕШ жинағы, Т330, Т3501ЯБЛ алып тракторлары, ең бастысы өзіміздің жеке ғимаратымыз бар, – деді мекеме тарихына шолу жасаған Қызылорда қалпына келтіру пойызының бастығы Марат Оспанов.
Қызылорда магистральдық желі бөлімшесі директоры Ибраким Басықараев бар ғұмырын осы мекемеге арнаған Владимир Цой, Тамара Зайцова, Виктор Яснев секілді ардагерлерге бағалы сыйлық тарту етіп, еңбек озаттарына мақтау грамотасын табыстады.
Ал Қазалы қалпына келтіру пойызының мерекесіне бас инженер Ербол Оңғарбаев ортақтасып, ұжымның қуанышымен бөлісті. Онда да төрт зейнеткерге арнайы сый-сияпат жасалып, еңбек озаттарына Қызылорда магистральдық желі бөлімшесі директорының құрмет грамотасы табыс етілді.
Жиын соңында ұжымның 80 жылдық мерейтойына арналып әзірленген қабырға суреті бедері мен пойыз маңында естелік суретке түсу рәсімі өтті.
Сабырхан СЕЙІЛБЕКҰЛЫ, Қызылорда
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады