Көне шаһар қақпасы қайта түледі 

Регионы
22.11.2016, 17:31
2 мин чтения
 «Ер түріктің бесігі» деп танылатын көне Түркістан қаласының бас қақпасы – теміржол вокзалы да ғасырдан асқан жасы бар тарихи нысан. Соңғы он бес жылдықтан бірінші рет күрделі жөндеуден өткен ғимарат бүгінде қайта түлеген. Түркістан вокзалына 2000 жылдан кейін күрделі жөндеу 2014 жылдың қазанында басталып, 2015 жылдың соңында аяқталды. Шаһар қақпасының сырты және ішкі келбеті едәуір жаңаруымен қатар  жолаушыларға лайықты жағдай жасалыпты.   Көзге алғаш түскені күту залы болды. Орындықтар тұтас жаңаланып, әрі қатары көбейген. Сондай-ақ, вокзал қалалық орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылып, вокзал қызметкерлері мен  жолаушылар бұрынғыдай суықтан қалтырып, өт жағып әуре сарсаңға түспейді.  Вокзал бастығы Айдарханов Байдәулетовтің айтуынша, ғимаратқа жөндеуді алматылық «Юг Бизнес Строй» құрылыс компаниясы  жүргізген. Перрондары жаңаланып, сыртқы алаңына асфальт төселген. Оған қоса Ана мен бала бөлмесі ашылып, мүгедек жандарға қажетті қоларба алынған.    Жолаушылар үшін бұл вокзалдың маңызы жоғары. Түркістанмен қатар Кентау қаласының, екі ауданның халқы осы жерден сапарға шығады. Оған студенттерді, туристерді қосқанда, осы жылдың он айында, мысалы 90 831 жолаушы қатынаған.  Вокзалдың ішінде екі, сыртта жекеменшік төрт, Кентауда тағы екі касса жұмыс істейді. Сонда тәулігіне орта есеппен 500-600 жолаушы келіп-кетеді. Жылына екі-үш рет 6-8 вагон туристер пойызы тоқтап, 4-5 сағат аялдап, әрі қарай Ташкент, Самарқанд, Ашхабадқа саяхатқа аттанады екен.     Көне шаһардағы ІІ дәрежелі вокзал ғимараты мемлекеттің қарауында. Ал, әкімшілік құрылымы жаңа жылдан бастап  Шымкент магистральдық желі бөлімшесінің құрамына өтпек.

Динар МЕЙІРМАН, Шымкент

Регионы
07.10.2026
Сервис вышел на новый уровень: как преобразился вокзал станции Оскемен-1
Новости
07.10.2026
КТЖ провело ярмарку вакансий для студентов ALT Университета
Регионы
07.10.2026
День пожилых людей отметили карагандинские железнодорожники
Новости
07.10.2026
Более 400 школьников прошли уроки безопасности на железной дороге в Астане
Регионы
06.10.2026
Память почетного железнодорожника Ерика Жидилова увековечили в Павлодаре
Новости
06.10.2026
Железнодорожники проводят месячник профилактики для школьников
Инфраструктура
06.10.2026
Более 1056 км ж/д путей отремонтировано в Казахстане
Новости
06.10.2026
Еще 18 локомотивов пополнили парк КТЖ
Новости
06.10.2026
Вокзал Алматы-1 готовят к открытию
Новости
06.10.2026
Сауранбаев: Цифровизация сократила ожидание грузов на границе в 10 раз
Новости
06.10.2026
KTZ Express и Maersk представили совместные решения для экспорта казахстанской продукции
Новости
06.10.2026
ҚТЖ представило ИТ-стратегию до 2030 года на форуме Digital Bridge
Новости / Архив
06.10.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №79 от 06 октября 2026 года
Новости
05.10.2026
О ходе дноуглубительных работ в порту Актау рассказали в Минтрансе
Регионы
05.10.2026
Реконструкция вокзала станции Аксу-2 завершена в Павлодарской области
Регионы
05.10.2026
Уральские железнодорожники отметили День пожилого человека
КТЖ в лицах
05.10.2026
Династия Шакеновых: 522 года на железной дороге Казахстана
Новости
02.10.2026
Студенты представили цифровые решения для КТЖ на хакатоне «KTZ – ALT INNOVATION»
Регионы
02.10.2026
Пожарный поезд привлекли для тушения условного пожара на станции Тобол
Регионы
02.10.2026
«Богатырь Көмір» и «Қазтеміртранс» готовятся к увеличению перевозок угля в Павлодарской области